• Басты
  • >
  • Саяси тұтқын деген кім?

Саяси тұтқын деген кім?

10.12.2021

Адамдардың барлығы еркін және тең деген пікірге мойынсұнған БҰҰ 1948 жылдың 10 желтоқсан күні, яғни осыдан 73 жыл бұрын осы күнді Адам құқықтары күні ретінде қабылдады. Сол уақыттан бері әлемде осы күні Адам құқығы күні ретінде атап өтіледі.

Өкінішке орай, БҰҰ адам құқығы бойынша конвенцияларын ратификация жасаған, осы күнді мереке ретінде мойындаған біздің елде өз пікірі үшін абақтыда отырған ар тұтқындары бар. Бүгін біз Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі Бюро саяси тұтқындарды қолдау ақпараттық науқанын бастағанын жариялаймыз. Сол науқанның ресми бастамасы ретінде алғашқы бейнероликті ұсынамыз.