Шаблон бойынша

26.01.2021

Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының шешімі бойынша Адам құқықтарын қорғау бюросының жұмысы үш айға тоқтатылды. Салық органдары бұзуға болатын заңның барлығын бұзды.

Қаңтардың 25-і күн Алматы қаласы Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының Адам құқықтарын қорғау бюросының үстінен жазылған шағымы қаралды. Шағым 017, 018 (шетелден алынған қаржы және оның жұмсалуы) формаларындағы «заң бұзушылықтар» негізінде төрт протоколға бөлінді.

Салық органдары 2020 жылдың қараша айында Қазақстандағы 15-ке жуық адам құқығы және БАҚ саласы бойынша жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарға шағымданды. Олар шетелдік донорлардан қаржы алатын ұйымдар үшін арнайы ойлап табылған формалардағы қателіктерді алға тартты. Бюро да бұл шағымнан тыс қалмады.

Салық органдары ұлттық валютаның құбылмалы бағамына байланысты туындаған ақпараттық мәлімдемелердегі сәйкессіздікті өрескел заң бұзушылық деген шешім шығарды.

Алайда, екі жағдай бойынша, БҰҰ-ның босқындар ісі бойынша жоғары комиссар басқармасынан босқындар мен азаматтығы жоқтарға көмек көрсетуге байланысты грантын алғаны үшін бюро бұл формаларды толтыруға міндетті емес еді. Өйткені бұл үкіметаралық келісім болып табылады. Бірақ адам құқықтарын қорғау ұйымы барлық жағынан ашық болу үшін бұл форманы да толтырды. Көріп тұрғанымыздай, бұндай бастама жазаланады екен.

Істі қарау былтырғы жылдың желтоқсан айының соңына белгіленген. Бірақ ол бірнеше рет кейінге қалдырылды. Салық органдарының жоғарыдағылардың келісімін алу керек болғаны түсінікті. Протоклодарды қарауға белгіленген уақыт аяқталуға бірнеше сағат қалғанда іс қаралды.

Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев істі қарауда төрағалық етті. Мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан бас маман Динара Сексенбаева мен екі заңгер болды. Адам құқықтарын қорғау бюросынан бас бухгалтер Евгения Клокова және адвокат Инара Масанова болды.

«Заң бұзушылықтардың» уақыты әлде қашан өтіп кеткендіктен, Бюро істі тоқтатуды талап етті. Біран ол қанағаттандырылмады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы бірінші сұрақтан ақ «дара шапты». Адам құқықтарын қорғау бюросын тексеруде Салық Кодексның қай бабы қолданылды? Бұл Кодексте көрсетілген салықтық тексеру ме, камералды бақылау ма, жоқ әлде басқа дүние ме? Маман ұзақ ойланып, бұны «сараптама» деді. Оның не себепті және кімнің нұсқауымен жасалғанын түсіндіре алмады. Бұл бас маманның жеке бастамасы болса керек. Ол бос уақытында бірдеңе табылып қалама деп, қағаз қопаратын тәрізді.

Салықшыларды тығырыққа тіреген тағы бір дүние: протоколдардың не себепті «қателіктер» түзетілгеннен кейін толтырылғаны. Бюро бас бухгалтері басқармаға протокол толтырылған күні барса да, оған ешкім, ешнәрсе айтпаған. Яғни, протокол оның қатысуынсыз толтырылған. Айтуға сөз таппаған салықшылар, ақырында бухгалтердің протоколды толтыру процесіне қатысуға мүмкіндік беретін сенім хатының болмағанын алға тартты. Бірақ ол күні ол болған. Канцелярия сенім хатты тіркеген.

Бухгалтерді ұйымға жіберілген протоколдарда жазылған дүниелер таң қалдырды және қарсылығын туғызды. Онда оның қорғаушы мен аудармашыдан бас тартқаны жөнінде айтылған.

Басқарма заңгерлері бұған назар аудармауды сұрады. Олардың сөзінше, бұл шаблон, олар оған түзетулер енгізе алмаған. Егер адам оған мұқтаж болса ше? Салықшылар ондай жағдайда  аудармашы қажет екендігі жөнінде протокол толтырылып, қорғаушы беріледі деп шешті. Бірақ бұл егер протоколдар заң аясында, олардың қатысуымен толтырылса.

Ақырында төраға қызметкерлерінің түсінікті жауап бере алмай отырғанын байқап, солардың жағына шығып, оларды көңілге қонымды жауап беруге жетеледі. Осы ісі үшін адвокат Масанова бірнеше рет ескерту жасады.

Қойылған бір ғана жауапқа нақты жауап алынды. Анықтамалардағы сандардың қателігінен мемлекетке қандай шығын келді? Салық органды бұндай баға беру оның функциясына жатпайтынын айтты.

Сот аяқ астынан аяқталды. «Сұрақ бар ма? Сұрақ жоқ» – деді Түменбаев мырза. Адвокат Масанова жарыссөзге көшуді сұраған бетте, төрағалық етугі шешімді оқуға көшті: 200 АЕК айыппұл және 3 айға жұмысын тоқтату.

Шешімді алғанан кейін, 3 ай мерзім 15 сәуір күні аяқталатыны белгілі болды. Бұл жерде де «шаблон» өз рөлін атқарған сияқты. Дәл осындай шешім 2021 жылдың 15 қаңтарында «Эхо» қоғамдық бірлестігіне шығарылған.

Дәл осындай шаблондық сценариймен «Халықаралық құқықтық бастама» ісі қаралды. Онда да айыппұл және жұмысын тоқтату. Жоғарыда айтқанымыздай, бұған дейін бұл жолды «Эхо» және «Еркіндік қанаты» жүріп өткен.

Он күннің ішінде Адам құқықтарын қорғау бюросы шығарылған шешімге байланысты Алматы қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына арыз жолдайды. Арыздың қабылдану, қабылданбауына қарай сот инстанцияларына жүгінеді. Бұл уақыт аралығында Бюро қалыпты режимде жұмыс істейді.

Реалист ретінде біз ҮЕҰ жасалған шабуылдарды салық органдары ұйымдастырмағанын білеміз. Әдеттегідей соларды алға шығаруда.