• Басты
  • >
  • «Халық парламентінің» мүшесі Есенғазы Қуандыққа айыппұл салынды

«Халық парламентінің» мүшесі Есенғазы Қуандыққа айыппұл салынды

19.06.2023

Тарих ғылымдарының профессоры, «Халық парламентінің» мүшесі Есенғазы Қуандыққа «тіркелмеген ұйым жұмысына араласу» бабы бойынша айып тағылып, 200 мың теңге айыппұл салынды. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Инга Иманбай хабарлады. 

– Бүгін профессор, тарих ғылымдарының докторы Есенғазы Қуандыққа полиция келді. «Халық парламенті» жиынына қатыстың, тәртіп бұздың деп айыппұл салды. 

Сонда ғимараттың ішінде, жабық жерде жиналысқа қатысу да заң бұзушылық болғаны ма? Есенғазы аға Қуандық бұл жиынды ұйымдастырған жоқ, адамдарды шақырмады, бар болғаны – қатысты, өз ойын айтты, пікірін жеткізді. Сол үшін айыппұл салу, қудалау деген не сұмдық?, – деп жазды Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында.  

Инга Иманбай Есенғазы Қуандықтың тағылған айыппен келіспейтінін, алдағы уақытта сотқа жүгінетінін айтты. 

«Халық парламенті» 19 наурызда өткен парламент сайлауынан кейін құрылған. Оған мүше белсенділер сайлау нәтижесімен келіспейді. Белсенділерге бұған дейін де айыппұл салынған. Кейбірі әкімшілік жазамен 15 тәулікке қамалған да. 


Сондай-ақ қараңыз