• Басты
  • >
  • Белсенді Әсия Төлесова қамауға алынды

Белсенді Әсия Төлесова қамауға алынды

09.06.2020

Белсенді Әсия Төлесова уақытша тергеу изоляторына қамалды. Бұл жөнінде оның анасы Жанар Жандосова «Facebook» парақшасында жазды.

Ішкі істер министрлігіне қарасты polisia.kz сайты Төлесованың қамалғанын растап, оның үстінен Қылмыстық кодекстің “Билік өкілін қорлау” және “Билік өкiлiнің қызметтік міндеттерін орындағаны үшін одан кек алу мақсатында өмiрiне не денсаулығына қауiпті емес күш қолдану” бабы (378, 380) бойынша іс қозғалғанын хабарлады.

Бұл баптар бойынша, ең ауыр жаза – 3000 АЕК (8,1 млн теңге) айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына я 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту не 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Әсия Төлесованың жанында тұрған полиция қызметкерін ұрғаны бейнеленген видео тараған. Бұл оқиға 6-шы маусым күні Алматы қаласында болған билікке қарсы митинг кезінде болған.

Әсия Төлесова былтыр президент сайлауы қарсаңында Алматы қаласында «Шындықтан қашып құтылмайсың. Әділ сайлау үшін» деген плакат алып шыққаны үшін 15 тәулікке қамалған. Белсенді бұған дейін де бірнеше рет қарсылық шараларына қатысып, бір адамдық пикеттер өткізген.


Сондай-ақ қараңыз