• Басты
  • >
  • «HRW» ұйымы Орталық Азиядағы адам құқығы ахуалына алаңдап отыр

«HRW» ұйымы Орталық Азиядағы адам құқығы ахуалына алаңдап отыр

24.04.2020

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) адам құқығын қорғау ұйымы пандемия кезінде Орталық Азиядағы адам құқығы ахуалына алаңдап отыр.

23 сәуір күні таратқан мәлімдемесінде ұйым өкілдері Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан індеттің тарауын тежеу үшін “маңызды қадамдар” жасағанмен, шектеу шараларын журналистерді, денсаулық сақтау саласы мамандары мен белсенділерді қудалау мақсатында пайдаланды деп жазды.

«Орталық Азия үкіметтері COVID-19 жайлы нақты ақпаратпен қамтамасыз етіп, азаматтарының құқықтарын қорғауға міндетті. Төтенше жағдай кезінде және алдағы уақытта осыған ұқсас кез келген жағдайда адам құқығы құрметтелуі тиіс. Олар қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуге немесе құқықбұзушылыққа қарсы төтеп беруге тырысқан журналистер мен денсаулық сақтау саласы мамандарын қудаламауы тиіс, шектеу шараларын пайдаланбауы қажет», – деді HRW ұйымының Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша директоры Хью Уильямсон.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, коронавирустың барын жоққа шығарып отырған Түркіменстан мен Тәжікстан вирус туралы айтқысы келген медицина қызметкерлері мен тұрғындардың үнін естіртпеуге тырысқан.

Ұйым өкілдері АЕ/АР медиакорпорациясының президенті Джейми Флайдың Тәжікстан билігіне хат жібергенін, биліктің коронавирусқа байланысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқанын да еске салды.”COVID-19 туралы ақпарат бермей жасырған Түркіменстан мен Тәжікстан билігі азаматтарының денсаулығына қауіп төндірді” делінген мәлімдемеде.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз