• Басты
  • >
  • Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы» 4 баланың өліміне байланысты ашық үндеу

Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы» 4 баланың өліміне байланысты ашық үндеу

26.11.2020

«Балалар құқығын қорғау» Қазақстан ҮЕҰ мен Қазақстан ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясы Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы» 4 баланың өліміне алаңдаушылық білдіреді.

2020 жылдың сәуір айында аталмыш орталықта болған балалардың өлімі Қазақстанда үлкен қоғамдық резонанс туғызды. COVID-19 пандемиясына байланысты жарияланған карантин шараларының енгізілуіне байланысты ұлттық құқық қорғау институттары қысқа уақыт аралығында орталыққа арнайы тексеріс ұйымдастыра алмады. Мамырдың 21-і күні ҚР Адам құқықтары бойынша арнайы өкіл Э. Азимова Шығыс Қазақстан облысы бойынша қатыгездік пен азаптаулардың алдын алу ұлттық орталығының өкілдерін Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберді. Тексеру барысында құқық қорғаушылар орталықтың жұмысынан бірқатар құрылымдық проблемаларды анықтады.

ШҚО Қатыгездік пен азаптаулардың алдын алу ұлттық орталығының өкілдері мекеме ғимараты талаптарға сай келмейтінін айтты. Арнай тексеріс қортындысы бойынша тиісті ұсыныстар жасалды. Бірақ ол орындалған жоқ. 

Ішкі тексерістен кейін, бастапқы кезеңде Аягөз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Шалқар Омаров пен ШҚО бас педиатры Шолпан Мақашева балалардың өлімі «дамудың ауыр ақаулары бар туа біткен неврологиялық аурудың салдарынан болды» деп мәлімдеді. Тексеру барысында балалардың өлімі «аурудың асқынған фонынан, туа біткен патологияны көптеген органдардың жеткіліксіздігінің дамуымен бірге когексия фонындағы ақаулармен біріктірілгені» анықталды.

Алайда, орталық органдардың, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен өкілдерінің, ҚР ДСӘДМ ҰПМ бақылаушыларының, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігі комиссияларының тексеру қорытындысы мүлде басқаша болып шықты; мекеменің жұмысында сан түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Ол өз кезегінде балалар мен мүгедектер құқығының аяқ асты болуына әсер еткен.

Өкінішке орай, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын комиссия қорытындысы көпшілікке белгілі болған соң, ҚР Бала құқығы бойынша арнайы өкіл мен адам құқығын қорғау ұйымдарының талаптарынан кейін ғана бастады.

Ішкі істер министрлігінің 2020 жылдың 16 қарашада берген (нөмірі 4-4-2-20/ЗТ-А-17067) жауабында 2020 жылдың 18 мамырында (балалардың өліміне бір ай болғанда) Аягөз аудандық полиция басқармасы облыс әкімінің орынбасары Мархабат. А бастаған комиссия қорытындысы негізінде «Аягөз балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы» 4 баланың өліміне байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 317 бабының, 4-ші тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастағаны айтылған. Мамырдың 26-ы күні сот-мед экспертиза тағайындалып, қайтыс болған балалардың мәйітіне эксгумация жасалды.

Экспертиза қорытындысы төмендегідей фактілерді анықтады:

– Сәлімов. Д. Б – Салимов Д.Б. – ми шайқалу, субарахноилық қан құйылу, жабық ми шайқалу;

– Жаңабаев Р.А. – ми шайқалу, бас сүйегінің, жабық ми шайқалу;

– Мұхамедиев Д.С. – ми шайқалу, субарахгоилық қан құйылу, бас сүйегінің сынуы, жабық ми шайқалу;

2020 жылдың 9 маусымында ҚР Қылмыстық Кодексінің 106 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Дәл осы күні № 20633403100257 қылмыстық іс біріктірілді. Маусының 30-ы күні ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық істі ШҚО прокуратурасының арнайы прокурорларынң қарауына берді. 2020 жылдың 30 қазанында қылмыстық іс (денсаулыққа ауыр зиян келтіру) ШҚО Полиция департаментінің тергеу басқармасына жіберілді. Қазір аталмыш іске байланысты тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Өкінішке орай, ресми өкілдер сотқа дейінгі тергеу мен экспертиза нәтижелерінсіз билік органдарының атынан халыққа жалған ақпарат таратқан. Ең бастысы, ата-аналардың, интернат тәрбиеленушілері мен тәрбиешілердің өтініштеріне қарамастан, интернат жұмысындағы қателіктер түзетілмеген.

Аталмыш мекеменің Азаптаулардың алдын алу ұлттық механизімінің мандатына кіретініне назарларыңызды аударамыз. Қазақстан азаптауға қарсы БҰҰ Конвенциясын ратификациялап, оны сақтау міндетін алған. Экспертиза нәтижесі мекеме тәрбиеленушілерінің өлімі болған оқиғаға дұрыс баға беру қажеттігіне меңзейді. Атап айтқанда,  қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 146 бабы (Азаптау)  бойынша қаралуы тиіс.

«Балалар құқығын қорғау» Қазақстан ҮЕҰ жұмысшы тобы мен Қазақстан ҮЕҰ азаптауға қарсы коалициясы балалардың өліміне байланысты тергеу жұмыстары ұлттық заңнама мен халықаралық келісімдерге сәйкес, Азаптауларға қарсы БҰҰ Конвенциясы мен Стамбұл Протоколы және БҰҰ-ның бала құқығы Конвенциясының талаптарына сай жедел, әділ әрі тәуелсіз қаралу керектігін баса айтады.

Сот процесі ашық болып, кінәлілер жауапқа тартылуы тиіс деп есептейміз. Жазасыз қалу, жаңа қылмыстарға жол ашады.


Сондай-ақ қараңыз