• Басты
  • >
  • Саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенділер 10 тәулікке қамалды

Саяси тұтқындарды босатуды талап еткен белсенділер 10 тәулікке қамалды

21.08.2020

Саяси тұтқындарды босатуды талап етіп митингіге шыққан жаңаөзендік белсенділер 10 тәулікке қамалды.

Мұратбай Жұмағалиев, Нұржан Наренов, Ғазиз Махамбет, Нұрлыбек Нұрғалиев бастаған 8 саяси белсенді 10 тәулікке қамауға алынды. Оларға «заңсыз митинг өткізді» деген айып тағылған. Белсенділер Ақтау, Шетпе, Жаңаөзендегі тергеу изоляторларына қамалған.

Осыдан бірнеше күн бұрын белсенділер Жаңаөзен қаласында қамауда отырған Макс Боқаев, Арон Атабек, Ержан Елшібаевты және өзге де саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, наразылық акциясын ұйымдастырған. Олар саяси тұтқындарды қолдауларын бұнымен тоқтатпайтынын, алдағы уақытта да жалғастыратынын айтқан.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Түркістан облысындағы ИЧ-167/9 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаев түрмедегі қысымға байланысты бейнеүндеу жасаған. Онда ол қысымға қарсы ауызын тігіп тастаған.