АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Алмат Жұмағұловтың үстінен тағы бір іс қозғалды

Алмат Жұмағұловтың үстінен тағы бір іс қозғалды

04.08.2021

Саяси тұтқын Алмат Жұмағұловтың үстінен тағы бір қылмыстық іс қозғалды.

Алмат Жұмағұлов сөзінше, оны түнгі сағат 23:30-да штабқа апарып, прокурордың қатысуынсыз Айжан есімді тергеуші үстінен қылмыстық іс қозғағанын айтқан.

«Кеше түнде 23:00-де мойор Жандос пен ұлттық ұланның екі қызметкері ұйықтап жатқан жерімен оятып, прокурор мен тергеуші келіп тұр деп, штабқа алып кетті. Себебін сұрағанда өздері түсіндіріп айтады деді. Штабқа барғанымда бөлмеде прокурор болмады, тек Айжан есімді тергеуші мен жедел бөлім қызметкері болды. Не болып қалды деп сұрап едім, менің үстімен ҚРҚК 102 бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып жатқанын айтты», – дейді Жұмағұлов хатында.

Жұмағұлов өзіне тағылған айыппен келіспейді. Ол бұның барлығын түрме әкімшілігі арнайы органдардың тапсырмасы бойынша жасалып жатқанын айтады. Оның айтуынша, осы арқылы сот алдында оған арандату жасалып жатыр.

«Бұл оқиғаның барлығы менің сотымның алдындағы арандатушылық іс-әрекеттер. Себебі менде бар 5 марапат пен 3 дәрежедегі оң мінез-құлықты жойып, СУС-қа қамау. Соттан өткізбеудің амалы», – дейді Жұмағұлов.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау Қазақстан халықаралық бюросы аталмыш оқиғаға байланысты тиісті органдарға сұрау салып, түрмеге адвокат жіберді.