Прокуратура алдында аштық жариялаған қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі Алмаз Тілепов денсаулығына байланысты аштықты тоқтатты.
Алмаз Тілеповтың сөзінше, сейсенбі күні қан қысымы көтеріліп, жедел жәрдем көлігі шақыртылған. Ауруханаға жеткізіліп, система қойылған. Дәрігерлер оған аштықты жалғастыруға тыйым салған.
Оның айтуынша, полиция өкілдері оған ұлын заңсыз ұстап әкетуге қатысты тексеріс жұмыстары әлі жалғасып жатқанын айтқан. 7 маусымда түстен кейін полицияда әкімдік, прокуратура өкілдерінің қатысуымен қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің жағдайы талқыланады.
Бұған дейін Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, прокуратура алдында аштық жариялаған еді. Журналист те өзінің заңсыз қамалуына байланысты аштық жариялаған.