Гүлмира Қуатбекованы, туған күнімен құттықтаймыз!

18.11.2021

Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюро ұжымы Алматыдағы бас кеңсе заңгері Гүлмира Қуатбекованы туған күнімен құттықтайды!

Гүлмираның бойында тамаша романның бас кейіпкері болар барлық қасиет бірден топтасқан. Көз тоймас сұлулық, әйелге тән жұмсақтық пен нәзіктік, бірақ, оған қарамастан еш қиындыққа мойымас күрескер мінез бен толағай ерік-жігер. Одан бөлек біздің Гүлмираның ең басты ерекшелігі балаға тән аққөңілділік, жүрегінің кеңдігі мен адамгершілігі. Дәл осы қасиет оған тек қана қатардағы заңгер емес, нағыз құқыққорғаушы болуға көмектесіп тұр. Оның әр арызданушыға, өмірде қиындыққа тап болған жанға бар ынтасымен көмекке ұмтылысы сүйсіндіреді.

Гүлмира, әрқашан осындай жас, позитивті әрі жанашыр қалпыңыздан таймаңыз. Сізге осы өмірдегі барлық жақсылықты тілейміз. Сүйікті балаларыңыздың қызығын көріп, өмірдегі ең бақытты жандардың қатарынан болыңыз.

Білікті маман, тамаша әріптес, жанашыр дос ретінде біздің қатарымызда ұзақ жыл қызметтес болғаныңызды қалаймыз!

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТЫ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЮРОСЫ


Смотрите также