АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • Кенжебек Әбішев бостандыққа шықпады

Кенжебек Әбішев бостандыққа шықпады

18.02.2021

Еуропарламент саяси тұтқын деп таныған Кенжебек Әбішев бостандыққа шығарылмады.

Ақпанның 1-і күні Қапшағай қалалық соты Кенжебек Әбішевті «мерзімінен бұрын босатуға болады» деп шешім шығарса да, ол түрмеден босамады. Оған 12 ақпанда Алматы облысының прокуратурасы түсірген қарсылық себеп болды. Прокуратура Әбішевтің «қылмысы ауыр екенін» және «түрмедегі тәртібі оның мерзімінен бұрын шығуына кепіл бола алмайды» деген.

Кенжебек Әбішевтың адвокаты Гүлнар Жуасбаева прокуратура шағымы негізсіз дейді. Оның сөзінше, Әбішевтың түрмедегі тәртібі жақсы болған.

«Менің ойымша, прокурордың шағымы негізсіз. Заң бойынша уақыты келсе жазаны жеңілдетуге мүмкіндік бар. Кенжебек Әбішев жаманатты болған жоқ. Өзін жақсы жағынан көрсетті. Біз апелляциялық шағым түсіруге дайындаламыз», – дейді Жуасбаева.

Айта кететін бір жайт, прокуратура арызын Еуропарламент «Қазақстандағы адам құқығы жөнінде» қарар қабылдағаннан кейін бір күннен соң түсірген. Резолюцияда Кенжебек Әбішевтың да аты аталған. Еуропарламент Нұр-Сұлтаннан оны босатуды талап еткен.

Кенжебек Әбішевтың сот 2018 жылы «терроризмді насихаттады» деген айыппен 7 жылға соттаған. Ақпанның 23-і күні Қапшағай сотында Кенжебек Әбішевпен бірге сотталған Алмат Жұмағұловтың «мерзімінен бұрын босату» бойынша ісі қаралады. Еуропарламент қарарында оның да аты аталған. Оның да құқық қорғаушылар мен халықаралық ұйымдар саяси тұтқын деп атаған.