• Басты
  • >
  • АҚШ Қазақстан билігін өз міндеттерін орындауға шақырды

АҚШ Қазақстан билігін өз міндеттерін орындауға шақырды

30.04.2020

АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия бойынша көмекшісінің бірінші орынбасары ЭлисУэллс Қазақстан билігін өз мойынына алған халықаралық қауымдастық алдындағы міндеттерін орындауға шақырды. 

Оның сөзінше, бейбіт жиын өткізу – адам құқығының ажырамас бөлігі және кез келген демократиялық қоғамның негізгі ірге тасы. Бұл мәлімдеме ҚР Парламент сенатында қаралып жатқан «бейбіт жиын туралы» заңның ЕҚЫҰ (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының) стандарттарына сай қайта қаралуына бағытталған. 

Бұған дейін, 22 сәуір күні Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы өкілі парламент мәжілісі қабылдаға «бейбіт жиын туралы» заңды сынаған. 

8 сәуірде заң жобасын қабылдау кезінде жұмыс тобының төрағасы депутат Қанат Мусин құжатты әзірлеген уақытта халықаралық тәжірибе мен халықаралық мамандар, жергілікті сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдерінің пікірі ескерілгенін айтқан. Ал Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин 1995 жылы қабылданған “Бейбіт жиын туралы” заңның елеулі өзгеріске ұшырағанын айтып, құжаттың қабылдануын “ілгерілеушілік” деп бағалаған.

Бірақ заң жобасы қабылданғанға дейін, бірқатар белсенділер жиналып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинге үндеу хат жазып, заң жобасын асығыс қабылдамауды сұраған. Танымал құқық қорғаушы Евгений Жовтис «демократия қағидаларына түпкі мәні сай келмейтін жобамен шұғылданудан» бас тартып, жұмыс тобынан шыққан.


Сондай-ақ қараңыз