2024 жылы Астанада өткен “адами өлшем бойынша диалог алаңында” өткен соңғы кездесу салыстырмалы түрде бейтарап тақырыпқа арналды. Алайда, оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмады.
Жаңа жыл қарсаңында ҚР Сыртқы істер министрлігінде “Адами өлшем жөніндегі диалог алаңы” консультативтік-кеңесші органы шеңберінде қорытынды кездесу өтті. Онда азаматтық қоғамның қаңтар айында БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде ҚР есебінің алдындағы баяндамаларын талқылау кезегінен кейін жылды экологиялық блокпен жабу туралы шешім қабылданған сыңайлы.
2025 жылғы қаңтарда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде Қазақстан Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде және экономикалық және мәдени құқықтар туралы пактіде және басқа да БҰҰ құжаттарында бекітілген Барлық құқықтар мен бостандықтарды қамтитын әмбебап мерзімді шолу шеңберінде төртінші рет есеп беруі тиіс.
Кездесудің модераторы – СІМ-нің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Надирқұлова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бағытында бұрын талқыланған мәселеге тоқталмады. Бұл мәселе төңірегіндегі заңның тезірек қабылдануына Салтанат Нүкенованың қайғылы қазасы себеп болған.
Надирқұлованың пікірінше, «Адами өлшем жөніндегі диалог алаңында» айтылған барлық ұсыныстар өткен жылдың желтоқсан айында қол қойылған «Қазақстан Республикасы президентінің III Жарлығында көрсетілген». Рас, бұл мемлекет үшін сезімтал емес бағыттар – тұрмыстық зорлық-зомбылық, еңбек құқықтары және осал адамдардың құқықтарына әсер етеді.
Белгіленген тақырыпқа, қоршаған орта және соған байланысты адам құқықтары мәселесіне оралайық. Бірінші болып ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев сөз алды. Ол барлық сыни мәселелерді айналып өтіп, (рұқсат етілмеген полигондар, атом электр станциясын салу) қоршаған ортаны сақтау үшін билік қандай нақты заңнамалық және бастамашыл қадамдар жасап жатқанын айтты. Шенеунік «Өткен жылдың басындағы су тасқынының апатты зардаптарынан кейін мемлекет сабақ алды» деді. Көктем де жақындап қалды. «Баяғы жартас сол жартас па», жоқ әлде шынымен де өзгеріс бар уақыт көрсетеді. Бұған қоса, Әлиевтің сөзінше, атмосфераны ластап отырған кәсіпорындар үшін төлем ставкалары жоғарылайды, осылайша оларды «жасыл технологияларға» өздігінен көшуге бастамасы қарастырылған екен. Көк түтіннен көз ашпай отырған Жезқазған, Теміртау, Өскемен сияқты қалалардың аспаны ашыла ма, жоқ па ол да уақыт еншісіндегі мәселе.
“Қадір-қасиет” құқық қорғау ұйымының өкілі Индира Кәкімова экология төңірегіндегі жағдайдың мәз емес екенін айтты. Ол «өндіруші кәсіпорындардың көбеюі, саябақ аймақтарындағы ағаштарды бей-берекет кесу, аяқсыз қалған петиция институты бастамасы, су ресурстарын тиімсіз пайдалану, уақыт белдеуі мәселесіндегі манипуляция, экологиялық тыңдауларды бұрмалау» мәселелеріне тоқталды.
– «Санж» орталығының есебіне сәйкес, экологиялық жобаларға қатысты шешімдердің 60 пайыздан астамы ашық қоғамдық талқылаусыз қабылданады, – деді Кәкімова.
Сондай-ақ, ол электронды технологияны жетік білмейтін қарт адамдар өтініш беру және қол қою механизмінен іс жүзінде шеттетілгеніне назар аударды. Ол Қазақстан Орхус конвенциясы бойынша (басқа да бірқатар халықаралық құқық қорғау шарттары бойынша) өз міндеттемелерін елемейтінін еске салды.
– Қоғам белсендісі және эколог Сергей Соляниктің материалдарына сәйкес, кәсіпкерлік және адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспары орындалмаған. Кәсіпорындар қоршаған ортаны қорғау бойынша халықаралық міндеттемелерді сақтамайды. Ал мемлекет бұл құқықтарды қорғамайды, – деді Кәкімова.
Кәкімова ұсынған ұсыныстардың бірі – қолайлы қоршаған орта құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру болды. Оның міндетіне оппозиция және блогерлермен қатар қудалауға ұшыраған эко-белсенділерді қорғау кіреді. Бұған қоса, «Қадір-қасиет” өкілінің пікірінше, құқық қорғаушыларды қорғау туралы заң қабылдау артық етпейді.
Құқық қорғаушының сынына вице-министр Жомарт Әлиев «қоғамдық тыңдауларды кейбір жалған экологтар экологияға қатысы жоқ, жергілікті мәселелерін шешу үшін бұрмалап, бопсалау құралына айналдырғысы келеді» деп жауап берді.
– Қазақстандағы экологиялық кодекстің нормалары, маған сеніңіздер, ТМД аумағындағы ең қатал нормалар, – деді вице-министр.
“Ecojer” қазақстандық өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы төрағасы Лаззат Рамазанова (эко-салаға келгенге дейін бірқатар мемлекеттік қызметтерді атқанған) БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарының арасында алты бағыт тікелей экологияға қатысты. Үшеуінің жанама түрде ғана қатысы бар екеніне тоқталды.
– Бірақ бұл процесс, өкінішке орай, өте қиын. Мұның себебі біреу ғана – орталық атқарушы органдарға жүктелген шамадан тыс міндет”, – деді ол.
Ұлттық экономика министрлігі Экономикалық зерттеулер институтының ТДМ хатшылығының директоры Бақытгүл Қамбар «стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың алшақтығына» байланысты ТДМ тез іске асырылмайды» деп есептейді. Бірақ тұрақты даму мақсаттарын іске асыру индикаторлары қазір 262 емес, 200 ғана.
10 қаңтарда Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2024 жылға арналған бюджет қаражатын игеру туралы есеп берді. Ecostan News басылымы «көгалдандыруға» бөлінген барлық сома бюджеттің небәрі 0,36% -. (бір доллар үшін 460 теңге бағамымен шамамен 187 миллион АҚШ доллары) деп есептеді. Ал ҚР президентінің қызметіне және оның істерін басқаруға бөлінген қаржы 198 миллионға жуық).
ҚР СІМ жанындағы диалог алаңы 2013 жылы ҚР СІМ бастамасымен құрылды. Оның аумағында мемлекеттің халықаралық міндеттемелері шеңберінде қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарына байланысты мәселелер талқыланады. Отырыстарға биліктің мүдделі тармақтары, азаматтық қоғам мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Алаң шеңберінде билік органдарына адам құқықтарына қатысты жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныстар беру мүмкіндігі бар.
Бұл материал Ұлыбритания үкіметінің халықаралық даму үшін қаржылық қолдауымен дайындалған. Материалда айтылған пікірлер Ұлыбритания үкіметінің ресми көзқарасын білдірмейді.