• Басты
  • >
  • Белсенді Әлнұр Ілияшев бес тәулікке қамалды

Белсенді Әлнұр Ілияшев бес тәулікке қамалды

05.05.2023

Алматы әкімшілік соты белсенді Әлнұр Ілияшевті «сот үкімін орындамағаны үшін» бес тәулікке қамады

Сот материалдарына қарағанда, белсендінің қамалуына 9 сәуірде «Халық парламентінің» жиынына қатысуы себеп болған.

Соттың мәліметінше, «қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысу құқығынан айырылғанын біле тұра», Ілияшев 1 сәуірде «Халық парламентінің» жиынына қатысқан.

2020 жылы маусымда сот «жалған ақпарат таратты» деп айыпталған Ілияшевтің бостандығын үш жылға шектеген еді. Белсенді билікті сынап жазған жазбасынан кейін айыпталған. Ілияшев істің саясиланғанын айтып, айыпты жоққа шығарған.