Қазақстан Республикасы бойынша өткен аптадағы адам құқықтарына қатысты ақпараттар тізімі.
АҚТӨБЕ СОТЫ «QAHARMAN» ҚОРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫСЫ ДАНА ЖАНАЙҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
25 сәуір күні Ақтөбе соты Данай Жанайды «төтенше жағдай режимін бұзды» және «төтенше жағдай кезінде құқықтық тәртіпті бұзуға итермейлейтін әрекет жасады» деп айыптап, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (138 900 теңге немесе шамамен 323 доллар) айыппұл салған.
ҚАМАУДАҒЫ БЕЛСЕНДІ ГЕННАДИЙ КРЕСТЬЯНСКИЙ АУРУХАНАҒА ТҮСТІ
Алматылық азаматтық белсенді, әкімшілік қамауда отырған Геннадий Крестянскийдің денсаулығы нашарлап, ауруханаға жеткізілген. Сенбі күні түстен кейін ол Алматының №4 ауруханасында неврология бөлімінде интенсивті терапия қабылдап жатқанын хабарлады. Белсендінің айтуынша, өзін мұнда жедел жәрдем қызметі ишемиялық инсультпен жеткізген.
ШОРАЕВТЫҢ ҮСТІНЕН ҚОЗҒАЛҒАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТОҚТАДЫ
25 сәуірде адвокат Жохар Өтебеков ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бұрынғы мүшесі Арман Шораевтың үстінен қозғалған қылмыстық істің тоқтағанын хабарлады.
“ІІМ тергеушісі қылмыстық құрамы жоқ болғандықтан жалған ақпарат тарату ісі бойынша Арман Шораевтың үстінен қозғаған қылмыстық істі қазір ғана тоқтатты” деп жазды Өтебеков Facebook-тағы парақшасында.
БЕЛСЕНДІ ІЗБАСАРОВ НҰР-СҰЛТАНДАҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМГЕ АУЫСТЫРЫЛДЫ
Азаматтық белсенді Әлімжан Ізбасаров Нұр-Сұлтанға жеткізілді. Енді әскери борышын астанадағы әскери бөлімдердің бірінде өтейтін болады. Бұл туралы Әлімжанның анасы Жауһаз Сауытбаева хабарлады.
АЛМАТЫ СОТЫ ӘЛНҰР ИЛЬЯШЕВТЫ ҚАМАУДАН БОСАТПАДЫ
22 сәуірде Алматы қалалық соты белсенді Әлнұр Ильяшевтің қамаудан босату туралы өтінішін қанағаттандырмады. Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Рахманов Facebook парақшасына жазды. Билікті сынап жүрген азаматтық белсенді Әлнұр Ильяшев “Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты” деген күдікпен 17 сәуірде ұсталып, екі айға қамалған болатын.