26 маусымда Алматы гарнизонының әскери соты «билік өкілетін асыра пайдаланды» деп айыпталған қатардағы жауынгер Данияр Егембаевты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол сот залынан қамауға алынды. Сотталушылардың туыстары үкіммен келіспейтіндерін айтып, наразылық білдіріп, видеоға түсіріп тұрған журналистердің жұмысына кедергі жасады.
Былтыр 8 қаңтарда Талдықорған қаласында жеке көліктерімен кетіп бара жатқан Нұрболат Сейтқұлов пен Алтынай Етаева 15 жасар қыздары Нұрай Оразханмен бірге оққа ұшып, қаза тапқан. Тергеу кезінде Нұрболат Сейтқұлов пен Нұрай Оразхан Данияр Егембаевтың автоматының оғынан қаза тапқаны жөнінде айтылған. Алтынай Етаеваның кімнің оғынан көз жұмғаны әзірге белгісіз. Ол іс жеке қарастырылатын болған.