• Басты
  • >
  • Белсенді Есхожинге тағы да айыппұл салынды

Белсенді Есхожинге тағы да айыппұл салынды

24.09.2020

Қыркүйектің 24-і күні Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық соты белсенді Ербол Есхожинге 20 айдық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды. Оған «билік өкілін қорлау» айыбы тағылған.

Бір апта бұрын Есхожин дәл осы 378 бап (билік өкілін қорлау) бойынша кінәлі деп танылып, 80 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге мәндеттелген.

Белсендінің қылмыстық іске тартылуына 20 қаңтар мен 3 ақпан аралығында  Нұр-Сұлтан қаласында өткен митинг кезінде полиция қызметкерлеріне «Назарбаевтың күшіктері» деп айтқан сөзі себеп болған.


Сондай-ақ қараңыз