АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • "Мені митингке жібермеу үшін ұстаған". Журналист Бапидің соты болмай қалды

“Мені митингке жібермеу үшін ұстаған”. Журналист Бапидің соты болмай қалды

16.11.2020

Митинг күні ұсталып, үстінен әкімшілік іс қозғалған журналист Ермұрат Бапидің соты болмай қалды.

Қарашаның 16-ы күні Алматы қаласының әкімшілік сотында «Дат» газетінің бас оқырманы, журналист Ермұрат Бапидің соты өтуі тиіс болған. Алайда сот болмай қалды.

Ермұрат Бапидің сөзінше, ол таңғы сағат 10:00-де сотқа барып, іспен таныспақ болған. Бірақ Медеу аудандық полиция басқармасының өкілі «аға, сіз боссыз, мен сізді шығарып салу керекпін» деп, істің не үшін тоқтағанын түсіндірместен шығарып салған.

«Сот онлайн болады деген соң Медеу аудандық полиция басқармасына бардым. Іспен танысқан жоқпын, танысып алайын деп отыр едім, екі минуттан кейін тергеуші келіп, «іспен таныспайақ қойыңыз, сіз боссыз, мен сізді шығарып салуым керек» деді. Содан мен: «енді маған істің жабылғаны туралы қағаз бересіңдер ме, кешірім сұрайсыңдар ма, мыналарың болмайды ғой», – дедім. Ол маған: «аға, маған берілген тапсырма, сізді есіктің алдына дейін шығарып салу», – деді. Сомен шықтым», – дейді Бапи.

Ермұрат Бапидің өзі бұл істі қарашаның 14-і күні Демокаратиялық партия ұйымдастырған митингпен байланыстырады. Оның айтуынша, билік митингке жібермес үшін осыны ұйымдастырған.

«Қазір белгілі болып отыр, мені Жанболат Мамайдың митингісіне жібермеу үшін ұстаған. Алдында Төреғожина мен Ағелеуовтың митингісінде мен сөйлегенмін. Онда Қазақстандағы саяси реформа, модернизация, Назарбаевтың биліктен кетуімен байланысты екенін, ол кетпей ешқандай өзгеріс болмайтынын, өзгеріс болу үшін ол зейнетке шығып, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының өкілетін үкіметке қайтарып беру керек деп айтқанмын. Содан болуы керек, мына митингте де «радикальный» дүние айтама деп, жібермей қойды», – дейді Бапи.

Қарашаның 14-і күні Алматыда Демократиялық партия мен «Бәсе» ютуб арнасының ұйымдастыруымен митинг өткен. Онда «парламент сайлауына бойкот», «несиелік амнистия», «жер шетелдіктерге сатылмасын», «саяси тұтқындарға бостандық» мәселелері көтерілген.