• Басты
  • >
  • Беларусьтегі саяси террор құрбандарын қолдауға байланысты мәлімдеме

Беларусьтегі саяси террор құрбандарын қолдауға байланысты мәлімдеме

16.07.2021

АҚмЗСЖҚХБ

Кеше Беларусьте кезекті рет құқық қорғаушы, заңгер, журналистерді тұтқындау және тінту болды.

Шілденің 14-і күнң таңертең Минскіде Қаржылық тергеу департаментінің қызметкерлері заңгер Владимир Лабкович пен «Вясна» құқық қорғау ұйымының мүшесі Валентин Стефановичтің үйін тінтті. Техникаларды тәркілегеннен кейін күштік құрылымдар екеуінде алып кеткен. Сол уақыттан бері байланыс жоқ. Стефановичтің тінту шешімінде Беларусь Респубилкасы Қылмыстық кодексінің 342 (қоғамдық тәртіпті бұзатын іс-шараларды ұйымдастыру) және 243 (салықтан жалтару) баптары көрсетілген.

Дәл осы күні Беларусь астанасында тінтуден кейін журналист және құқық қорғаушы Сергей Сысь пен «Құқық қорғаушылар өлім жазасына қарсы» қозғалысының үйлестірушісі Андрей Полуда ұсталды. Гродно қаласында ҚТД қызметкерлері құқық қорғаушы Виктор Сазоновтың үйін тінтіп, өзін ұстаған. Минскіде күштік құрылымдар Беларусь Хельсин комитетінің ғимаратына басып кірмек болған. Оршада милиция аймақтық orsha.eu сайтының редакторы, белсенді Игор Казмерчакты ұстаған. Бұдан бөлек, тінтулер Human Constanta ұйымында, Lawtrend құқықтық трансформация орталығында, Беларусь журналистер ассоцияциясында, «Бостадық үшін рух» қозғалысының Минск бөлімінде, «Гендерная перспектива» қоғамдық ұйымында болған.

Бір апта бұрын дәл осындай тінтулер 40-қа жуық басылым мен жекелеген журналистерге жасалған.

Кеше «Вясна» ұйымының төрағасы Алесь Беляцкиймен байланыс үзілді. Кейінірек оның ұсталғаны белгілі болды. Наурыз айында «Вясна» тергеу комитеті ұйымның үстінен қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеген. Ұйым «заңсыз шараларды қаржыландырды» деген күдікке іліккен.  

Лукашено режимі халықаралық қауымдастық талаптарына мемлекеттік деңгейде репрессия мен террор жасау арқылы ғана жауап бере алады. Ryanair әуе компаниясының ұшаған күшпен қондырғаннан кейін, Лукашенокның билік басында қалатын бір ғана жолы бар. Ол – халықты үрейде ұстап, елдегі кез келген сыни пікірді күшпен басу.

Біз күн сайын қысым көріп, қудаланып, қамалып жатқан азаматтық қоғам өкілдері мен қарапайым азаматтарға қолдау білдіреміз. Біз Лукашенконің өз халқына қарсы жасап жатқан репрессиясы мен террорына қарсымыз. Біз президент-изгойдан адам құқығы мен сөз бостандығын сақтауды талап етудің мәні жоқ екенін түсінеміз. Сол себепті біз  халықаралық қауымдастықты диктатор мен оның жақындарын тоқтатып, Беларусь халқына қарсы жасалып жатқан қылысты тоқтату үшін тиісті шаралар қолдануға шақырамыз.


Сондай-ақ қараңыз