АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • «Қазақстан: ҮЕҰ қарсы науқанды тоқтату» бірлескен мәлімдемесі

«Қазақстан: ҮЕҰ қарсы науқанды тоқтату» бірлескен мәлімдемесі

01.02.2021

Біз, төменде қол қойған тәуелсіз ұйымдар Қазақстандағы алдыңғы қатардағы құқық қорғау ұйымдарына жасалып жатқан шабылдарды қатаң сынаймыз. Салық органдарының тексерулері салдарынан бұл ҮЕҰ-ға үлкен көлемде айыппұл салынып, жұмыстары тоқтатылуда. Шетелдік гаранттарға қатысты есептерде кеткен болмашы қателіктерге бола, олардың жұмысына үлкен қауіп төнуде. Біз Қазақстан билігін қаржы есебіндегі ережелерді пайдаланып, құқық қорғау ұйымдарына қысым жасауды тоқтатуға және оның орнына керсінше, оларды қорғап, жұмыстарына барынша қолғабыс жасауға шақырамыз. Бұған қоса, біз Қазақстанның халықаралық әріптестерін қорқыту, қудалау науқанына қарсы шығуға және билікке адам құқықтары бойыша өз мойынына алған міндеттерін орындауға міндетті екенін есіне салуға шақырамыз.

Салық органдарының науқаны былтырғы жылдың күзінде басталды. Сол уақыттан бері онға жуық қазақстандық ҮЕҰ шетелдік гранттарға қатысты салық формаларындағы қателіктер жөнінде ескерту хат ала бастады. Бұл ұйымдарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстік 460-1 бабы бойынша айып тағылған. Соңғы екі аптада салық органдары бұл компанияны одан ары күшейтті. Олар ҮЕҰ-ға қарсы заңның осы бір бөлігін пайдалануда.

2021 жылдың қаңтар айының 15-і мен 25-і аралығында Алматы қаласының салық органдары екі ұйымға айыппұл салды: Сайлауды бақылайтын «Эхо» мен Халықаралық құқықтық бастама ұйымдарының әрқайсысына 1 миллион теңгеден (2000 евро), Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросына 2 миллион теңге (4000 евро) айыппұл салды. Бұдан бөлек, олар үш ұйымның да жұмысын үш айға тоқтатты. 2021 жылдың 18 қаңтарында астанада салық органдары «Еркіндік Қанаты» ұйымына 300 000  теңге айыппұл салды. Бұдан өзге салық органдары Нұр-Сұлтанда «Құқықтық медиа отралық», Алматыда «Медианет», Шымкетте «Сана Сезім» ұйымдарының ісін қарауда. Қазіргі уақытта салық органдары Павлодардағы Қылмыстық реформа және адам құқығын бақылау комитетіне қатысты қаржылық есеп беру ісі бойынша сот ісін қарауда.

Жақында жергілікті салық органдарының шығарған шешімдеріне қарсы ҮЕҰ шағым түсіре алатын болса да, бұл жағдай алаңдаушылық туғызады.  Бұл үкіметтік емес ұйымдар ауыр жазаға кесілуі мүмкін. 

Олардың жетеуі 2020 жылдың қарашасындағы бірлескен мәлімдемесінде атап өткендей, көтерілген шағымдар салық төлеуден жалтаруға немесе басқа да қаражатты заңсыз пайдалануға қатысты емес, керісінше, ақпараттық мақсаттар үшін салық органдарына жіберілетін есептік формалардағы ұсақ қателіктермен байланысты.

Мысалы, АҚмЗСЖҚХБ шетелден алатын қаржыларға қатысты 017 және 018 есептік формаларындағы төрт сандық айырмашылықтар үшін жазаға тартылды. Бұл айырмашылықтар АҚмЗСЖҚХБ 2017 жылдан бері берген мыңдаған беттен тұратын есептердің ішінен табылған. Оның барлығы валюта бағамының өзгеруіне, яғни ұйымның донарға жұмсалмаған қаржыны қайтарып беруіне байналысты болған. АҚмЗСЖҚХБ сандық айырмашылықтар жөнінде білгеннен кейін, екі күннен соң 2020 жылдың 28 қарашасында ұйым жергілікті салық органдарына түзетілген нұсқасын жіберді. Бірақ бұған қарамастан, 2020 жылдың 2 желтоқсанында АҚмЗСЖҚХБ ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 460-1 бабы бойынша жауапқа тартылатыны туралы ескертілді. Өзге ҮЕҰ-ға тағылған айыптар да осыған ұқсас.

Шетелден алатын қаржыларға байланысты есеп беру 2016 жылы енгізілген. Сол уақытта ол азаматтық қоғам мен халықаралық сарапшылар тарапынан үлкен сынға ұшыраған. Себебі ол салық органдарына есеп берудегі қателіктерді өзінше бағалауға мүмкіндік береді.  Бұған қоса, ол ҮЕҰ-ға онсыз да ауыр есеп жүктемесін ауырлатты.

Бірнеше жыл бойы салық органдары үкіметтік емес ұйымдарға аталмыш есепке байланысты ешқандай ескерту жасаған жоқ. Бірақ, былтырғы жылдың күзінде бірден аяқ астынан онға жуық ҮЕҰ-ның 2017 жылдан бергі есебінен қате тапты. Аталмыш науқанның саяси астары бар және салық есебіндегі қателіктер адам құқықтарының сақталуы туралы есепті (парламент сайлауы кезінде) талап ететін «ыңғайсыз» ҮЕҰ-ға қысым жасаудың құралы деген ой қалдырды. Жеті ҮЕҰ бірлескен мәлімдемесінде бұны салық органдары жүзеге асырғанымен, оның артында Ұлттық қауіпсіздік комитеті тұрғанын айтты.

Бұған қоса, ҮЕҰ жазаға тарту процесі алаңдатады. Себебі ол барлық процессуалдық заңдардың бұзылуы арқылы жүзеге асты. «Эхо», АҚмЗСЖҚХБ, Халықаралық құқықтық бастама ұйымдарына өз аргументтерін жергілікті салық органдарына ұсынуға мүмкіндік берілмеді. Олардың барлығы алдын-ала дайындалған, бір-бірінен ауымайтын, аттары ғана өзге шешімдер алды.

2021 жылдың 26 қаңтарында Сыртқы істер министрлігі жанындағы «Адам өлшеміндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысында сөйлеген сөзінде АҚмЗСЖҚХБ директоры Евгений Жовтис АҚмЗСЖҚХБ және өзге де ҮЕҰ қарсы істердің қаншалықты қауіпті әрі ақылға қонымсыз екенін егжей-тегжейлі түсіндірді. Ол ҮЕҰ жұмысын бірнеше айға тоқтату және үлкен көлемде айыппұл салу Үкіметтік емес ұйымдарға ғана емес, жалпы, елдегі заңның үстемдігіне әсер ететінін баса айтты.

Біз премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің «Адам өлшеміндегі диалог алаңы» консультативтік-кеңесші органының отырысындағы мәлімдемесін мақұлдаймыз. Онда ол ҮЕҰ жұмысын тоқтатуға қарсы екенін, ол Қазақстанның халықаралық имиджін түсіретінін айтты. Бұдан бөлек, ол бұл мәселені қаржы министрімін талқылайтынын және жеке бақылауына алатынын және жергілікті салық органдарының әлі күшіне енбеген шешімі аладағы уақытта қайта қаралатынына үміттенетінін мәлімдеді.

Біз қазақстандық әріптестерімізді қолдаймыз және Қазақстан билігін ҮЕҰ жұмысына кедергі жасауды тоқтатуға шақырамыз. Бұдан бөлек, оларға тағылған негізсіз айыпты алып тастап, заң мен шетелдік қаржыларға байланысты есеп беру практикасын халықаралық стандарттарға сәйкестіріп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен 460-1 және 460-2 алып тастауға үндейміз. Біз халықаралық институттарға, Еуроодақ елдеріне, Еуропа ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына, БҰҰ-ға және бұдан да ауқымды халықаралық қауымдастықты осы бастамаларды қолдауға шақырамыз.

Қолдар:

Үндеуге Азаматтық ынтымақтастық палатформасының төмендегідей мүшелері қол қойды(CSP):

Адам құқықтары үшін халықаралық әріптестік (IPHR, Бельгия)
Азаматтық бақылау (Citizens’ Watch, Ресей)
Құқық қорғау органдарының жұмысын бақылау Украина құқық қорғаушыларының мониторингі (UMDPL)
 «Достоинство» қоғамдық бірлестігі (Қазақстан)
Норвег Хельсинг комитет
Болгар Хельсинг комитет
TruthHounds (Грузия/Украина)
DRAБерлин (Германия)
Адам құқықтары мониторингі институты (Литва)
Македоня Хельсиг комитет
Хельсинг  Азаматтық Ассамблеясы – Ванадзор (Армения)
«БирДуйно-Қырғызстан» құқық қорғау қозғалысы
Нидерланд Хельсинг комитет
Адам құқықтары орталығы (HRC, Грузия)

«Қоғамдық үкім»  қоры (Ресей)

 «Бостандық дауысы» қоғамдық қоры (Қырғызстан)
Қатысу және даму орталығы (Грузия)
Азаматтық бостандық орталығы  (Громадянск Бостандық орталығы, Украина)

Хельсинг адам құқықтары қоры (HFHR, Польша)
CrudeAccountability (USA)

 Құқықтық саясат зерттеу орталығы (Қазақстан)

«Қоғамдық үйкім» қоры (Ресей)
Борис Звозсков атындағы Беларусь адам құқығы үйі (Литва – Беларусь)
Демократия  және адам құқығын дамыту орталығы (Ресей)
«СОВА» ақпараттық-сараптамалық орталығы (Ресей)
Адам құқықтары клубы (Әзірбайжан)
ЕҚЫҰ Швед желісі
FreedomNow (АҚШ)
Азаматтық бостандық кеңсесі (Тәжікстан)
PromoLEX (Молдова)
Азаптау құрбандарын психоәлеуметтік және медициналық қолдау Грузия орталығы (GCRT)
PeopleinNeed (Чех Республика)

Дон әйелері (Ресей)
“Мемориал”құқық қорау орталығы (Ресей)

Әзірбайжан адам құқығы орталығы
Libereco адам құқығы үшін әріптестігі (Германия/Швейцария)
“Нотабене”қоғамдық қоры (Тәжікстан)
Азаптауға қарсы халықаралық ұйымы (OMCT)
ХРФ «Қоғамдық балама» (Украина)
Беларусь Хельсинг комитет

Үндеуді ХьюманРайтсУотч (HumanRightsWatch) ұйымы қолдады