• Басты
  • >
  • «Үкімет адам құқығы бойынша ұлттық жоспармен санасуға мәжбүр» 

«Үкімет адам құқығы бойынша ұлттық жоспармен санасуға мәжбүр» 

10.10.2024

Қазақстандық құқық қорғаушылар жыл соңына дейін адам құқығы саласында жаңа ұлттық жоспар концепциясын ұсынбақ. Өткен аптаның соңында «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» консультативті кеңес жұмыс тобы 2025-2030 жылдарға арналған адам құқығы бойынша ұлттық жоспар дайындығы талқылады. 

Кеңесу алаңы 2013 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі жанынан құрылған. Қазақстанның халықаралық міндеттері негізінде адам құқығы мен бостандығы мәселелері талқыланады. Кеңеске билік өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері мен халықаралық ұйымдар қатысады. «Адам өлшемі бойынша диалог алаңы» аясында елдегі адам құқығы бойынша ұсыныстар айтылады. Бірақ билік өкілдері қай ұсынысты қабылдап, қайсысын қабылдамайтынын өзі шешеді. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Адам құқығы мен заң үстемдігі туралы жоспарын ұсынғанына бір жыл толған уақытта үкіметтік емес ұйымдардың сарапшылары 2017-2021 жылдарға арналып ұсынылған. Бірақ билік қабылдамаған өз жоспарларын талқылады. Сарапшылардың сөзінше, билік қабылдамаса да, бұл жоспар адам құқығы мәселесінде септігін тигізген. 

Президент ұсынған жоспар мен үкіметтік емес ұйым сарапшылары ұсынған жоспар арасында айырмашылық бар. Біріншіден, елде бірлестіктер еркіндігін қоспағанда, азаматтық және саяси блоктар жоқтың қасы. Тәуелсіз Қазақстан тарихының алғашқы жылдарын айтпағанда, бұл саладағы жағдай өте ауыр. Сондай-ақ, бұл жолы құқық қорғаушылар ел ішінде және одан тыс жерлерде назар аудару үшін негізгі, ең проблемалы сәттерді қарастыруға ниетті. Бұл жолы «жол картасы» форматынан бас тартуға шешім қабылданды. Мемлекет-қоғам негізінде ол осы уақытқа дейін тиісті деңгейде жұмыс істемеген. 

Кеңес отырысында жұмыс тобының тең төрағасы, құқық қорғаушы Евгений Жовтис жоспар «ұлттық», «институциональдық және құқық қолдану» сияқты үш бағытта болатынын мәлімдеді. Бірақ оның сөзінше, бұл үшін соңғы бірнеше жылда халықаралық стандарт және ұлттық заңнамада қандай өзгерістер болғанын айқындау қажет.

Тәуелсіздің алғалы бері Қазақстан 230-дан астам халықаралық келісімдерді (оның ішінде ТМД, ШЫҰ бар) ратификациялаған. Бірақ оның барлығы БҰҰ-мен жасалған ең басты келісімдермен сәйкес келе бермейді. 

– Ұлттық жоспар елдегі аса көңіл көншітпейтін жағдайға азаматтық қоғамның көзқарасы болады, – деді Евгений Жовтис. Оның сөзінше, бұл құжат «құрал немесе жол көрсетуші емес». 

Ал «Құқықтық саясат зерттеу» орталығының атқарушы директоры Татьяна Зинович жаңа жоспарды екі есеге қысқартуды ұсынды (бұған дейінгі жоспар 450 беттен тұрған). Сондай-ақ, ол алдыңғы Ұлттық жоспардан түсіп қалған және Тоқаевтың Ұлттық жоспарына кірмеген адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтына арналған бөлімді енгізу қажеттілігін айтты.

– Оған шағымдарды қарауда адам құқықтары бойынша қалай жұмыс істеу керектігін тағы бір рет еске салған дұрыс болады. Өйткені біз қазір онымен жұмыс істегенде, одан бізге «біз қандай адам құқықтарымен жұмыс істеуіміз керек, бізге түсіндіріңіздерші» деген сұрақ аламыз. Менің ұққаным бойынша, қазір олар өз ішінде трансформация жасағысы келеді. Соған дейін үлгеруіміз керек, – деді Зинович. 

Бұл бастаманы Қазақстан балалар қорының басшысы Эльвира Ватлина да қолдады. Ол жаңа жоспарға Балалар құқығы бойынша уәкіл туралы блокты да қосуды ұсынды. Оның сөзінше, бала құқығы институты президент Тоқаевтың жоспарына енсе де жағдай көңіл көншітпейді. 

– Балалар құқығы бойынша уәкіл – бұл ұлттық құқық қорғау институты емес. Бұл мемлекеттік бастама. Біздің уәкілетті өкіл не істейді? Ол балалар құқығы бойынша шағымдарды қабылдамайды. Себебі арнайы уәкіл бар. Бірақ оның институттық базасы, арнайы заңы ресурсы жоқ, – деді ол. 

Өз кезегінде Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Баталова жаңа жоспарда әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқыққа акцент қою керек екендігін айтты. Оның сөзінше, Еңбек министрлігі ондай пакті бар екенін де білмейді.

Кездесуге қатысушылардың «бұл бастама да ескерусіз қалады» деген қорқынышын алдын ала айта отырып, құқық қорғаушы Евгений Жовтис Қазақстанның БҰҰ-ға әмбебап мерзімді шолу бойынша есебінде және БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінде «Мемлекет оған ешқандай жауап бермесе де, ештеңе жасамаса да» алдыңғы Ұлттық жоспарға сілтеме жасалғанын еске салды.

– Ұлттық жоспардың рөлі жаман болған жоқ. Мен көптеген мемлекеттік органдардан халықаралық ұйымдар сынына ұшыраймыз ба деп, онымен санасуға тырысқандарын көрдім. Қалай болған жағдайда да ол столдарында жатса мемлекет соған қарауға мәжбүр болады. Бұл халықаралық ұйымдар үшін де ыңғайлы, – деді кездесу модераторы. 

Негізгі жұмыс көлемі осыған дейінгі Ұлттық жоспарға кіруіне байланысты жаңа жоспар желтоқсан айына дейін дайындалады. 

Бұл материал Ұлыбритания үкіметінің қаржылай қолдауымен дайындалды. Материалда айтылған пікірлер Ұлыбритания үкіметінің көзқарасы дегенді білдірмейді.