• Басты
  • >
  • Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа жасалған қастандық: Қазақстан Украинаға нота жолдады

Оппозициялық белсенді Айдос Садықовқа жасалған қастандық: Қазақстан Украинаға нота жолдады

19.06.2024

Азаттық радиосының мәліментінше, Қазақстан Киевте қастандық жасалған Айдос Садықовқа қатысты Украинаға нота жолдаған. 

«Біз Украина сыртқы істер министрлігіне осы жағдайға байланысты түсініктеме алу үшін ресми нота жолдадық. Әлі жауап келмеді. Украина тарабынан бізге ешкім хабарласқан жоқ», – деген елші Азаттық радиосына.

18 маусымда Украина астанасы Киевте белгісіз біреу қазақстандық оппозициялық белсенді, Youtube желісіндегі “Бәсе” каналының авторы Айдос Садықовты үйінің маңында көлігінде отырған кезде атып кеткен. Айдостың қасында болған әйелі Наталья Садықова зардап шекпеген. Украина бас прокуратурасы Қазақстан азаматына “қасақана өлтіру мақсатында қастандық жасау” фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастағанын мәлімдеген.

Украина бас прокуратурасының алдын ала ақпараты бойынша, Айдос пен Наталья Садықовтар отырған көлікке жүгіріп келген белгісіз адам тапаншадан оқ атып, қашып кеткен. Наталья оқ Айдостың самайына тиіп, миына зақым келтіргенін айтты.

Қазақстаннан кетіп, Украинадан босқын мәртебесін алған Айдос пен Наталья Садықовтар интернетте “Бәсе” каналын жүргізіп, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның төңірегіндегілерді және Назарбаев 2019 жылы 19 наурызда кезекті өкілет мерзімі аяқталмай жатып қызметінен бас тартқан кезде орнына қалдырған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сынайтын видеоларды үнемі жариялап келген. “Бәсе” Youtube-арнасына бір миллионнан астам қолданушы жазылған.


Сондай-ақ қараңыз