• Басты
  • >
  • Белсенді Біләловті полиция ұстады

Белсенді Біләловті полиция ұстады

25.11.2020

25 қараша таңертең Нұр-Сұлтанда парламент ғимаратына барып, ашық хат тапсырмақ болған ата-аналарды қолдаған белсенді Болатбек Біләловті полиция үйінен ұстап әкетті. Бұл ақпаратты оның әйелі Ақмарал Біләлова хабарлады.

Оның сөзіне қарағанда, күйеуі таңертеңгі сағат 9:15 шамасында хабарласып, өзін анасының үйінен алып кеткенін хабарлап үлгерген. Кейінірек белсендінің телефоны өшіп қалған.

Ақмарал Біләлованың айтуынша, сәрсенбі күні таңертең мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған 50 шақты ата-ана парламент ғимаратының алдына жиналып, депутаттарға ашық хат тапсырмақ болған. Ашық хатта олар баспана мәселесіне шағымданып, өздерін тегін баспанамен қамтамасыз етуді өтінген.

Оның айтуынша, Болатбек Біләловтың ұсталғанына қарамастан ата-аналар парламентке баруды жоспарлап отыр.


Сондай-ақ қараңыз