АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Қазақстан интернеті еркін емес ел

Қазақстан интернеті еркін емес ел

14.10.2020

Freedom House” халықаралық құқық қорғау ұйымы «Ғаламтордағы еркіндік» есебін жариялады. Қазақстан биыл да «интернеті еркін емес елдер» қатарында қалды.

«Freedom House» ұйымы 65 елге мониторинг жасап, интернет еркіндігін «ғаламтор қолдану кезіндегі кедергі», «контенттерді шектеу», «қолданушылар құқығын бұзу»критерийлері бойынша бағалаған. Қазақстан 100 баллдың ішінде 32 балл жинап, «интернеті еркін емес ел» деп танылған.

“Freedom House” есеп жүргізіп келе жатқан 2011 жылдан бері Қазақстан бірде-бір рет “интернеті еркін ел” деп аталған емес. 2014 жылға дейін Қазақстан “интернеті жартылай еркін ел” деп саналып келген. Ал 2015 жылы Қазақстанның көрсеткіші нашарлап, “интернеті еркін емес елдер” қатарына қосылған. Содан бері Қазақстан бұл тізімнен шыққан жоқ.