• Басты
  • >
  • Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанға қатысты шағымды қарайтын болды

Халықаралық еңбек ұйымы Қазақстанға қатысты шағымды қарайтын болды

02.05.2018

2 және 4 мамыр аралығында Астанаға Халықаралық кәсіподақтар Конфедерациясының арнайы миссиясы келді. Ұйым сайтында хабарланғандай ҚР Сыртқы істер министрлігімен, Бас прокуратура, Әділет министрлігі және еңбек министрлігі өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр.

Өткен жылдың ақпан айында тағы бір миссия Қазақстанға келіп, елімізде кәсіподақ және еңбек құқығының сақталуы жағдаймен танысып кеткен болатын.

Ол сапар нәтижесі бойынша халықаралық ұйым Қазақстан билігіне және Еуропалық одаққа бірнеше ашық хат жолдаған болатын. Басты талап: кәсіподақ көшбасшылары Нұрбек Құшақбаев пен Әмин Елеусіновты түрмеден босату, сот шешімімен бас бостандығы шектелген Лариса Харьковаға қатысты шешімнің күшін жою.

Сонымен қатар 163 мемлекеттің 202 миллион жұмыскелері құрамына кіретін Халықаралық еңбек ұйымы атына Қазақстан билігіне қатысты шағым түсірілді. Ол осы жылдың маусым айында қаралатын болады.

АҚШ Сауда Өкілі де Қазақстанның еңбекшілер құқығын бұзуына орай мәлемдеме жасады.

Ал осыдан бір апта бұрын сотталған кәсіподақ көшбасшылары Лариса Харькова, Нұрбек Құшақбаев және Әмин Елеусіновқа Артур Свенссон атындағы Халықаралық сыйлық берілді. Ол кәсіподақ белсенділері арасында Нобель сыйлығының баламасы болып саналады.

 


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз