АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Саяси белсенділерге қысым арта түсті

Саяси белсенділерге қысым арта түсті

14.04.2021

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы (АҚҚХБ) Қазақстандағы бейбіт жиналыстар құқығына байланысты жағдайға мониторинг жүргізеді. Ұйымның аталған құқық бойынша соңғы ақпараттық анықтамасына сай, саяси белсенді азаматтарды қудалауда жағдай нашарлай түскен.

Мониторинг нәтижелері айрықша белсенді азаматтарға қатысты алдын алу жазалау шараларын қолдану тәжірибесі артқанын көрсетеді.

Бейбіт жиналыстар қарсаңында құқық қорғау органдары бейбіт жиналыстардың мүмкін деген қатысушыларын, соның ішінде бейбіт жиналыстарға дайындалғаны үшін (әлеуметтік желілердегі талқылаулар) алдын ала ұстап алады, олардан жауап алу үшін жедел түрде полиция бөлімшелеріне алып келеді, белсенділерді өз үйлерінде қамауда ұстайды, бейбіт жиналыстарды өткізу орындарын қоршауға алады.

Әкімшілік жауапқа тарту тәжірибесі де кең етек алған, әдетте, әкімшілік жаза ретінде белсенділерге әрдайым дерлік әкімшілік тұтқынға алу яғни қоғамнан оқшаулау белгіленеді. Әкімішілік тұтқынға алу мерзімі нақты бір белсенді азаматты жоспарланған бейбіт жиналысқа қатысуынан оқшаулау үшін қажетті дәл сол күнге есептеледі. 

Берілген қорытынды кейбір әкімшілік істерге жасалған жылдам мониторинг нәтижелеріне негізделген, ол істер бойынша АҚҚХБ адвокаттық көмек көрсетілуін және қолданыстағы заңнама ережелерін қолдану тұрғысынан құқықтық талдауды жүзеге асырып келді. Осы әкімшілік істер Қазақстанда 2021 жылдың алғашқы айларында орын алған айтарлықтай ірі бейбіт жиналыстармен байланысты болды.

Алдын алу тұтқындаулар мен әкімішілік қамауға алуды іске асыру тәжірибесін көрсету үшін төменде бірқатар осындай істер берілген. Осы істер бойынша АҚҚХБ мониторинг жүргізді, алайда мұндай жағдайлар саны осы талдауда көрсетілгенге қарағанда анағұрлым көп. Бюро есебімен осы жерде толық таныса аласыз (ақпарат парағын қараңыз).