• Басты
  • >
  • Бұлтартпау шарасы ретінде ЛА-155/1 мм отырған Искандер Еримбетовқа қатысты азаптау немесе қатыгез іс-әрекетке байланысты өзге заңсыз әдістер туралы хабарламаларды (шағымдарды/ арыздарды) ағымдағы тергеу туралы ақпаратты құқықтық талдау

Бұлтартпау шарасы ретінде ЛА-155/1 мм отырған Искандер Еримбетовқа қатысты азаптау немесе қатыгез іс-әрекетке байланысты өзге заңсыз әдістер туралы хабарламаларды (шағымдарды/ арыздарды) ағымдағы тергеу туралы ақпаратты құқықтық талдау

22.01.2018

Қазақстанның Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясын БАҚ келіп түскен Искандер Еримбетовқа қатысты қорлау, адамгершілікке жатпайтын қатыгез іс-әрекет немесе азаптаулар қолдануы туралы бірқатар хабарламалар мазалайды. Оған қоса, Коалицияны жақын арадағы, сондай-ақ БАҚ жарияланған осы хабарламаларды Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Алматы қ. бойынша Департаментінің  арнайы прокурорлар басқармасының сотқа дейінгі тергеуді басталғаны туралы ақпарат үміттендіріп отыр.

Төменде Коалиция бақылайтын Искандер Еримбетовқа қатысты азаптау туралы хабарламаларды, шағымдарды, арыздарды БАҚ бұл шағымдар туралы ақпарат пайда болғаннан бастап, бүгінгі таңдағы ресми қарастыру барысын құқықтық талдау ұсынылады.

 

  1. Арызды немесе шағымды жәбірленуші өзі жазу қажеттілігіне қатысты.

ҰСЫНЫС: Азаптаулар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталуы олардың арыздарына байланысты болмау керек.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 6 бөлігі, 32 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 146 бабымен – «Азаптаулар» қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық өз сипаты мен ауырлығы салдарынан ашықтан-ашық айыптау істеріне қатысты болады. Осындай істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушінің арыз беруіне қарамастан жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1 бөлігі 180 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастауға не жеке түлғаның арызы не басқарушылық қызмет атқаратын заңды тұлғаның хабарламасы; не өз кінәсын мойындап келу; не бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлама; не болмаса қылмыстық құдалау органының лауазымды тұлғасының дайындалатын, жасалатын немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылық туралы баянаты себеп бола алады.

Бұл жағдайда, Искандер Еримбетовтың ісі бойынша оған қатысты «Азаптаулар» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастауға жеке тұлғалардың (оның ата-аналарының) арыздары, және де И. Еримбетовқа қатысты болжалды азаптаулар туралы БАҚ бірнеше рет берілген хабарламалар негіз бола алды. Бұл хабарламаларға Қазақстан Республикасының 23 шілде 1999 жылғы №451-І «Бұқараралық ақпарат құралдары туралы» Заңының (28.12.2017 жылғы өзгерістер мен толықтыруларды қосқанда) 1 бабына сәйкес сонымен қатар, «Facebook» әлеуметтік желісін қоса алғанда, интернет-ресурстары жатады.

Осылайша, И. Еримбетовтың өзінің тарапынан азаптаулар туралы шағым немесе арызды азаптаулар бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау үшін негіз ретінде талап ету заңды және қажет болып табылмаушы еді және олай болып табылмайды да.

II.            И. Еримбетовқа қатысты азаптаулар туралы шағымды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша Департаментінің тергеушісі Валиев Е. қарастыру фактісі бойынша.

ҰСЫНЫС: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департаменті И.Еримбетовтың азаптаулар туралы шағымдарын/арыздарын қарастырудан шеттетілуі тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18 маусым 2013 жылғы № 617 «БҰҰ Азаптауға және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет және жазалау түріне қарсы конвенция жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы қабылдаған шаралар туралы үшінші мерзімді баяндамасын бекіту туралы» қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 4 бөлігі, 187 бабына сәйкес, «осы категориядағы істерді тергеу кезінде ведомстволық бірлесушілік және мүдделілікті алып тастау мақсатында», «Азаптаулар» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді ішкі істер органдары не болмаса сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.

 

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 1 бөлігі 146 бабына сәйкес, азаптаулар Искандер Еримбетовтың ата-аналарының хабарламалары бойынша, сонымен қатар өз қолымен құрған өзінің қорғаушысына берген, қорғаушысы «Facebook» әлеуметтік желісінде жариялаған өзінің жеке хабарламасы бойынша азаптаулар ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА-155/1 ММ отырған И. Еримбетовтың камераластарымен, яғни көбінесе мұндай жағдайларда «лауазымды тұлғалардың рұқсатымен немесе үнсіз келісімімен» – бұл жағдайда, ҚР ІІМ ЛА-155/1 ММ қызметкерлерімен жасалғандықтан, сәйкесінше, ҚР ҚІК 4 бөлігі 187 бабының жоғарыда көрсетілген ережесіне сәйкес ҚР ІІМ ҚАЖК ведомтсовлық бағынышты мекемедегі азаптаулар туралы берілген арыз, әділетті, болса керек, тергеуде болуы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тапсырылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 1 бөлігі 101 бабын басшылыққа ала отырып, азаптаулар туралы біліп, ЛА-155/1 ММ әкімшілігіИ.Еримбетовтыңмүддесіндешағымды «қылмыстық процесті жүргізетін органға», яғни қайтадан Алматы қ. бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеушісі Е.Валиевке беруге құқылы болды.

Алайда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 2 бөлігі 101 бабына сәйкес «тұтқындалған немесе қамауға алынған тұлғалардың азаптау және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет түрлеріне шағымдарын […] тұтқындау орындарының әкімшілігі тез арада «қылмыстық процесті жүргізетін органға» емес, прокурорға табыстауға міндетті».

Осылайша, И.Еримбетов мүддесінде берілген азаптаулар туралы шағымды қарастыруды немесе арызды тергеуді оның негізгі айыбын тергейтін орган жүзеге асырмауы тиіс болған.

Сонымен қатар, И.Еримбетов мүддесінде оның қорғаушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі Е.Валиев  берген оған қатысты азаптаулар туралы шағымдар/арыздарды тергеуді жалғастырған жағдайда, «жәбірленушінің түсінік беруден бас тартқаны» үшін И.Еримбетовқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің қылмыстық жауапкершілік туралы (5 жылға дейін бас бостандығынан айыруға шейін) 421 бабын қолдану қаупі  қолданыла алмайды, себебі, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жоғарыда көрсетілген ережелеріне сәйкес И.Еримбетовқа қатысты азаптаулар туралы сотқа дейінгі тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізбеуі тиіс. Осыған байланысты И. Еримбетовтың Сыбайлас жемқорлыққа қрсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша Департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) тергеушісі Е.Валиевке өзіне қатысты орын алған азаптау мәселесі бойынша түсінік беруден бас тартуы заңға қайшы келмейді.

  • Прокуратура органдарына арналған арыздарды И. Еримбетовқа қатысты азаптау бойынша прокуратураның сотқа дейінгі тергеу жүргізу талабымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет – И. Еримбетовтың негізгі айыбын тергейтін органға беру фактісі бойынша.

ҰСЫНЫС: И. Еримбетов мүддесінде азаптаулар туралы арыздарды/ шағымдарды тергеумен әуел бастан  Алматы қ. бойынша Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар департаменті Арнайы прокурорлар басқармасының Арнайы прокрурорлары айналысуы керек болған.

БАҚ ақпаратқа сәйкес, И. Еримбетовқа қатысты азаптау туралы іс (немесе шағым) сотқа дейінгі терегу (немесе тексеру) үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке табысталған болатын. Оған қоса, бұл жағдайда, И. Еримбетовқа қатысты болжалды азап қолданудың мақсаты, оның ата-аналарының және қорғаушысының хабарлауы бойынша, оның негізгі айыбы, яғни дәл сол сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеуіндегі іс бойынша алдын ала тергеу барысына әсер ету болғаны ескерілмеді.

Осылайша, қамауда ұстау орнында бұлтартпау шарасы ретінде ұсталып отырған күдіктінің/ айыпталушының мүддесінде оның негізгі айыбы бойынша сотқа дейінгі тергеу нәтижесіне әсер ету болжалды мақсатында сонда жасалған азаптаулар туралы шағым/ арыз берген жағдайда орын алатын жоғарыда сипатталған тергеуде болу қайшылығына байланысты, атап айтқанда мұндай шағымдарды/ арыздарды жәбірленушінің негізгі айыбы бойынша қылмыстық процесті жүргізетін орган тергеген кезде ҚР ҚІЖК 193 бабы 1 бөлігінің 12 тармағын қолдану керек.

Оған қоса, ҚІЖК 193 бабы 1 бөлігі 12 тармағы 1 тармақшасы сотқа дейінгі тергеу барысында прокурорларға «азаптаулар туралы істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу» өкілеттігін тікелей береді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 1 ақпан 2010 жылғы «Қылмыстық процеске тартылған және арнаулы мекемелерде отырған тұлғалармен қатыгез іс-әрекетке байланысты азаптау және басқа заңсыз әдістер туралы арыздарды тексеру және олардың алдын алу туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығының 4 тармағына сәйкес (ҚР Бас Прокурорының 07.10.14 жылғы № 107 Бұйрығымен толықтырылды (2015 жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді)), «азаптаулар туралы қылмыстық істер бойынша тергеу прокурорларға тапсырылады».

Азаптаулар прокуратура органдарында тергелуі тиіс басым істерге жатады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27 наурыз 2015 жылғы № 48 «Сотқа дейінгі тергеуді прокуратура органдарында ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» Бұйрығында айтылған.

Азаптаулар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізумен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 27 наурыз 2015 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес облыстардың Арнайы прокурорлар басқармасының арнайы прокурорлары және оларға тең, кейде  қадағалаушы прокурорлар айналысуы тиіс.

Прокуратура қызметкерлерінің азаптаулар туралы арыздарды сапалы тергеуін қамтамасыз ету үшін, ҚР Бас Прокурорының 1 ақпан 2010 жылғы № 7 Нұсқаулығы (ҚР Бас Прокурорының 7 қазан 2014 жылғы № 107 Бұйрығымен толықтырылды (2015 жыл 1 қаңтардан бастап күшіне енді)), әсіріесе, келесі шараларды қарастырады:

  • «Дене күшін заңсыз қолданудың және басқа тергеу және жауап алудың тыйым салынған әдістерін қолданудың әр фактісі бойынша, сотқа дейінгі тергеу бастау үшін негіздер жеткілікті болған жағдайда, [күдіктілерге қатысты] дәлме-дәл бұлтартпау шараларын таңдау, сапалы тергеу және істелген іске сай заңды және дәлелді шешім қабылдау қамтамасыз етіледі».
  • «БАҚ жарияланымдар бойынша қабылданатын шаралар, және олардың нәтижелері туралы қоғамды хабардар етеді».
  • «Арызда немесе хабарламада созылмалы бұзушылық көрсетілген жағдайда орынға шығу кідіртпей ұйымдастырылады, азаптау және өзге заңсыз тергеу және жауап алу әдістерін тоқтату үшән шаралар қолданылады».
  • «Жәбірленушіге денесіне немесе ішкі жан дүниесіне азап келтіру мәселесін анықтау үшін сот-медициналық, кешенді психологиялық-психиатриялық немесе өзге сараптамалар белгіленеді».
  • «Тыйым салынған тергеу және жауап алу әдістеріне жол берген қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерін де, лауазымды тұлғаларды да қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарастыру қажет, себебі бұл іс-әрекеттер олардың салғырттығы не арандатушылығымен жасалған».

Искандер Еримбетовтың қорғаушысынан келіп түскен, БАҚ жарияланған ақпаратты негізге ала отырып, Қазақстанның Азаптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясы бүгінгі таңда И.Еримбетовқа қайта келтірілген азаптаулар туралы хабарлама түскеннен бері бр апта өткен соң прокуратура органдарының азаптауды тоқтату бойынша шаралар қолданбағанын; сот-медициналық, кешенді психологиялық-психиатриялық немесе өзге сараптама жүргізілмегенін; И.Еримбетовқа қатысты оның камераластарының азаптау немесе өзге құқыққа қайшы іс-әрекетті жасауына болжалды мүмкіндік туғызған ЛА-155/1 ММ қызметкерлері қызметтерінен шеттетілмегенін көрсетуге мәжбүр болып отыр.

Айтарлықтай уақыт жіберіп алынды, онымен бірге – дәлелдер де айырылып қалды.

Коалиция Бас прокуратураға азаптаулар туралы басқа хабарламалар түскен жағдайда жоғарыда берілген ұсыныстарды ескеруді, сондай-ақ өз нұсқауларын сақтауды және азаптаулармен күрес саласында өздері мойнына алған халықаралық міндеттемелерді сақтауды ұсынады. Ал  Искандер Еримбетов жағдайында, сот әділдігін қамтамасыз ету мүддесінде, оның мүддесінде берілген хабарламаларды (шағымдар, арыздар) сапалы (жан-жақты, әділ) тергеу жүргізуді қамтамасыз ету керек.

Тергеу жүргізу барысында Коалиция Стамбұл хаттамасы (Азаптаулар және басқа қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекет және жазалау түрлерін тиімді зерттеу және құжаттау жөніндегі нұсқаулық) ережелерін ескеруді ұсынады (1999 жылы 9 тамызда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарына ұсынылған).

Қазақстан Азааптауларға қарсы ҮЕҰ коалициясы біздің елде прокуратура органдарының азаптаулар туралы хабарламаларды сапалы түрде зерттеуін қамтамасыз етуде барынша аналитикалық-ақпараттық көмек көрсетуге өзінің дайындығын растайды.


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз