Болат Назарбаевтың көмекшісі ретінде танылып, рейдерлік және басқа да қылмыстары үшін 15 жылға сотталған Елдос Қоспаевтың әлі де полицияға ықпалы бар ма? Абдыгаппаровтың туыстары осындай күдігін білдірді.
Адам құқықтарын қорғау және заңдылық сақтау Бюросында белгілі кәсіпкер Алмас Абдыгаппаровтың әке-шешесі және халықаралық деңгейдегі құқық қорғаушы баспасөз мәслихатын өткізді. Олар кәсіпкерге және оның әйелі Ольга Абдыгаппароваға жасалып жатқан қысымға шағымданып, президентке үндеу жолдады.
Алексей Арутюнов, халықаралық құқық қорғаушы былай деді: «Халықаралық ұйымның өкілі ретінде өз пікірімді білдіруге келдім. Осы ұйымдардың өкілі ретінде құқығы бұзылған азаматтардың мәселесін көтеруім керек. Халықаралық ұйымдарға, БҰҰ-ға азаматтардың құқығы бұзылғанын міндетті түрде жеткіземін. Сол үшін де бүгінгі баспасөз мәслихатына келіп қатысып отырмын».
Алмас Абдыгаппаровтың анасы Сәуле Джунусбекова мынаны айтты:
«Бүгінгі баспасөз мәслихатына келгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Менің отбасым заңбұзушылыққа ұрынды. AV Construction компаниясының құрылтайшысы болдым. Оған өзімнің келінім Ольга Абдыгаппарованы басшы етіп сайладым. Ол компанияның жұмысын қалпына келтіруі керек еді, салынып бітпеген құрылысты аяқтауы тиіс болатын. Бірақ, оны да қазір билік қудалауға алды. Бірнеше ай болды – ол үйқамақта отыр. Үйден шығуға болмайды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Президент Қазақстанда заңдылық болу керек деді. Ал шын мәнінде жағдай мүлдем олай емес. Полиция азаматтарды негізсіз қудалауға алып жатыр. Прокуратура бұған көз жұма қарауда.
Президентке, бас прокуратура басшылығына және ішкі істер министрлігіне мынаны жеткізгім келеді. Тергеуші Айдос Аманқұлов менің келінім ақша жымқырды деген айып тақты. Бірақ, ол уақытта Ольга Абдыгаппарова мүлдем жұмыс істемеді компанияда. Қоспаевтардың жасағанын Ольгаға ілуді жоспарлап отыр. Барлық келісім шарттарды дәл осы Қоспаевтың адамдары жасады. Прокуратураға қанша рет шағымдандық. Бірде бір дұрыс жауап алмадық. Соған қарамастан, ойдан құрастырылған айыптаумен Ольганың үстінен іс қозғап, оны жауапқа тартпақ. Менің балам Алмас Абдыгаппаров та дәл осы компанияға, яғни өзінің мекемесіне залал келтірді деп сотталды. Ол 418 миллион теңгені қайтарып беруге дайын екеніне де ешкім қарамады. Сонда ақшаны қайтарып берудің өзін нұқсан келтіру деп қабылдай ма? Бұл ақылға сыймайтын дүние емес пе?
Екінші эпизод бойынша іс мынаған байланысты. Ольга Абдыгаппаровға ешкімге тиесілі емес пәтерлерді өзі меншіктеп алды деп айыптады. Оны 3,1 миллиард теңге жымқырды деп айыптады. 21 пәтерді алды деп айыптады. Бұл жасанды әрі жалған айыптау. Кейін мұны алып тастады да, енді 806 миллион теңгені жымқырды деп айыптап отыр. 9 пәтерді өзіне меншіктеді деп отыр. Зардап шегуші адам ретінде Танашев пен Абижановты таныды. Ал олардың өздері он екі жылға сотталды. Рейдерлік іс әрекетпен айналысқаны үшін осындай жаза арқалады. Бұл адамдарға пәтерлердің еш қатысы жоқ. Пәтер – AV Construction компаниясына тиесілі. Абижанов пен Танашевтің бұған еш қатысы жоқ. Пәтерлердің барлығы компания меншігінде қалып отыр. Ешкім ол үшін ақша алмады.
Одан кейін 375 миллион теңгені меншіктеп алды деп айыптауда. Бұл салымшылардың қаржысы. Бірақ, олар ақшаны салғанда Қоспаев басқарып тұрды компанияны. Ольга Абдыгаппарованың бұған не қатысы бар? Сондықтан, оған тағылған айыптардың еш қисыны жоқ. Қоспаевтың қылмыстық тобы жасаған іс әрекеттерді жасыру үшін бәрін Ольгаға жабуды көздеп отыр.
Ақша аударымдары бойынша компания аудиторлық тексеріс жүргізді. Екі дербес компания тексерді бәрін. Қаражаттың барлығы да құрылыс жұмыстарына жұмсалды. Оның қорытындысын біз тергеушіге бердік. Сараптама өткізуді сұрадық. Алайда, тергеуші бұдан бас тартты. Себебі, осы арқылы біз Ольганың кінәсіз екенін толық дәлелдеп шығар едік.
Қазіргі таңда Есентай-Сити құрылысы толықтай тоқтап тұр. Компания құрылыс жұмыстарын соңына жеткізуді қалайды. Біз салымшылардың үмітін ақтауды ойлап отырмыз.
Компания есебінде 500 мың доллар бар. Сол қаржыны Қоспаев мәселесін шешуге жұмсап жатыр ма деп ойлаймыз.
12 мамыр күні Ольганың ісі бойынша тергеуді аяқтап, материалдарды сотқа жолдағалы жатыр. Тергеуші қатты асығыстық танытуда. Мұны немен түсіндіреміз? Жақында Астана қалалық сотында Қоспаевтардың апелляциялық шағымы қаралады. Соған сәйкес, Ольганың да ісін тез аяқтамақ бұлар. Сотта 84 пәтер, оның жалпы құны 16 миллиард теңгені құрайды, тәркіленген еді. Сол қаржыны, пәтерлерді компания есебіне қайтаруды сұрап отырмыз. Бұл Қоспаевтарға тиесілі мүлік емес. Салымшылардың дүние мүлкі мұның барлығы да. Сол үшін салымшылар зардап шегіп отыр қазір.
Сонымен бірге, біздің отбасыға Алматы қаласында орналасқан мейрамханалар да тиесілі. Оларды да қазір бізден тартып алып жатыр. Мұны да рейдерлік басып алу деп қабылдауға болады. Бұл әрекетті жасап жатқан – Қаржылық мониторинг агенттігінде үлкен қызмет атқаратын адамның жақындары. Қазір бұған да қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Parmigiano және Olivier мейрамханаларын Ажиханов жанұясы тартып алуға әрекет жасауда. 2024 жылы мынадай жағдай орын алды. Біздің мейрамханалырымыздың кассалық аппраттарын, тамақты, сусынды түгелдей тәркілеп алды. Артынша полицияға жалған арыздар жауды. Бізге жұмыс істеген қызметкерлер «айлық төлемеді» деп өтірік арыздар жазды. Бұл шындыққа сай емес. Ольга Абдыгаппарованың бұған еш қатысы жоқ. Мәселенің бәрі азаматтық негізде шешілді. Соған қарамастан, полиция тергеуге шақырып, бізді қыспаққа алып жатыр. Бұдан мынадай қорытынды шығады: тергеу органдарының Ольгаға тағатын ешқандай негізі жоқ. Барлық құжаттарды көрсетіп, соны дәлелдеуге дайынбыз. Журналистерден, құқық қорғаушылардан қолдау сұраймыз. Біздің жағдайға назар аударыңыз. Біздің талабымыз – тек қана заңдылық.
Алмастың әкесі Алтай Абдыгаппаров тікелей президентке үндеу жолдады:
«Президент Тоқаевқа үндеу жасағым келеді. Менің балам Алмас Абдыгаппаров заңсыз сотталды. Ешқандай негіз жоқ еді оны түрмеге қамайтындай. Сіздің заңдылық пен тәртіп туралы айтқан сөздеріңізді қолдаймыз. Әділетсіздікке, жемқорлыққа қарсы айтқандарыңызды толықтай құптаймын. Бірақ, сол айтқандарыңызды орындамай, реформаны іштен іріткісі келетіндер бар.
Өкінішке орай, заңсыздық қатты белең алып отыр. 11 қазан күні 2024 жылы Аширханов Нұржанға қатысты 365 бап бойынша қылмыстық іс қозғады. Келінім Ольга Абдыгаппарова бұл іс бойынша жәбірленуші боп танылды. Алайда, өткен айда бұл қылмыстық іс тоқтатылды. Біздердің уәжімізді ешкім құлаққа да ілмеді. Тергеушілер де істің тоқтағанын алдын ала хабарламады. Мұның өзі заңбұзушылық емес пе?
Сонымен қатар, 28 шілде күні 2024 жылы мейрамхана қызметшісімен кездесіп, «Ольга Абдыгаппарова мейрамханалардың 51 пайызын маған берсе, тыныштық болады» деп қорқытты.
Біздің қолымызда осыны дәлелдейтін аудио және видео материалдар бар. Біздің кәсібіміз 977 миллион теңгеге бағаланады. Яғни, бұл аса ірі көлемде бопсалау болып табылады. Осының бәрін көрсете аламыз. Соған қарамастан, Ольга Абдыгаппарованың үстінен қылмыстық іс ашылды. Бізде ешуақытта жұмыс істемеген қызметкерлер «айлық төлемеді» деп жаппай арыз жазды. Бұл шынында да шектен шыққандық емес пе?
Осыған президент мырза араласып, заңдылық болса деген талабымыз бар».
Кәсіпкелерге қатысты дау немен аяқталатыны белгісіз. Құзырлы органдар бұған назарын аударса деген ойымыз бар.