• Басты
  • >
  • Кенжебек Әбішев ауруханаға түсті

Кенжебек Әбішев ауруханаға түсті

15.04.2021

“Түрлі заңсыздықтарға” қатысты бірнеше күннен бері түрмеде аштық жариялап жатқан Кенжебек Әбішев  кеше, 14 сәуірде түнде ауруханаға түскен. Ол түскен Қапшағай қалалық ауруханасының дәрігерлері “саяси тұтқын” Кенжебек Әбішевтен жүрек ишемиясы ауруын анықтады. Бұл туралы ауруханаға барған адвокат Гүлнар Жуаспаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Естеріңізге сала кетейік, түрмеде отырған саяси тұтқын Кенжебек Әбәшевтің аштық жариялағаны туралы Адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросы үш күн бұрын хабарлап, оның бізге жолдаған ашық хаттарын әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жариялаған едік.

“Жалынып-жалбарынатын, жылайтын, сұрайтын жағдайда емеспін. Сондықтан ары қарай өмір сүрудің, тамақ ішудің мәні жоқ. Ештеңе жегім де, емделгім де келмейді. Өлтіргілерің келе ме? Өлтіріңдер! Өмір сүруден шаршадым”, – деп аяқтаған еді хатын Әбішев.

Кенжебек Әбішевтің аштық жариялауына байланысты Бюро заңгерлері тиісті органдарға арыздануда. Сонымен қатар, 14 сәуір таңертең Бюро жанындағы Азаптауға қарсы Коалиция атынан адвокат Гүлбаршын Кударова Әбішевке кіріп, оның жағдайымен танысып қайтты. Адвокаттың айтуынша, өзін әділетсіз соттаған іс қайта сотта қаралмай “аштықты өлсем де тоқтатпаймын” деп отыр.

Кенжебек Әбішевтің аштықты ауруханада да тоқтатпағанын адвокат Гүлнар Жуаспаева да хабарлады.


Сондай-ақ қараңыз