• Басты
  • >
  • «Нұрлы жолдан» шу шықты

«Нұрлы жолдан» шу шықты

01.03.2018

«Менің күйеуім ауруханада жатыр. Соқыр ішек болды. Оған дәрі керек деп неше мәрте алдына келдім. Ақша жоқ дейді. Білгеніңді істей бер дейді маған. Сонда мен өз ақшамды ала алмаймын ба? Ал кеше вокзалдың адамы, мал сияқтысыңдар деді. Сол сөзді есіткеннен кейін шығып кеттім», – деп шағымданды еден жуушы Әйгерім Телғозиева.

Осылай намысына тиіп, ауыр сөз айтатындары да бар екен. Жұмысшылар Тиесілі ақымызды алсақ, енді мұнда жоламаспыз деп отыр. Жиырмадан астам жұмысшының жалақы алмағанына осымен екінші ай. Қыстың көзі қырауда бекетті тазалап, еденін, есік-терезесін дәретханасына дейін жуса да еңбектері еш кеткен. Ал вокзал басшылығы мән-жайды түсіндірген жоқ. Сондықтан адамдардың еңбекақысын қашан алары беймәлім.


Пікір үстеу