Сәуірдің 12-і күні экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевты сынап ғаламторға видео жариялап, ертесінде ұсталған қарағандылық Арман Хасенов 2 айға қамауға алынды. Оның үстінен «тұңыш президенттің ар-ожданына тіл тигізу» бойынша іс қозғалған. Қазіргі уақытта арнайы лингвистикалық сараптама тағайындалған.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 373 бабы бойынша, тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлап, оның абыройына тіл тигізгені үшін кінәлі тарап 1000 АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін. Бұдан бөлек бүгін әлеуметтік желіде 10 күнге сотталған белгілі блогер Геннадий Крестьянскийдің сот шешімімен келіспей, аштық жариялағаны жөнінде ақпарат тарады.