• Басты
  • >
  • Жаңаөзенде жұмыс талап кеткен адамдарды полиция ұстады

Жаңаөзенде жұмыс талап кеткен адамдарды полиция ұстады

10.05.2023

Жаңаөзен әкімдігі алдында тұрақты жұмыс талап етіп тұрған 20-дан астам адамды полиция ұстап, кейін қайта босатты. Бұл жөнінде Азаттық радиосы хабарлады.

– Менімен бірге екі адамды ұстап, екінші тірек пунктіне апарды. Түсініктеме жазғызды. Сосын босатып жіберді, –  деген аты-жөнін атағысы келмеген тұрғындардың бірі. 

Оның сөзіне қарағанда, жұмыссыз азаматтар 10 мамырда түстен кейін әкімдік алдына қайта жиналған. Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімдік алдына арнайы жасақ пен полиция қызметкерлерінің келгені жөнінде видео тараған еді.


Сондай-ақ қараңыз