Қазақстан аумағына коронавирус індетіне байланысты төтенше жағдай мен карантин енгізілсе де азаматтық белсенділерді ұстау, қамау тоқтаған жоқ.
Соңғы бірнеше күн ішінде Арман Хасенов, Руслан Жанпейісов, Әлнұр Ильяшев, Ұлан Шамшет және Арман Шораев сияқты азаматтық белсенділер әртүрлі себептепмен ұсталып, қамауға алынды. Ұсталған белсенділерге «төтенше жағдай тәртібін бұзу», «жалған ақпарат тарату» баптары бойынша айып тағылған.
Белгілі құқық қорғаушы Евгений Жовтистің сөзінше, билік өкілдерінің белсенділерге қарысы ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бап, 4 тармағын қолданылуы қисынсыз.
«274 бапта төтенше жағдай соғыс жағдайы, жаппай тәртіпсіздік кезіндегі қоғамдық шаралар, әскери жағдаймен қатар айтылған. Бұның өзінде оның пандемия немесе онымен күрес жөнінде жалған ақпарат таратылған жағдайларға ғана қатысы бар. Менің көзқарасым бойыша, 274 баптың 4 тармағын пайдалану қисынсыз. Себебі оның төтенше жағдайға ешқандай қатысы жоқ», – дейді Евгений Жовтис.