• Басты
  • >
  • Парламент сайлауында болған негізгі заң бұзушылықтар

Парламент сайлауында болған негізгі заң бұзушылықтар

19.01.2021

2021 жылдың 10-шы қаңтарында сайлаушылар сайлау учаскелеріне билікшіл партияларға дауыс беруге барғанда, Қазақстан бойынша ондаған бейбіт шерушілер мен белсенділер ұсталды. Сайлауға дейін және сайлау күні Қазақстан билігі тәуелсіз бақылаушылардың сайлауды бақылауына кедергі жасау үшін заңдық және өзге де қадамдар жасады.

Парламент сайлауы шынайы саяси бәсекесіз және оппозициялық топтардың қатысуынсыз өтті. Бірақ билік партиясы «Нұр Отан» айқын басымдыққа ие болды. Соңғы уақыттары биліктің тәуелсіз партияларды тіркеуге құлықсыздығы және саяси қозғалыстарға тоқтаусыз қысым жасалып жатқаны байқалады. Бұған қоса, Қазақстан билігі ой еркіндігін шектеп, үкіметті сынайтын оппозиция жақсатарын, азаматтық белсенділерді қудалауда. Бұл COVID-19 пандемиясы кезінде күшейді. Осы уақытқа дейін халықаралық бақылаушылар Қазақстанда өткен бірде-бір сайлауды мойындаған жоқ.

2021 жылы 10-шы қаңтарда Қазақстан билігі өзіне жүктелген халықаралық жауапкершіліктеріне қарамастан әділ сайлау және таңдау құқығын бұзды. Оған ондаған азаматтық белсенді мен ереушілердің ұсталуы және он сағатқа дейін ереуілшілерді кеттлингте ұстауды жатқызуға болады.

Мына ақпараттық құжатта сайлауға қатысты заңбұзушылықтар қысқаша көрсетілген. Бұл құжатты АҚмЗСЖҚХБ сараптамасы негізінде Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік (IPHR) және Қазақстан адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюросы дайындалды.

Ағылшын тіліндегі ақпарат осы жерде.


Сондай-ақ қараңыз