АҚмЗСЖҚХБ – Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстан халықаралық бюросы
  • Басты
  • >
  • АҚмЗСЖҚХБ-ның Feminita белсенділеріне шабуыл жасалуына байланысты мәлімдемесі

АҚмЗСЖҚХБ-ның Feminita белсенділеріне шабуыл жасалуына байланысты мәлімдемесі

02.08.2021

2021 жылғы 29 шілдеде Қарағандыда, Қазақстанның орталық бөлігіндегі қалада полицияның салғырттығы салдарынан ашулы ер адамдар тобы Feminita-ның әйелдер құқығы, ЛГБТ-қоғамдастық және жалпы адам құқықтары мәселелері бойынша ұйымдастырған шағын “жабық” тренингіне кедергі келтірді. Ашулы топтың күш қолдануға шақыратын іс-әрекеті кездесуге жиналғандарды бизнес орталық ғимаратынан кетуге мәжбүрледі. Полиция жасағынан қоршалған дәліз арқылы ғимараттан шығарылған белсенділер ішкі істер бөліміне жеткізілді. Жиынға қатысушылардың сөзінше, ол жерде азаматтық киімдегі ер адам олардан жеке деректерін көрсетулерін талап еткен.

Ашулы топ жиналмай тұрып қала әкімінің орынбасары Нұрлан Бикенов пен ішкі саясат бөлімінің басшысы Ляззат Ақылжанова жиынды тоқтатуды талап еткен. Жиынға қатысушылар полиция дәлізі арқылы автобусқа өткен уақытта ашулы топ оларды балағаттап, ұрған. Осының барлығына қарамастан, полиция оқиға орнында ешқандай заң бұзушылық көрмеген. (https://polisia.kz/ru/metodichnye-dejstviya-politsejskih-predotvratili-obostrenie-konflikta-v-karagande/). Сонымен қатар, полиция өз баспасөз хабарламасында Феминита мүшелерін “ЛГБТ қауымдастығының өкілдері” деп ашық айтады, бұл жағымсыз және стигматизациялық реңкпен көрінеді.

Бұдан бөлек, тренинг өткізуге келісілген зал ұйымдастырушыларға ғимарат беруден бас тартқан. Содан кейін іс-шараның бастамашылары құпияда сақталған қосалқы нұсқаны қолданды, бірақ ол қандай да бір жолмен белгілі болды.

Бұған дейін, 2021 жылғы 29 Мамырда “жабық” тренингті өткізу кезінде Алматыдан келген Feminita жетекшілері – Гүлзада Сержан мен Жанар Секербаеваны тренингті өткізу бастамашыларына шабуыл Қазақстанның оңтүстігінде Шымкент қаласында болған еді. Шабуыл жасағандармен бірге полиция мен штаттық киімдегі белгісіз адамдар болған. Шабуыл кезінде Жанар Секербаева бетінен жарақат алды. Оларды полиция бөлімшесіне алып кеткен, учаскелік полиция қызметкерінің баяндамасы бойынша ұсталған екі әйелдің біреуіне қатысты “билік өкілін қорлады”деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Қарағандыдағыдай соңғы сәтте отель әкімшілігі шараны өткізуге орын беруден бас тартқан. Осыдан кейін кездесуді кафеде өткізуге мәжбүр болған.

Екі шабулдада полицияның әрекетсіздігі оның алдын ала ұйымдастырылғанына меңзейді. Ол билік өкілдерінің қатысуымен жасалуы да мүмкін.

Әртүрлі аймақтарда феминистік ұйымдар мен ЛГБТИК қауымдастық өкілдері жергілікті халық тарапынан кемсіту мен қысымға ұшырайды. Оған көп жағдайда билік органдары мен полиция назар аудармайды. Олар тіпті арандатуды ұйымдастыру компаниясының артында тұруы да мүмкін.

Осы жылдың наурыз айында Еуропалық Парламент Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі ахуал туралы қарар қабылдады, онда ЛГБТ өкілдері кемсітушілікке тап болып жатқанын атап өтті. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары да Қазақстандағы жағдай туралы өз есептерінде жыныстық  белгісі бойынша кемсітушілікке назар аударады.

Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы болып жатқан оқиғаларға алаңдаушылық білдіреді. Біз тез арада адам құқықтарының бұзылуына байланысты жергілікті билік өкілдерінің іс-әрекетін тексеруді талап етеміз. Егер Қарағандыдағы шабуыл тексерілмейтін болса, онда бұның артында билік органдары тұр деген күдік одан сайын ұлғайады және расталады.

Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның толық құқықты қатысушысы ретінде өзіне алған ерікті міндеттемелерді сақтауға және кез келген негіздер бойынша және олар кімнен шықса да кемсітушілік пен қудалаудың барлық нысандарын тыюға міндетті.