• Басты
  • >
  • Полиция бөліміндегі күдікті өліміне қатысты үш адам қамалды

Полиция бөліміндегі күдікті өліміне қатысты үш адам қамалды

20.10.2020

Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында полиция бөлімінде болған кісі өліміне қатысты үш адам қамауға алынды.

Мақыншы аудандық полиция бөлімінің қызметкері Әлібек Қасеновтың созінше, бір жедел уәкіл және екі учаскелік полиция инспекторы қамауға алынған.

«Кеше алты адам жұымыстан шығарылды. Сол алтаудың үшеуі қамауға алынды. Қазір олар тергеу изоляторында», – дейді Қасенов.

Бұған дейін Мақаншы ауылының полиция бөлімінде 33 жастағы Азамат Оразалының қайтыс болғаны жөнінде ақпарат тараған. БАҚ мәліметінше, жергілікті халық Азамат Оразалының денесі табылғаннан кейін жиналып, полиция бөлімшесіне барған. Олардың ауыл әкімі мен ақсақалдар қосылып жүріп әрең тоқтатқан. Кейіннен «азаптау» ісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Марқұмның туысы Дархан Оразалының сөзінше, 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Қаратұма ауылына барып, қайтыс болған жігіттің отбасына көңіл айтқан. Азамат Оразалы өлімінен кейін дүрліккен халықты сабырға шақырған.


Сондай-ақ қараңыз