• Басты
  • >
  • Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде 157 орынға жайғасты

Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде 157 орынға жайғасты

23.04.2020
Свобода слова

«Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымының рейтингіне сәйкес, Қазақстан сөз бостандығы бойынша 180 елдің ішінде 157 орынға жайғасқан. 

«2019 жылдың маусым айында өткен президент сайлауы сөз бостандығына ерік берудің басы ретінде есте қалды. Азаматтық қоғам өкілдері бұрын соңды болмаған наразылық акцияларын ұйымдастырды, онлайн-жаңалықтардың сапасы жақсарып, қаралымы көбейді. Билік өзінің реформа жасау бағытына сенім ұялату үшін бірқатар жеңілдіктер жасады. Бірақ, бұған қоса, үкімет өзінің репрессиялық іс-әрекетін модернизациялады. Ғаламторда бақылауды күшейтіп, аңду жұмыстары кеңінен етек жайды. Сайттар, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арагідік бұғатталады. Блогерлерді түрмеге немесе психиатриялық клиникаларға жабуда», – делінген ұйым сайтында жарияланған материалда.

Рейтинг бойынша, посткеңестік елдер арасында ең жоғары көрсеткіш Эстонияда (14-орын). Латвия – 22, Литва – 28, Грузия – 60, Армения – 61, Қырғызстан – 82, Молдова – 91, Украина – 96, Ресей – 149, Беларусь – 153, Өзбекстан – 156, Тәжікстан – 161, Әзірбайжан – 168, Түркіменстан 179 орынға жайғасқан. Сөз бостандығы көшін Норвегия, Финляндия және Дания бастап тұр.


Пікір үстеу