Павлодар облысының соты құқық қорғаушы Елена Семенованың апелляциялық шағымын қанағаттандырмады.
Павлодар облысының сот алқасы бұған дейін Алматы облысы Заречный елді мекенінде орналасқан ЕС-164/4 мекемесінің арызы (іскерлік беделіне нұқсан келтіру) бойынша шыққан Павлодар қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот ол кезде Семенованың Facebook-та жариялаған жазбасын «шындыққа сәйкес келмейді» деп танып, мекеменің “іскерлік беделіне нұқсан келтірді” деп тапқан. Жазбада Семенова тұтқын Михаил Санинді түрме қызметкерлері ұрып-соқты деп жазған.
Құқық қорғаушы Елена Семенова соңғы бес жылда сотпен қудаланып келеді. Былтыр «Amnesty International» халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін Семенованы қудалауды тоқтатуды, оның қызметіне кедергі келтірмеуге шақырған.