• Басты
  • >
  • "Заңсыз қудалауды тоқтатуды" тарап еткен белсенділер әкімдікке барды

“Заңсыз қудалауды тоқтатуды” тарап еткен белсенділер әкімдікке барды

10.08.2020

Бүгін Шымкентте оннан астам белсенді өздерін қудалауды тоқтатуды талап етіп, қала әкімдігіне барды.

Белсенді Айжан Жолдасованың сөзінше, полиция белсенділерді заңсыз ұстап, қамап жатыр.

«Белсенді Нұрлыбай Татаевты Дулат Ағаділдің үйін салуға көмектескені үшін 10 тәулікке қамады. Енді артынан іздеп барып, ас-суын берейін десек қайда жазасын өтеп жатқанын білмей отырмыз. Сонда асарға қатысу саяси қылмыс па? Бірнеше белсенді Ағаділдің асына барды. Енді оларды да қамай ма? Біз саяси қудалауға қарсымыз. Себепсіз ұстап, қамамасын», – дейді Жолдасова.

Азаттық радиосының мәліметінше, жиналған белсенділермен сөйлесуге әкімдік қызметкерлері шыққан. Белсенділер халық алдына қала әкімінің шығуын талап еткен. Қызметкерлер әкімнің іссапарда жүргенін, оның жұмыс орнында жоқ екенін айтқан. Осыдан кейін белсенділер талап-тілектері жазылған хатты әкімдік қызметкерлеріне тапсырған.

Тамыздың 8-і күні Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі Талапкер ауылында тергеу изоляторында жұмбақ жағдайда көз жұмған Дулат Ағаділдің асы берілген. Оған дейін БАҚ беттерінде Республика бойынша белсенділердің ұсталып, әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынып жатқаны жөнінде ақпараттар тараған.


Сондай-ақ қараңыз