АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстандық журналист БҰҰ-да жеңіске жетті

Қазақстандық журналист БҰҰ-да жеңіске жетті

26.03.2021

Қазақстандық адам құқықтарын қорғау бюросының журналисі Дмитрий Тихонов Exclusive.kz-ке «БҰҰ-ның Адам құқықтарын қорғау комитеті Қазақстанның оның сөз бостандығы мен бейбіт жиындар бостандығы құқығын бұзғанын мойындағанын» айтты.

«2014 жылы мен журналист ретінде теңгенің құнсыздануына қарсы шеруден ақпарат таратқанмын. Сол уақытта сот маған 5 АЕК айыппұл салған. Біз құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина екеуміз апелляциялық сотта жеңіліп қалдық. Содан БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне шағымдандық. Бүгін, арада жеті жыл өткенде БҰҰ Қазақстанның Саяси және азаматтық бостандық туралы халықралық пактінің 19 және 21 баптары бойынша менің құқығымды бұзғанын мойындады. Адам құқықтары комитеті Қазақстанға маған компенсация төлеуді, төленген айыппұлды қайтарып беруді және бұдан былау бұндай жағдайды қайталамауға кеңес берді», – дейді Тихонов.

Бұдан бөлек, журналист БҰҰ-ға шағымдануға көмектескен құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға алғысын айтты.

Тихонов БҰҰ-дағы жеңісіне қуануға әлі ерте дейді. Себебі Қазақстан Адам құқықтары комитетінің шешімін орындауға асығар емес.

«Ар. Рух. Хақ» қоғамдық қорының президенті Бақытжан Төреғожина Дмитрий Тихонов БҰҰ-да жеңіп шыққан алғашқы қазақстандық журналист екенін айтады.

«Тихонов ісінің ерекшелігі сол, ол бейбіт жиынға журналист ретінде қатысқан. Ол онда шеруге қатысушы ретінде барған жоқ, ол жұмысқа барды», – дейді Төреғожина.

БҰҰ-ның үш комитетінде (адам құқықтары, азаптауға қарсылық және әйелдерді кемсіту) Қазақстанның адам құқығын бұзғандығы мойындалған 33 кейс болған. Бірақ оның екеуі ғана ішінара орындалған. Бүгін оған 34 кейс қосылды.