АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • "Саяси тұтқын" Әсет Әбішев бостандыққа шықты

“Саяси тұтқын” Әсет Әбішев бостандыққа шықты

30.07.2021

Шілденің 30-ы күні Алматы облысы Заречный кентіндегі ЛА-155/14 түзету мекемесінен саяси тұтқын Әсет Әбішев бостандыққа шықты. Оның журналистер мен бір топ жақтасы күтіп алған.

Әсет Әбішев түрмеден шыға салып, режиссер Болат Атабаевтың жаназасына үлгеру үшін асығыс көлікке мініп кетті. Ол түрме алдында қысқа ғана сөз сөйлеп, жиналғандарға алғыс білдіріп, олардың қолдауы қамауда өзіне демеу болғанын айтты.

«Сіздердің жиналғандарыңыз өте маңызды. Бұндай ұйымшылдық қатты көмектеседі. Мен бұны өз басымнен өткердім. Адамдардың бірігіп, бір нәрсе жасағаны демеу болады. Әсіресе мынандай жерде қатты көмектеседі. Бүгін осы жерде тұруым сіздердің еңбектеріңіз. Бұл қатты ықпал етеді және олар азаматтық қоғамнан қатты қорқады», – деді Әбішев.

Осыдан екі апта бұрын Алматы облысы Қапшағай қаласының соты Әсет Әбішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Оны қолдайтын топ кеше түрме алдына жиналған. Бірақ түрме әкімшілігі Әбішевтің 30 тамызда шығатынын айтқа.

Әсет Әбішев 2018 жылы «тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты», «қылмыстық ұйымды қаржыландырды» деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Құқық қорғаушылар оны «саяси тұтқын» деп таныған.