Мазмұны:
1. Кіріспе, психологиялық дайындық
2. Болашақ саяси тұтқындар әдетте не үшін және қалай ұсталады
3. Қазақстан заңнамасына сәйкес ұстау алгоритмі
4. Ұстау іс жүзінде қалай жүреді және ұсталған кезде қалай әрекет ету керек, ұсыныстар
5. Уақытша ұстау изоляторы (ИВС)
6. Тергеу изоляторындағы алғашқы қадамдар
7. Карантин, тергеу изоляторындағы алғашқы 15 күн
8. Тергеу изоляторында қандай өмір салтын ұстану керек
9. Тергеу изоляторының қызметкерлерімен қарым қатынастарда өзіңді қалай ұстаған жөн
10. Зоналарда қандай өмір салтын ұстану керек
11. Мекемелердің қызметкерлерімен қарым қатынастарда өзіңді қалай ұстаған жөн – зоналар
12. Автозактардағы этаптар
13. Теміржол вагондарындағы этаптар
14. Сотқа, прокуратураға және адам құқықтары ұйымдарына шағымдану
15. Қоғамдық бақылау
16. Қамаудағы адамдармен қарым қатынастарда өзіңді қалай ұстаған жөн
17. Саяси тұтқын болуы мүмкін адамдардың туыстарына кеңес
# # #
1. Кіріспе, психологиялық дайындық
Егер азаматтық белсенді, құқық қорғаушы, журналист немесе саясаткер (оларды бұдан әрі жалпылама түрде «қоғамшыл» деп атаймын) көшедегі наразылық акцияларына қатысып, үкімет шенеуніктерін (ауыл әкімінен бастап президентке дейін) қатты сынға алса, олар авторитарлық мемлекетте кез келген уақытта ұсталып, түрмеге жабылу қаупі бар екенін түсінуі керек. Дегенмен, қаншалықты жақсы дайындалғанына қарамастан, ұстап алу, қамау немесе бас бостандығынан айыру саяси тұтқын үшін де, оның отбасы үшін де әрқашан өте стрессті болады. Қоғамшылдың басына түсуі мүмкін бақытсыздықтардың шкаласы бойынша ең азы әкімшілік айыппұл, ал ең көпі – өмірден айыру – қамауға алу және бас бостандығынан айыру шамамене ортасында. Әкімшілік айыппұлдан құтылу үшін ақша төлеуге (немесе тіпті төлемеуге) болады. Адамның, қоғамшылдың өлімі – үлкен қасірет, өкінішке орай елімізде талай рет болған жағдай. Бірақ осы екі тақырып бұл ақпараттық нұсқаулықтың шеңберінен тыс қалады. Бұл ақпарат авторитарлық мемлекетте қоғамдық қызметі үшін, Қазақстан Республикасының Конституциясында және халықаралық адам құқықтары туралы пактілерде бекітілген құқықтарды жүзеге асырғаны үшін сотталған және қылмыстық-атқару мекемелерінде – тергеу изоляторларында және түрме, зоналарда қамауда отырған адамды не күтіп тұрғанын түсіну үшін қажет.
Қоғамшылдар қамауға, бас бостандығынан айырылып қалу жағдайына психологиялық тұрғыдан дайын болғаны өте қажет және пайдалы деп санаймын. Ықтимал саяси тұтқынның (политзектің) психологиялық дайындығын құруға болатын базалық принциптер, идеялар және ұстанымдар осындай:
Мен Қазақстан Республикасының Конституциясында және жалпы танылған халықаралық құқықта бекітілген құқықтарымды пайдаланамын, бірақ менің елімде авторитарлық саяси жүйе орнаған.
Мен Қазақстан Республикасының заңдарын бұзбаймын; мен Конституцияның рухы мен әрпіне сәйкес өмір сүруге тырысамын.
ҚР Президентін қоса алғанда, көптеген шенеуніктер Конституцияны өрескел бұзады. Қазақстанда тәуелсіз сот жүйесі жоқ.
ҚР-да ешқашан еркін, бәсекеге қабілетті сайлау болған емес.
Ашық сөйлеу, бейбіт түрде наразылық білдіру және үкіметті сынау – менің конституциялық құқықтарым.
Қазақстан Республикасы азаматының азаматтық белсенділігі билік тарапынан қудаланады, сондықтан мені түрмеге қамау мүмкін; Қазақстандағы азаматтық белсенділік тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
Түрмеде де адам баласы тұрады; мен түрмеге қамалған алғашқы және соңғы қоғамшыл емеспін.
(Мүмкін, осы қағидалар мен идеяларды ұстану, өміріңізде белгісіздік қорқынышын азайтып, мазасыз ойлардан арылуға көмектесіп, жемісті жұмыс жасауға мүмкіндік береді.)
Күндердің күнінде полиция мені алып кететіні, маған, 2003 жылдан бері қоғамдық белсенділікпен шұғылданған адамға, Жаңаөзен трагедиясынан кейін түсінікті болды (демек, мені ҰҚК алып кеткен еді). Сол, 2011 жылына дейін, көптеген азаматтық белсенділер сотталған еді, тіпті бірнеше саяси өлтіру оқиғалары болған. Маған салса, қоғамдық белсенділігім үшін айыппұл салынып, тіпті әкімшілік қамауда болғанмын – іштей Назарбаевтың авторитарлық режимі одан әріге бармайды, мен тек «жеңіл» саяси қуғын-сүргінге ұшырап «жолым болады» деп үміттенгенмін. Бірақ бейбіт наразылық білдірген азаматтардың алғашқы жаппай атылуынан кейін, қоғамдық іс-шаралар үшін қамауға алу және түрмеге қамау енді уақыт мәселесі екенін түсінікті болды – авторитарлық режим кері қайту мүмкін емес шекарадан өтті. Шамамен осы кезден бастап – 2011 жылдың аяғы, 2012 жылдың басынан – қамауға және ұзақ мерзімді түрме жазасына даяр болу үшін, өзімді, отбасымды психологиялық тұрғыдан дайындықты бастадым. Жақын туыстарыма түрме туралы анекдот айтып – біліп жүріндер, бұндай да болады екен деп тұспалдағанмын.
Әрине, отбасым мұндай әзілдерді ұнатпады, бірақ соған қарамастан мен оларды түрмеге қамалуым ықтимал деген пікірге үйрете бердім. Айта кету керек, менің әзілдерім болмаса да, отбасым менің қоғамдық іс-әрекетімнің қауіптілігін және биліктің әрекеттеріне ашық қарсы шыққандарды не күтіп тұрғанын түсінді – әке-шешем жағынан аталарым 1930 жылдары жаппай қуғын-сүргінге ұшыраған.
Отбасы туралы айтатын болсам, отбасы саяси тұтқын үшін демеудің мықты ресурсы екенін ерекше атап өткім келеді. Құр идеология мен қағидаларға сүйеніп өмір сүру мүмкін емес, немесе қиын, сондықтан отбасыңыз сіздің саяси көзқарастарыңызды бөліспесе де, отбасылық байланысты барлық жолмен нығайтуға тырысыңыз.
Қоғамшылдарға жаман әдеттерден – темекі шегуден, алкогольді шамадан тыс тұтынудан, ашкөздіктен және қарама-қарсы жыныс өкілдерімен жеңілтек қарым-қатынастардан бас тартуы өте пайдалы. Сәйкесінше салауатты өмір салты өте пайдалы.
Спортқа әуес болуға кеңес беремін; тәні саудың жаны сау!
Қазақ және орыс тілдерінде сөйлеу Қылмыстыс-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) қызметкерлерімен де, тұтқындармен де қарым-қатынасты айтарлықтай жеңілдетеді; бұл политзек үшін пайдалы дағды. Айта кетейін, бес жылға жуық жаза мерзімім кезінде тұтқындармен және ҚАЖК қызметкерлерімен қарым-қатынастың басым бөлігі (шамамен 75 пайызы) қазақ тілінде болды.
Күнделікті жұмысында қоғамшылдар Қазақстан Республикасының әртүрлі заңдарын зерттеуге міндетті. Жауапты қоғамшылар, әдетте, ҚР Конституциясын жақсы біледі. Дегенмен, қылмыстық заңнаманы әдетте тек қамалғандардың құқықтарын қорғайтындар, мысалы, Қоғамдық бақылау комиссиясының (ҚБК) мүшелері және Ұлттық алдын алу тетiгi (НПМ) мүшелері ғана зерттейді. Дегенмен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізгі ережелерін білу психологиялық дайындықтың бөлігі ретінде өте пайдалы болуы мүмкін. ҚАЖК мекемелерінде қолданылатын бірқатар ережелер бар, мысалы, қылмыстық-атқару мекемелерінің ішкі ережелері, қылмыстық-атқару мекемелеріне бару ережелері және жоғарыда аталған кодексте белгіленген басқа да ережелер. Оларды кем дегенде бір рет оқып шығу немесе кем дегенде олардың бар екенін білу өте пайдалы. (Осы мәтінді дайындау барысында 2025 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелеріне және Сотталғандарды жазасын өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрығы шыққаны туралы хабарлама пайда болды, ол 2025 жылдың 5 қазанында күшіне енеді. Өзгерістер аса маңызды емес).
Бір ақын, Кеңес дәуіріндегі Қазақстанды үлкен каторгаға теңестірген, сондықтан түрме дәстүрлері мен субмәдениетінің біздің күнделікті өміріміз бен сөздік қорымызға сіңіп кеткені таңқаларлық емес. Тіпті бүгінгі күні де түрмеде отырып шыққан адамды әр тұрғын үйдің кіреберісінде кездестіруге болады. Сондықтан, мүмкіндігінше, егер бұрынғы арестант кісі адекватті болса, түрме туралы жайлап сұрап көріңіз. Дегенмен, реалды жағдай әрқашан күткеннен өзгеше болып шығады. Сонымен қатар, елдің әртүрлі аймақтарындағы әртүрлі мекемелер ұстау жағдайлары, сондай-ақ қамалғандар мен ҚАЖК қызметкерлерінің әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары бойынша айтарлықтай ерекшеленеді (мысалы, Қазақстанның солтүстік аймақтарында қазақ емес текті адамдар көбірек – 50%-ға дейін; сондай-ақ солтүстік аймақтарда қылмыстық әлемнің заңдарына «құрмет» көбірек, ал батыс және оңтүстік аймақтарда исламды жақтаушылар көбірек, т.б.). Дегенмен, мүмкіндігінше, бұрын түрмеде болған адамнан ақпарат алған дұрыс деп санаймын. Ақпаратты интернеттен де алуға болады. Әрине, естіген және көргеннің бәрі сыни тұрғыдан талдануы керек.
2. Политзек болатындар әдетте неге және қалай ұсталады
Автократтар әрқашан билікті жоғалтудан қорқады. Әлеуметтік дамудың балама (біздің жағдайда демократиялық) жолдарын ұсынатын кез келген тәуелсіз топтарды басу үшін олар ерте ме, кеш пе «криптия» секілді әдіске жүгініп — ең белсенді қоғамшылдарды (тіпті бәсекелес кландардың өкілдерін) мезгіл-мезгіл түрмеге оқшаулайды. Бұл азаматтық қоғамды қорқыту үшін, сонымен қатар репрессиялық аппараттың дағдыларын жоғалтпай жұмысқа қабілетті жағдайында ұстау үшін жасалады.
Силовиктер анда санда өздерінің керектігін ақтауға міндетті, себебі оларға жыл сайын бюджеттен миллиардтаған теңге бөлінеді, сондықтан бұл зорлық-зомбылықтың еңгезердей аппараты — прокурорлар, полиция, құпия полиция, түрме күзетшілері және т.б. — бос тұрмауы керек; Осыған сүйене отырып, авторитарлық мемлекетте әрқашан саяси тұтқындар болады деген болжам жасауға болады. Түрмеге жабуға себеп табылады.
Дегенмен, менің ойымша, қоғамшылдардың ұсталып қамауға алынуының (азды-көпті ұзақ мерзімге) негізгі себептері мыналар:
Лидерлік потенциалы мен ұйымдастырушылық қабілеті бар қоғамшылдың жүйелі түрде бейбіт жиындарға шығу туралы үндеулері, содан кейін көшедегі наразылық акцияларын ұйымдастыруы.
Әлеуметтік желілерде көлемді аудиториясы бар қоғамшылдың бейбіт жиындарға жүйелі түрде шақыруы, содан кейін көшедегі наразылық акцияларын ұйымдастыруы.
Билікті (ауыл әкімінен бастап президентке дейін) жүйелі, қатал, негізделген, ашық түрде, жеке жауапкерлердің аты-жөнін, лауазымдарын атап сын айту.
Басқа қоғамшылдардың белсенді жұмысын шектеу үшін қорқыныш атмосферасын қалыптастыру біреуді жазалау қажеттілігі (әдетте бұл құпия саяси полицияның жоспарлы, рутиналық операциялары).
Кейбір жемқор адамдардың (топтардың) – көбінесе аймақтарда – сын үшін кек алуға деген ұмтылысы (әдетте үлкен резонанс тудырмаған, қоғам белсендісінің “жәй” жұмысы үшін).
Әрине, әдетте бұл себептердің комбинациясы кездеседі. Бірақ саяси тұтқындар Марат Жыланбаев, Думан Мұхамедкәрім және Нұржан Әлтаев а) және б) себептер бойынша ұсталып, қамауға алынды деп айтуға болады. Саяси тұтқын Тимур Данебаевтың ісін с) тармағына жатқызуға болады. Жаппай тәртіпсіздіктерді дайындады деп айыпталған атом электр станциясын салуға қарсы бес адамның ісін d) тармағына жатқызуға болады. Зинаида Мухортованың (психиатриялық ауруханада заңсыз ұсталған) және Ғалы Бақтыбаевтың (өлтірілген) істерін саяси реңкі бар бас бостандығынан айыру ретінде қарастыру мүмкін болмаса да, олар e) тармағының орындылығын анық растайды.
Егер белсендінің қызметі барысында а), b) және c) себептері туындаса, оларды ұстау және бас бостандығынан айыру тез арада орын алады.
Әрине, бас бостандығынан айырудың басқа да себептері мен мән-жайлары болуы мүмкін, бірақ негізгілері жоғарыда келтірілген. Бұл факторларды біліп ескере отыру болашақ оқиғалардың барысын дәлірек болжауға көмектеседі, ал егер қоғамшыл белгілі бір стратегияны ұстануды шешсе, ол тәуекелдерді бағалау арқылы өзін және отбасын түрме жазасына жақсырақ дайындай алады.
Мен бұл тақырыпты бірнеше гипотезамен аяқтағым келеді. Біріншіден, Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінде немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетінде саяси тұтқындармен жұмысты жүйелейтін шағын бөлім бар: құқық қорғау органдары мен қауіпсіздік күштерінің әрекеттерін үйлестіру; жазаның ауырлығын және саяси тұтқындарды ұстау жағдайын анықтау, т.б. https://qazpolit.net сияқты веб-сайттың болуы екінші болжамды алға тартуға мүмкіндік береді: мемлекеттік органдардың біреуінде саяси тұтқындарға тіесілі осыған ұқсас картотека жүргізіледі; ҚАЖК мекемелеріндегі әрбір саяси тұтқын арнайы бақылауға алынады және олардың психологиялық сипаттамалары тіркеледі (жалпы заңды түрде, мысалы, психологиялық тесттер арқылы; кезінде өзім бірнеше рет өткенмін). Жоғарыда d тармағында айтылғандай, құпия саяси полиция қорқыныш атмосферасын қалыптастыру және басқа қоғамшылдарды ойдан шығарылған себептермен белсенді жұмысын бетін қайыру үшін («адам болса, статья табылады» демекші) қоғамшылдарды ұстау және соттау операцияларды жүйелі түрде жүргізеді. Үшінші болжам, бұрын айтылғандай, азаматтық қоғамның күшеюіне жол бермеу және репрессиялық аппараттың жұмыс істемей қалуына жол бермеу үшін Қазақстан сияқты авторитарлық мемлекет саяси тұтқындарды мезгіл-мезгіл «ротация» жасап отыру идеясын ойлап табуы мүмкін – біреу түрмеге жабылған кезде басқа біреу босатылады. Соңғы 30 жылдағы Қазақстан Республикасының тарихы осы болжамдардың барлығын растайды – қоғамшылды түрмеге жабуға әрқашан себеп табылады.
Саяси тұтқынға айналатын қоғамшыл ашық және батыл әрекет ететіндіктен (кейде
абайсызда жасалынған көзсіз батырлық ететіндіктен), полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) оларды табуда, ұстауда және қамауға алуда қиындық көрмейді. Көбінесе құқық қорғау органдарының қызметкерлері қоғамдық белсендінің үйіне келіп, айыптауларды айтып, оны әрі қарай тексеру үшін полиция бөлімшесіне апарады.
Тағы бір кең таралған сценарий – қоғамшылды көшеде немесе бейбіт наразылық акциясы кезінде ұстап, оны әрі қарай рәсімдеу үшін полицияға апару. Ең белсенді қоғамшылдарды полиция үнемі бақылап отырғандықтан (Сергек бет-әлпетті тану камералары мен мобильді телефонды іздеу технологиясының пайда болуымен оларды бақылау өте оңай болды), оларды табу және ұстау қиын емес. Әріптесім Талғат Аянов екеумізге байланысты өте сирек кездесетін оқиға болды: ҰҚК қызметкерлері бізді 15 күндік әкімшілік қамауға алу кезінде, арнайы ұстау изоляторынан алып уақытша ұстау изоляторына (ИВСқа) апарды.
Билік қоғамшылардың елден кеткенін жақсы көреді. Қаншалықты радикалды болса да, белгілі бір кезеңге дейін, билік қоғамшылды шекарадан заңды немесе тіпті заңсыз түрде өткізіп елден кетуге мүмкіндік береді. Егер қоғамшылға қарсы қылмыстық іс қозғалған болса және ол шекарадан өту пунктінде тіркелмей өтсе, бұл автоматты түрде жаңа қылмыстық істің басталуына әкеледі, осылайша оның жағдайы нашарлайды. Содан кейін бот-фермалар мен ақылы блогерлер арқылы ол «сатқын», «қорқақ» деген әңгімелерді таратады.
Кейбір жағдайларда, қоғамшылдар айтарлықтай резонансты іс-шараны ұйымдастыра алған кезде немесе қоғамшылдар ұсынған іс халықтың қолдауына ие болған кезде, авторитарлық мемлекет өкілдері кек алу үшін тұтқындау кезінде әдейі қатал шараларға баруы мүмкін. Мысалы, Талғат екеуміз тұтқындалған кезде ата-анамыздың үйлерінде есіктер сындырылды содан кейін тінту өткізілді. Осындай тінтулер біздің әріптестеріміз – Ерлан Башақов пен Жасұлан Мұсабековтың үйлеріне баса көктеп кіріп – кішкентай балаларының көзінше өткізілді.
Жақында болған ұстауларды айтсақ, қоғамшыл Эльвира Бекзадинаның мысалын (әкімшілік айыппен) атап өтуге болады – жылап жатқан кәмелетке толмаған қызының көзінше полиция қызметкерлері оны күштеп көлікке итеріп әкетеді.
Ойдан шығарылған қылмыстық айыппен қоғамшылдар қудаланғанда дәл осындай жағдай болуы әбден мүмкін. Полиция авторитарлық мемлекетте мұны азаматтық қоғамда қорқыныш пен қорқыту атмосферасын қалыптастыру үшін жасайды.
3. Қазақстан заңнамасы бойынша ұстау алгоритмі
Егер сіз қаупі жоғары жағдайда жүрген қоғамшыл болсаңыз, кем дегенде бір рет Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексi ережелерімен танысқаныңыз дұрыс болар еді. Онда, 7-баптың 29-бөлімінде сіз «ұстау» немесе дәлірек айтқанда, «нақты ұстап алу» ұғымына түсініктеме таба аласыз: «нақты ұстап алу – жүріп-тұру бостандығын қоса алғанда, ұстап алынған адамның бостандығын шектеу, оны белгілі бір орында мәжбүрлеп ұстау, анықтау және тергеу органдарына мәжбүрлеп жеткізу (қолға түсіру, үй-жайға қамау, қандай да бір жерге баруға немесе орнында қалуға мәжбүрлеу және сол сияқтылар), сондай-ақ ұстап алынған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне немесе өзге де формальды рәсімдердің орындалуына қарамастан, көрсетілген шектеулер нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі дәлдікпен елеулі түрде шектейтін қандай да бір өзге де әрекеттер;».
Мен «нақты болған кезден бастап адамның бас бостандығын минутқа дейінгі» деген сөздерді ерекше атап өттім, себебі ҚР Қылмыстық-процестік кодексi адамды күдікті деп тану туралы жариялау, тергеу және жеткізу мерзімдері анық белгіленген.
Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған адамның ұстауына байланысты процессуалды әрекеттері осы Кодекстің «Күдіктіні ұстап алу» деген 17-тарауында көрсетілген.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 128-бабында ұстап алудың негіздері келтірілген: Қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы, мына негiздердiң бірі болған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдікті адамды ұстап алуға құқылы:
1) осы адам қылмыс жасау кезiнде немесе тiкелей оны жасағаннан кейiн ұсталған;
2) көзімен көргендер (куәлар), оның iшiнде жәбiрленушiлер қылмыс жасаған адам ретінде осы адамды тікелей көрсетсе …;
3) осы адамда немесе оның киімінде, өзiнің бойында немесе тұрғынжайында қылмыстың анық iздерi табылған кезде;
4) жедел-iздестiру, қарсы барлау қызметiнiң және (немесе) жасырын тергеу іс-қимылдарының заңға сәйкес алынған материалдарында адамға қатысты ол жасаған немесе жасауға дайындап жатқан қылмыс туралы анық деректер болғанда, бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалуы мүмкін қылмыс жасады деп күдiк келтірілетін адамды ұстап алуға құқылы.
Көріп отырғанымыздай, осы төрт пункттің бірін әрқашан қоғамшылды ұстап алу үшін қолдануға болады.
Айталық, сол «тамаша» күн келді делік – полиция қызметкерлері (немесе азаматтық киім киген адамдар) үйіңізге келіп немесе көшеде сізге жақындап, полиция бөлімшесіне немесе Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) баруыңызды талап етеді. Сабырлы болыңыз және ҚР Қылмыстық-процестік кодексiне сәйкес, авторитарлық мемлекеттің өкілдері 131-бапта көрсетілгендей әрекет етуі керек екенін біліңіз: «Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алу кезінде қылмыстық қудалау органының лауазымды адамы оның қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстап алынғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушы шақыру құқығын, үнсіздік сақтау құқығын және оның айтқандары сотта оған қарсы қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді. Егер ұстап алынған адам қазақ және (немесе) орыс тiлдерiн бiлмесе не ұстап алу кезінде … психосоматикалық ауру жағдайында өзіне түсіндірілген құқықтарын барабар қабылдай алмаса (айталық, қан қысымы көтеріліп басыңыз ауара бастаса), онда күдіктінің құқықтарын түсiндiру одан күдiктi ретiнде жауап алу басталғанға дейiн тиісінше аудармашының (қажет болған кезде) және (немесе) қорғаушының қатысуымен жүзеге асырылады, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгi жасалады». Содан кейін, үш сағаттан аспайтын мерзімде (есіңізде ме, жоғарыда нақты болған кезден бастап минутқа дейінгі дәлдікпен деген сөздер туралы айтылғанын), тергеу органының лауазымды тұлғасы, тергеуші немесе анықтаушы ұстап алу туралы хаттама жасайды.
Ұстап алу туралы хаттамасында мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) күдіктінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);
2) күдіктіні кімнің ұстап алғаны, ұстап алу негізі, уәждері, орны, нақты ұстап алу және жеткізу уақыты (сағаты мен минуты көрсетіле отырып);
3) күдіктінің құқықтары түсіндірілгені туралы мәліметтер;
4) жеке тінту нәтижелері;
5) ұстап алынған адамның денсаулық жағдайы туралы мәліметтер;
6) хаттаманың жасалған уақыты мен орны;
7) ұстап алу мерзімі.
Хаттамаға оны жасаған лауазымды адам, күдікті және қорғаушы (ол қатысқан кезде) қол қояды.
Хаттамаға медициналық куәландыру қорытындысы қоса беріледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам жүргізілген ұстап алу туралы прокурорға ұстап алу хаттамасы жасалған кезден бастап он екі сағаттың ішінде жазбаша хабарлауға міндетті.
Әр адам қылмыс жасады деген күдікпен қырық сегіз сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін, бірақ ҚР Қылмыстық-процестік кодексi жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға рұқсат береді.
Күдіктінің жалпы денсаулығын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін осы Кодекстің 223-бабына сәйкес куәландырудан өтеді. Қуәландырудың барысы мен нәтижелері тергеу әрекетін жүргізетін адам жасаған хаттамада тіркеледі.
4. Ұстап алу шындығында қалай болады және ұстап алу кезінде не істеу керек, рекомендациялар.
Қоғамшыл өзінің қауіпті жағдайда жүргенін ұғынады деп санаймын, сондықтан ол ұстап алу кезінде сабырлы болады деп үміттенемін – үрейленбеңіз, балағат сөз айтпаңыз, ұстап алу кезінде полиция/ҰҚК қызметкерлеріне физикалық қарсылық көрсету туралы тіпті ойыңызға келмейтін болсын.
Көшеде ұстап алу вариантын қарастырайық. Алдымен, полиция қызметкерінен ресми құжаттарын көрсетуін талап етіңіз, содан – шенін, толық аты-жөнін қолмен немесе телефоныңызға жазбаша түрде сақтаңыз. Сізді ұстауға қандай құқықтық норма негіз болғаны туралы олардан сұраңыз. Асықпауға тырысыңыз – ұстап алуды неғұрлым көп адам көрсе, полиция/ҰҚК қызметкерлері соғұрлым сыпайы болады.
Егер жоғарыда айтылғандай, сіз қауіпі жоғары жағдайда жүргеніңізді ұғынсаңыз және ұстап алынғаннан кейін біраз уақыт бойы incommunicado болатыныңызға – қамауда, отбасыңызбен, қорғаушыларыңызбен немесе адвокаттарыңызбен байланысу құқығынсыз, онда өтіп бара жатқан кісілердің назарын аударуға тырысып көріңіз, мысалы, «Мені неге ұстадыңыз?! Бұл не деген бассыздық!» деген сұрақтарды дауысыңызды көтеріп айтыңыз. Біреу өтіп бара жатқанда аты-жөніңізді бірнеше рет дауыстап айтуға болады. Демек, қоғамшылдардың отбасыларына хабарламай ұзақ уақыт бойы қамауда ұсталу жағдайлары өте сирек орын алса да, болып тұрады. Мысалы, 2025 жылдың 5 қыркүйегінде блогер және журналист Мирболат Мырзатайұлының көлігі Алматы маңындағы тұрақтан табылғандығы туралы хабарланды. Ол өзі 2 қыркүйекте Талғарға сапардан кейін қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан. Әріптестері мен достары дабыл қаққаннан кейін ғана оның полиция қызметкерлерімен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша ұсталғаны белгілі болды. Польшаның демократиялық қозғалысының ардагерінен естігенім: поляк коммунистік құпия полициясы «Bespieki» көшедегі наразылық акциясынан кейін оны ұстаған кезде, айналасындағы кез келген адамнан телефон нөмірге қоңырау шалып, ұсталғаны туралы хабарлауды сұраған екен. Таңқаларлығы, бұл әдіс 1980 жылдары Польшада кәдеге асыпты – оппозиция белсенділері ұстап алу туралы хабар алып, биліктің әрекеттеріне дайындала алды. Мүмкін, бұл әдіс бізде де кәдеге асар? Мұндай жағдайларда адам құқықтарын қорғаушылардың мына кеңесі де пайдалы: қалтаңызда жақын достарыңыздың немесе отбасы мүшелерінің телефон нөмірі немесе мекенжайы және келесі мәтін жазылған ашық түсті қағазды сақтап жүріңіз: «Тапқан адамнан көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, осы қағазды қайдан тапқаныңызды хабарлауын сұраймын». Осы қағазды есті, саналы отандастарыңыздың бірі тауып алып, достарыңызға немесе отбасы мүшелеріңізге қоңырау шалатынына үміт бар.
Сонымен, сізді көшеде ұстап, көлікке отырғызып, полиция бөлімшесіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне немесе басқа мемлекеттік органға апарды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 135-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған күдіктінің отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң қайсыбiрiне, ал олар болмаған кезде – басқа туыстарына немесе жақын адамдарына оның ұстап алынғаны және ұсталып отырған жері туралы кейінге қалдырмай хабарлауға немесе күдіктінің өзiне мұндай хабарлау мүмкiндiгiн беруге мiндеттi екенін ескеріңіз. Яғни, сіз бір рет телефон соғуын сұрай аласыз. Дегенмен, сіз қоңырау шалып жатқан адам дереу тиісті шараларды қабылдайтынына сенімді болуыңыз керек – екінші мүмкіндік болмауы мүмкін. Сізді қайда апарғанын және не үшін ұсталғаныңызды айтыңыз. Мүмкіндігінше, сізді ұстаған қызметкердің аты-жөнін хабарлаңыз. Құқық қорғаушылар соңғы шара ретінде, егер сізде хабарласатын ешкім болмаса, ҚР Бас прокуратурасының тегін байланыс орталығы 115 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді. Өзіңізді таныстырып, жағдайды түсіндіріңіз. Дегенмен, байланыс орталығы дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейтінін ескеріңіз. Оператордың үзілісі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Сенбі, жексенбі және мереке күндері демалыс күндері. Есіңізде болсын, қоғамшылдарды кейде демалыс күндерінде ұстап алады, тіпті соттап та жіберу мүмкін.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, сіздің қылмысқа қатысыңыз ұстап алынған кезден бастап үш сағаттан кешіктірілмей анықталуы тиіс. Егер сізге үш сағат ішінде қылмыстық құқық бұзушылыққа күдікті екеніңіз туралы хабарланбаса, сіз шартсыз босатылуыңыз керек.
Бірақ полиция/ҰҚК қызметкерлері жақсы дайындалып, сізге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы хабарлап, ұстап алу туралы хаттама жасады делік.
Бірінші басты ереже: Сабыр сақтаңыз!
Екінші басты ереже: Адвокатыңызды талап етіңіз!
Үшінші басты ереже: Хаттаманы мұқият оқып шығыңыз!
Төменде көрсетілгенді есте сақтаңыз:
Сенімді адвокатыңыз келмесе, куәлік беруден бас тартыңыз!
Мемлекет тағайындаған адвокат берілсе де, куәлік бермеңіз.
Жүріс-тұрысыңыз сыпайы және дұрыс болсын, дөрекі болмаңыз, балағат сөздерді қолданбаңыз. Полиция/ҰҚК қызметкерлері жасырын түрде бейнежазбаға түсіруі мүмкін. Бос бланкілерге немесе бос қағаз парақтарына қол қоймаңыз!
Егер сізге адвокатыңызбен кездесуге рұқсат етілмесе, ұстап алу туралы хаттамада қорғаушыңызды табу әбден мүмкін дегенмен онымен кездесуге рұқсат етілмегенін жазыңыз. Мүмкіндігінше, қажетсіз мәліметтерді жазудан аулақ болыңыз. Ұстап алу кезінде болған бұзушылықтар туралы жазуға болады: «Ұстау кезінде қызметкерлер өздерін таныстырмады; құқықтарымды түсіндірмеді; адвокатпен кездестірмеді; отбасыма қоңырау шалуға рұқсат бермеді; ұстап алу кезінде дене күшін қолданды – отбасым өкілдері мен адвокатымның қатысуымен медициналық тексеруден өтуді талап етемін; сұрақ қойылған тілді дұрыс білмеймін». Сондай-ақ: «Куәлік беруді және басқа да түсініктемелер беруді даярмын – егер қасымда адвокатым болса» деп қосып, хаттаманың жасалған күні мен нақты уақытын көрсетуді ұмытпаңыз. Ұстап алу хаттамасында қол қою графасы бар; бірақ қол қояр алдында хаттаманың көшірмесін беруді талап етіңіз. Түпнұсқаға және хаттаманың көшірмесіне қол қойыңыз. Егер полиция қызметкері «Қол қойыңыз, содан кейін көшірмесін беріміз» деген сияқты нәрсе айтса, олардың көшірмесіне қол қойыңыз, бірақ онда: «Қол қою кезінде маған хаттаманың көшірмесі берілмеді» деп көрсетіңіз.
Қандай да болсын «ақ ниетті» кінә мойындау жасау немесе шын жүректен өкінуді білдіруді туралы үзілді кесілді ұмытыңыз! Сотта бұл «кінәңіздің» негізгі және жалғыз дәлелі болады, тіпті сіз физикалық және психологиялық қысымға ұшырағаныңызды айтсаңыз да ешкім сізге сенбейді.
Полиция/ҰҚК қызметкерінің хаттама жасау кезінде жіберген қателіктерін елемеңіз. Кейінірек сол қателерді оған қарсы пайдалануға болады. мұны кәсіби заңгер, сіздің адвокатыңыз немесе қорғаушыңыз жасайды.
Кез келген ұстап алу денемізге кері әсер ететін стресстік жағдай. Денсаулығыңыз бен жүйкеңізді сақтауға тырысыңыз. Үндемеу құқығыңыз туралы тағы да еске салайын. Сіз тергеу кезінде, тіпті сот процесі кезінде де куәлік бермей үндемей отыра беруге құқылысыз.
Ұстап алудан кейін полиция/ҰҚК қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес қарап-тексеру, жеке басын тiнту және тінту жүргізе алады. Қарап-тексеру – адамның киген киімдерін және денесінің ашық бөліктерін көзбен шолу, сырттай қарап-тексеру нысанында жүргізіледі, оның барысы мен нәтижелері тергеу әрекетінің хаттамасында көрсетіледі. Тірі адамды қарап-тексеру үшін судьяның санкциясы қажет емес. Тұрғын үй-жайды қарап-тексеру онда тұратын кәмелетке толған адамдардың келiсуiмен немесе тергеу судьясының санкциясымен ғана жүргiзiледi.
Кейбір жағдайларда ҚР Қылмыстық-процестік кодекстiң 255-бабында көзделген қағидаларды сақтай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам ұстап алынған адамның жеке басына дереу тiнту жүргiзуге құқылы. Жеке басын тiнту – тiнтiлетiн адамның денесiндегі немесе денесінің ішіндегі, оның киiмiндегі нәрселер мен құжаттарды және оның жанындағы нәрселерді табу және алып қою мақсатында жүргізіледі. Жеке басын тiнтудi тiнтілетін адаммен жынысы бiр адам ғана және сондай жыныстағы куәгерлердің және қажет болған кезде мамандардың қатысуымен жүргiзедi.
Адам ұсталынып алу кезінде немесе қамауға алынған кезде жеке тінту тергеу судьясының арнайы бұйрығынсыз немесе санкциясынсыз жүргізілуі мүмкін; және бұл жағдайда жеке басын тінту куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін. Жеке тінту барысындағы әрекеттерді бейнеге түсіруіңізге болады.
Тінту, құжаттарды алу – дәлелдемелерді немесе заңды айналымға тыйым салынған заттарды анықтау/табу мақсатындағы тұлғалар мен үй-жайларды қарап-тексеретін процессуалдық әрекет. Тінту немесе құжаттарды алу үшін салмақты дәйектер қажет. Тінту жүргізуге, сондай-ақ құжаттарды, заттарды және олардағы ақпаратты алу туралы қаулы тергеу судьясымен санкциялануы тиіс. Сізге осы қаулы көрсетілуі тиіс.
Қоғамшылдардың үйлерін тінту әдетте сирек кездеседі (бірақ өтсе, өте қатал түрде өтеді; анамның үйінде тінтуді жасау үшін ҰҚК есікті сындырғаны туралы жоғарыда жазғанмын). Және осындай тінтулерді «зәре ұштыру» акциясы ретінде қарастыру керек, бұл қорқыныш атмосферасын қалыптастыру үшін авторитарлық мемлекет өкілдерінің қолданылатын әдістердің бірі. Полиция/ҰҚК қоғамшылдың үйінде қару-жарақ, жарылғыш заттар немесе тыйым салынған әдебиеттер жоқ екенін біледі; оларға жай ғана қорқыныш ояту үшін жоғарыдан бұйрық берілген. Иә, олар тінту кезінде бірдеңе лақтырып жіберуі мүмкін, бұндайға жол бермеу қиын. Егер авторитарлық мемлекеттің өкілдері қылмыстық істі бұрмалауды шешсе, олар дегеніне жетеді. Тінтулер туралы көп жазбай-ақ қояйын – тінту кезінде не істеу керек және қалай әрекет ету керектігі туралы тәжірибелі заңгерлермен кеңесе аласыз. Ең бастысы, тінту туралы ақпаратты мүмкіндігінше кеңінен таратыңыз. Сізге көмектесе алатын батыл және білімді әріптестер мен журналистер табылады.
Егер денсаулығыңыз бен өміріңізге қауіп төнбесе, не істеріңізді білмесеңіз, ештеңе істемегеніңіз жөн. Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті сізді ұстап, қамауға алу туралы бұйрықтарын орындағаннан кейін, олар бәрі бақылауда деп ойлап, тынышталады. Екі-үш күн ішінде оқиғалар қалыпты ағымға оралады. Сіздің қайда екеніңіз туралы отбасыңызға хабарланады, ал адвокаттар мен қорғаушыларға сізбен кездесуге рұқсат етіледі.
5. ИВС – уақытша ұстау изоляторы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І “Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы” заңы сәйкес, ҚР ІІМ бұйрығымен уақытша ұстау орындарының ішкі тәртіп ережелерін бекітті. Заң мен ережелердің мәтінін интернеттен Google іздеу арқылы таба аласыз. Дегенмен, сіз уақытша ұстау орнында екі күн — 48 сағат, сирек жағдайларда 72 сағат — ұсталатыныңызды ескерсек, бұл ережелерді егжей-тегжейлі зерттеудің мәні аз. Сонымен қатар, уақытша ұстау изоляторлары әдетте ведомстволық ғимараттарда немесе қалалық немесе аудандық полиция басқармаларында орналасқан. Бұл қалаға немесе қала орталығына жақын жерде уақытша ұстау изоляторларына полиция органдары мен прокурорлық қадағалау органдары оңай қол жеткізе алатынын білдіреді. Сол себепті олар қоғамдық бақылау комиссиялары мен Ұлттық алдын-алу тетігіне үшін қолжетімдірек. Мұның бәрі сіздің құқықтарыңыздың уақытша ұстау изоляторында бұзылуы екіталай екенін білдіреді: сізді тамақтандырады, жылы, құрғақ ортада ұстайды, таза ыдыс-аяқ, қасықтар мен шанышқылар, таза төсек-орын жабдықтарымен қамтамасыз етеді және душ қабылдауға рұқсат береді. Сіз тіпті сәлем-сауқат алып, сенімхат ресімдей аласыз, бірақ мұндай қысқа мерзімде мұны істеуге уақытыңыз болмауы мүмкін. Қысқасы, уақытша ұстау изоляторларының әкімшілігі үшін заңдар мен ережелерді бұзу қиын және тиімсіз; өз «қонақтарын», әсіресе саяси тұтқындарды тез арада шығарып тастауды жөн көреді. Тергеуші судья алдын ала қамауға алуды тағайындағаннан кейін, сіз тергеу изоляторына (ТИЗОға) ауыстырыласыз. Жалпы, заңда күдіктілер, айыпталушылар және сотталушылар тергеу изоляторына тасымалдау мүмкін болмаған жағдайда (жолдар болмаған немесе сапар тым алыс болған жағдайда) ИВСта ұсталуы мүмкін жағдайлар қарастырылған, бірақ бұл сирек кездеседі.
6. ТИЗОдағы алғашқы қадамдар
Ал енді, сіз тергеу изоляторындасыз. Әрине, сізді автозакпен – күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды тасымалдауға арналған көлікпен тасымалдайды. Зектерді, тіпті автокөлікте де тасымалдау «этап» болып саналады, «этап» туралы кейінрек айтармын. Күдіктілер мен айыпталушыларды әдетте жергілікті айдауыл – конвой қызметі – полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан тұратын “стационарлық” команда тасымалдайды. Сотталғандарды, әсіресе пойызбен тасымалдағанда, Ұлттық ұлан қызметкерлерінің бөлімшелері алып жүреді. Егер сіз жергілікті конвой қызметкерлерін мазақтап, менмендікпен немесе рұқсатсыз “қыдыруға” тырысып, ашуландырмасаңыз, олар әдетте көп қысым жасамайды. Жергілікті конвой автоматтарды ұстағанын және қызметші иттермен жүргенін көргенім жоқ, көбінесе тек жеңіл қарумен жабдықталады.
Бұрын айтылғандай, тергеу изоляторына қамау тек судьяның санкциясымен ғана мүмкін болады. Толығырақ ақпарат алу үшін ҚР Қылмыстық-процестік іс кодексінің 147-бабын қараңыз.
Әр ТИЗОда «шлюз» деп аталатын, көлемді, терезесіз, көбінесе ГАЗ-53 шассилі фургон-автозак оңай кіре алатын үлкен қақпасы бар бөлме, дегенмен қазір микроавтобустарға негізделген автозактарда да пайда болды. Автозак кіреді, ауа шлюзі жабылады, содан кейін айдауыл фургоннын есігін ашып, шығындар дейді. Содан кейін айдауыл командасы күдіктілер мен айыпталушыларды тапсыру, ал тергеу изоляторының қызметкерлері оларды қабылдау рәсімін бастайды. Бұл айтарлықтай ұзақ процедура, көптеген құжаттар толтырылады; неғұрлым көп адам әкелінсе, соғұрлым көп уақыт кетеді. Кейде ұсталғандар фургонда үнемі күтіп қалады; кейде, шығарылғаннан кейін, оларды тергеу изоляторындағы бөлмесіне қамап қояды. Ережеге сәйкес, тергеу изоляторының қызметкерлері сіздің бетіңізді жеке ісіңіздегі фотосуретпен салыстырады. Сіз бас киіміңізді шешіп, толық аты-жөніңізді және туған күніңізді көрсетуіңіз керек.
Талғат екеуміздің 2016 жылдың мамыр айының басында уақытша ұстау изоляторынан Атыраудағы тергеу изоляторына қалай ауыстырылғанымызды айтып берейін. Бұл кездейсоқтық па, әлде әдейі жасалған келісім бе, білмеймін, бірақ бізді қараңғы түскеннен кейін әкелді. Демек, бұл әдейі жасалған деп ойлаймын, себебі ҰҚКде уақыт жеткілікті болған және уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына дейін көлікпен бар болғаны қырық минуттай уақыт қажет.
Шлюздің іші күңгірт жарықтандырылған, қабырғалары қажалып, бетон едені бұдыр, тегіс емес – бұл үй-жайдын көптен бері жөнделмегені анық болды. Бізді қажетті құжаттарды толтыру үшін бір бөлмеге (кейінірек тергеу изоляторының жартылай жертөлесі екені анықталды, онда, мысалы, тәртіптік камера – ДИЗО орналасқан екен) кіруді сұрады.
Солай, Талғат екеуміз төбесі өте төмен болғандықтан басымыз төбе тіреліп, күңгірт, еш жиһаз жоқ, тіпті үстел де жоқ бөлмеде тұрмыз. Бізге қарсы бес бейтаныс адам, кейбіреулері азаматтық киім киген, кейбіреулері камуфляж киген. Мен спорттық күртешедемін. Содан, тергеу изоляторының бір қызметкері маған «күртешеңіздің сыдырмамен салыңыз» деді. Мен бас тарттым, салмағаным маған ыңғайлырақ деп. Жанағы қызметкер: «Салыңыз, салыңыз!» деп талап ете бастады. Мен үнсіз, әрекетсіз, бағынбастан қалдым. Үнсіздік. Он секунд өтті.
Сол кезде маған бір ой келді: «анау екеуіне психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, тамырларын басып қараңдар» деген бұйрық берілген жоқ па екен бұл қызметкерлерге. Тіпті жасырын түрде видеоға түсіріп жатса да таңданатыны жоқ. Сол сәтте біз үшін нашар сценарийлерді бұзатын ескерту шараларды жасау керектігін түсіндім —бастарында не пиғыл бар екенін кім біледі? Дауысымды барынша күшейтіп: «Құрметті полиция қызметкерлері, біздің кім екенімізді және түрмеге не үшін алып келгенін жақсы білесіздер», – деймін. «Мен де, Талғат та заңгерміз. Араларыңызда офицерлер болса, заңгерлер бар деген сөз. Сондықтан, Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде қатаң әрекет етейік. Ескертіп қояйын: егер біздің құқықтарымыз өрескел бұзылса, біз, Назарбаевты былай қойып (дәл солай айттым!), тек сіздермен ғана шұғылданамыз. Соттап, погондарыңызды шешкенше тынышталмаймыз» дедім. Бұған жауап ретінде азаматтық киім киген офицерлердің бірі (соңынан оперативник екені белгілі болды) ымыра интонациясымен: «Маке, бәрі жақсы, жоғарыға көтерілейік», – деді. Жоғарғы қабатта, жиһаз бен терезелері бар жарық кеңседе барлық ережелерге сәйкес қабылдау рәсімдері өтті. Басымдағы шашым әрқашан өте қысқа болғандықтан, маған шаштараз қажет болмады, Талғат басын қыруды шешті. Бірақ айыпталушыларға әлі сотталмағандықтан, шаштарын кез келген ұзындықта киюге рұқсат етілетінін есте сақтаңыз.
Кейінірек білгеніміздей, тергеу изоляторына жаңадан келгендерді шынымен де осы жертөле бөлмелерінде ұрып-соғып «қарсы алған», солай «сілкіп» алғаннан кейін рәсімдеу үшін жоғары қабатқа апарған. Әрине, ұрып-соғылғандар құқықтық жолмен өздерін қорғай алмағандар ғана болды. Кантардағыдай төтенше жағдай болмаған кезде – «бейбіт уақытта», тергеу изоляторындағы қоғамшылдарды ұрып-соғып «қарсы алмайтынына» сенімдімін. Демек, жоғарыда сипатталған психологиялық қысымның қандай да бір түрі әбден болуы мүмкін.
7. Карантин, ТИЗОдағы алғашқы 15 күн
Карантин камерасы бастапқыда (мүмкін, XIX ғасырдан да бері) инфекция жұқтырған арестанттарды анықтау үшін арналған – сол күндері ауру өзін білдірсе, түрме тұрғындарына инфекцияның таралуына жол берілмейді деп пайымдалған. Қазіргі уақытта тергеу изоляторына келгендердің барлығы қан анализін тапсырып, кеуде қуысының рентгенін түсіруі керек. Олар сондай-ақ суицидтік бейімділіктерді және әртүрлі психикалық бұзылуларды анықтау үшін психологиялық тестілеуден өтеді (ҚАЖК психологиялық қызметі өте осал; тест нәтижелерін қандай іске жарататынын білмеймін). ТИЗОға қамалғандардан дактилоскопиядан өтеді – ғасыр бұрынғы әдістерме, қағаз бен теріге сіңіп қалатын сияны қолданып саусақ және алақан іздерін алады. Сондай-ақ mugshot жасалады – арестанттың анфас және профиль суреттерін түсіреді (бұл үшін маған қолға айна берілді), бой өлшейтін сызықтың алдында және жеке ісіне арналған аты-жөні көрсетілген тақтайшамен бірге. Ережеге сәйкес, карантиндегі осы 15 күн ішінде ТИЗО қызметкерлері сотталғандарды нормативтік-құқықтық актілермен таныстырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды бұл мекемедегі өмірге дайындауы тиіс.
Сізді бөлім бастығымен, тергеу изоляторы бастығының орынбасарымен немесе мекеме бастығының өзімен кездесуге шақырады. Мемлекеттік үгіт-насихаттынан таптаурын болып қалған тоғышарлар, ҚАЖК қызметкерлерінің көпшілігі қоғамшылдарды «демшиза» деп санайды. Сондықтан, мүмкіндікті пайдаланып, оларға өміріңіз бен саяси көзқарастарыңызды түсіндіріңіз, не істейтініңізді айтып беріңіз – ел үшін жақсылық жасауға тырысатын қоғамшылдың бейнесі қандай болу керектігін саналарына сіңіруге тырысыңыз. Және, қызметкерлердің жағынан да, арестанттардың жағынан да заңның өрескел бұзылуына төзбейтініңіз туралы байсалды сәліқалы дауыспен жеткізіңіз. Әйтпесе, барлық органдарға шағымданатыныңыз туралы айтыңыз. Өзім солай әрбір тергеу изоляторында әрбір зона жасағанмын, мүмкін сондықтан болар менің қасымда ешкімді ұрып-соғып, қорлап азаптаған емес.
Карантин камерасы (ТИЗОда бірнешеуі болуы мүмкін) – кәдімгі түрме камерасы, бірақ арестанттардың негізгі бөлігі ұсталатын дәліздерден (қылмыстық сленгте «продолдардан») бөлек дәлізде орналастырылған.
Әрбір ТИЗОда «каптерка» деп аталатын қойма секілді бөлме бар. Ережеге сәйкес, қамалғандар жеке заттары мен дорбалаларын («кеширь» деп атанады) сол жерге қалдырады. Содан кейін жаңадан келген адамға матрац, жастық және төсек-орын берілуі керек.
2016 жылы, түн ортасына таман, төсек жабдықтарымен каптеркаға кіріп шыққаннан кейін, мені карантиндік камераға алып келді, Талғатты басқа камераға жібірді (заң бойынша, бір іске қатысы бар адамдарды – «сыбайлас» «подельниктерді» – бір камераға орналастыруға болмайды). …
Ескіргеннен, жөнделмегендіктен топсалары салбырап қалған ауыр темір есік бетон еденді қырып, артымнан сықырлап жабылды – мен камерадамын, алдымда ұйықтап жатқан адамдар. (2016 жылы ҚАЖКның барлық мекемелерінде қатаң режим орнатылды; түрмелердегі бұрынғы еркіндік – «ход», жойылды, бұл туралы кейінірек жазармын).
Камераның «төріне» жақындап, бос кереуетке (түрме сленгінде «шконкаға») матрац пен төсек-орын қойдым. Ережеге сәйкес, камераларда түнгі шам болуы керек, бірақ бұл камерада кәдімгі күндізгі шам қосылып тұрды. Сол кезде Атырау тергеу изоляторының камераларында әлі бейнебақылау болмаған; Сондықтан, кей ожарлау арестанттар қараңғыда ұйықтау үшін лампаны патроннан босатып жіберетін немесе шамға картон жапсырып жарықты күңгіртетін еді. Бірақ бұл әрекеттер ережелерге қайшы келетін, бақылаушылар (тергеу изоляторының қызметкерлері) түнде камераға кіріп, шамды бұрап немесе картонды алып тастай алатын. Шам қосқышы продолда, камераның сыртында.
Есік жабылғаннан кейін, ұйықтап жатқандар көздерін аша бастады. Жоғарғы кереуеттер ғана бос тұрды, арестанттардың бірі маған төменгі кереуеттен орын ұсынды. Оған алғыс айтып, бас тарттым. Алғашқы камераластарым жас жігіттер болып шықты, бәрі менен 15-20 жас кіші, олардың бірі Өзбекстан азаматы екен. Қандай жағдайда болсақ та, еліміз шығысқа жатады, үлкендерге құрмет көрсету әлі де біздің табиғатымыздың бір бөлігі. Камералас жас жігіттер де маған үлкен адам ретінде шынайы құрмет көрсетті. Дегенмен, камераластарыңызға алғашқы әсеріңіз өте маңызды, сондықтан осы рекомендацияны ескере отырыңыз: түрме камерасына алғаш кіргенде, карантинде болсын немесе басқа жерде, босағада тұрмай, тікелей камераның төр жағына өтіп, адамдар ұйықтамаса амандасып, заттарыңызды бос жерге қойып, аты-жөніңізді айтыңыз, политзек екеніңізді қосуды ұмытпаңыз.
Жүріс-тұрысыңыз табиғи қалпында сақтаңыз – басыңызды тік ұстаңыз, бүкірейіп мықшиймаңыз
– сіз ешкімге борышты емессіз, ешкімге жамандық жасаған жоқсыз, сіз еркін азаматсыз, заңсыз ұсталып заңсыз түрде де мүмкін сотталарсыз. Әрі қарай қалыптасқан жағдайға қарап әрекет етіңіз. Ережеге сәйкес, бұрын сотталмаған және бұрын сотталғандар бір камерада қамалмайтынын біліп жүріңіз. Бірақ түрмелердің тығыздығына байланысты, кейде бұрын сотталған арестант «первоходтардың» (алғаш рет қамалғандардың) камерасына апарылуы мүмкін. Егер бұндай ситуация орын алса, адвокаттарыңызға хабарлаңыз – бұл қасақана ұйымдастырған провокация болу мүмкін.
Күн сайын таңғы сағат 6:00-де ТИЗОның тұрғындарын қадағалаушы-контролерлар оятады, кейбір изоляторларында FM радиостанциясы толық дыбыс деңгейінде қосылады. Ережелерде радионы толық дыбыс деңгейінде дыбыстау көзделмегенін атап өткен жөн. ҚАЖК қызметкерлерінің өздері мұны арестанттар камерааралық әңгімелерді болдырма, немесе кедергі келтіру қажеттілігімен негіздейді (мұндай әңгімелерге тыйым салынады және тәртіптік жазаға әкелуі мүмкін). Карантиннен кейін мен таңғы сағат 6:00-ден кешкі 10:00-ге дейін, яғни ұйқыға дейін радио дыбысы сүйемелдеп тұрған камераларда отыруға мәжбүр болдым, қиын екен, маған ұнамады. Оянғаннан кейін бір сағат ішінде таңғы ас әкелінеді — әдетте ботқа, жұмыртқа, шай. Қамалудан есеңгіреп қалған адамдардың тәбеті онша емес, демек барлығын жеуге тырысыңыз, дымқыл және суық бөлмелер энергияны қажет етеді.
Таңертең жуынып болғаннан кейін, камераластарымның бірі маған карантиндік камерадағы күнделікті өмір қалай өтетінін тез түсіндірді. Дәретханаға келетін болсақ: біріншіден, тергеу изоляторларындағы дәретхана камераның қалған бөлігінен оқшауланбаған, бірақ шамамен бір метр биіктіктегі ішкі арақабырғамен бөлінген, ал есіктің орнына перде ілінген. Екіншіден, ол азиялық конструкциясымен салынған (жүресінен отыру керек).
Жалпы режим зонасында болғандар және «первоходтардың» бір ережесі бар: біреу тамақтанып жатса – дәретхананы пайдалану тыйым. («особист» және кейбір «строгач» арестанттар – арнайы және қатаң режимдегі лагерьлерден өткендер – мұндай «ұсақ-түйекке» мән бермейді және камераластары дәретке отырғанда да тамақтана алады деп естідім.) Содан кейін ол ішкі ережелермен белгіленген, режимге байланысты міндетті түрде болатын камералық кезекшілік орындары бар екенін жариялады. Кезекшілік орны инспекторларға есеп береді және камераны тазалайды. Сондай-ақ, ішкі ережелермен белгіленген, режимге байланысты міндетті болып табылатын камералық кезекшілік бар екенін айтты. Кезекші тексерушілер алдында есеп береді және камераны тазалайды.
Барлық ТИЗОның, соның ішінде карантиннің өмірі 2017 жылғы 26 шілдеде ҚР ІІМ бекіткен № 505 «Қылмыстық-атқару жүйесі тергеу изоляторларының ішкі тәртіптеме қағидалары» бұйрығымен реттеледі. Политзектер осы ережелермен танысқаны дұрыс.
8. ТИЗОда қалай өмір сүру керек
ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне сәйкес, алдын ала қамау мерзімі екі айдан аспауы керек, бірақ бұл мерзім әдетте кемінде алты айға дейін ұзартылады. Өзім тергеу изоляторында сегіз ай өткіздім, бір жылдан астам уақыт тергеуде болған адамдар туралы хабарламалар бар. ТИЗОдағы өмір көңілді, бірақ бұл да шаршатады, демек осы мекемеде өткізген бір күн зонадағы бір жарым күнмен теңестірілуі туралы ереже сізге жұбаныш болсын. Бұл ереже 2016 жылы әлі болмаған еді – 2019 жылы күшіне енді, солай мен де қамаудан екі-үш ай бұрын шықтым.
ТИЗОға келген бойда мені көп нәрсе таң қалдырды, мысалы, арестанттардың құрамы. Үңіле қарап, ақылға салған кезде, полиция көшеде жүріп, кездескен кез келген адамды ұстап алғандай көрінді. Карантинге мен барғанда кездескендер – өзбек жас жігіт, мигрант, Атыраудағы құрылыста жұмыс істеп жүрген, бірақ оның бригадирі, сондай-ақ өзбек, нашарлау адам, мінезі қатыгез және алкоголь ішетін болып шықты. Бір күні мастықпен, бригадир қарауындағыларды ұра бастаған; одан кейінгі төбелес кезінде бастық-өзбек пышақ жабысқан – өлімін сол пышақтан тапқан. Карантиндегі тағы бір көршім – Атырау тұрғыны, жұмыссыз, заманауи би хоббиімен ерекшелген жас жігіт –– қосымша ақша табуды шешіп марихуананы сатумен ұсталған.
Келесісі, Құлсарыдан келген қара жұмысшы, мас күйінде полицияға қоңырау шалып, бір жерде бомба жатқаны туралы хабарлаған. Әрине, тез арада қамауға алынады, себебі бұл есер бала өз ұялы телефонынан қоңырау шалған. Тағы бірі – Атырау әкімдігінде байланысы көп болған, шағын және орта бизнес кәсіпкері, алаяқтық жасады деп айыпталған. Қысқасы, сіздің камераластарыңыз жиі кездесетін типтік сипаттамаға сай кәдімгі замандастарыңыз болады. Олардың арасындағы ешкімге ұқсамайтын нағыз «ақ қарға» – сіз боласыз.
Жүйелі түрде қылмыспен күн көретін немесе тұрақты қылмыстық топтың мүшелер – кәсіби қылмыскерлер – сирек кездеседі. Оларды зонада кездестіруіңіз мүмкін, бірақ онда да олардың саны аз.
ТИЗОдағы алғашқы күннен бастап сізді қорғау үшін жақын туыстарыңызға, жақын достарыңызға немесе әріптестеріңізге сенімхат берген жөн. Ол үшін мекеме басшысына өтініш беруіңіз керек (изоляторының басшысы нотариус қызметін атқарады), қажетті құжаттарды қоса тіркеңіз немесе нотариусты өзіңізбен бірге ала келуге болады. Сенімхат сіздің құқықтарыңыз бен мүдделеріңізді қорғауды жеңілдетеді, сондықтан осы документтің жарамдылық мерзімін ең жоғары түрін – үш жыл деп көрсетіңіз, және барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдарда сіздің өкіліңіз болуға құқық беріңіз. Бостандықта, бірақ риск аймағында жүрген қоғамшылға сенімхатты жасап алған дұрыс болады.
Өз тәжірибеме сүйеніп айтайын: алғашқы күндерден бастап сізді өз ұстанымыңыздан бас тартуға мәжбүрлеу үшін билік түрлі шаралар қолдануы әбден мүмкін, мысалы өкіну хатын жазсаңыз жеңілдеу жаза тағайындаймыз деп ұсыныс жасайды. Бұл ұсыныстар адвокаттар, қорғаушылар және қонаққа келген туыстар арқылы жеткізіледі. Мұндай «ұят» ұсыныстарға психикалық тұрғыдан дайын болған дұрыс. Жалпы, түрмеде отыру-отырмау жөнінде, алдын ала шешім қабылдау өте маңызды.
Егер сіз өз ұстанымыңыздан бас тартқыңыз келмейтінін түсінсе, билік психологиялық қысымға жүгіну мүмкін. Айталық, ілік аударып ұсақ-түйек сөгістерді жариялап бастайды: таңғы сағат 6:00-де төсектен тұрмады (немесе кешкі сағат 10:00-де ұйықыға жатпады), конвоймен кележатқан кезде қолды артында ұстамады; камераға тексерушілер кіргенде белгіленген жерде тізілмеді және т.б. Кейбір барып тұрған айла әрекет алдын ала дайындалған арандатушылар арқылы іске асырылады. Мысалы, камераластар бір біріне ештеңе бере де алада алмайды, себебі ережелер бұған тыйым салады; ал арандатушы бірдемені алып, сізге қарсы шағым түсіруі мүмкін. Немесе заңнамаға қайшы келсе де сізді бұрын сотталғандармен қамауы мүмкін. Егер бұл орын алса, дереу адвокаттарыңыз бен қорғаушыларыңызға хабарлаңыз және прокуратураға немесе өзіндік қауіпсіздік қызметіне шағым түсіріңіз. Жалпы, бұл толықтай кездейсоқтық та болуы мүмкін, бірақ сізді қорқыту үшін әдейі жасаған арандатушылық та болуы мүмкін. ТИЗО, зоналардың әкімшілігі тағайындаған сөгістердің барлығына сот арқылы шағым түсіріңіз міндетті түрде — сотқа өтініш жазуды үйрену қиын емес.
Есіңізде болсын, егер мерзімінен бұрын шартты босатуға өтініш беруді жоспарласаңыз, ТИЗОда берілген сөгістердің барлығы күдіктілер мен айыпталушылардың жеке істеріне енгізіледі, содан кейін сотталғандардың істеріне жазылады. Сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініштерін қараған кезде осы сөгістерге назар аударады.
ТИЗОда Талғат екеумізге қарсы еш ашық немесе ауыр арандатушылық болған жоқ, бұл жағынан изолятордағы уақыт сәтті өтті деуге болады. Сол 2016 жылы Назарбаев режимі жұрттың бәріне мезі болған деп ойлаймын, қамалғандар да, ҚАЖК қызметкерлері де бізді кем дегенде аяп, көп дегенде құрметтегеніне байланыстырамын.
Соған қарамастан, мен кез келген арандатушылыққа психикалық тұрғыдан дайын болдым және барлық қоғамшылдарға кез келген нәрсеге дайын болуды ұсынамын. «Түрме – санаторий емес» деген сөзді жиі еститін едім, сіз де естисіз.
Тергеу изоляторында қажет нәрселер. Әрине, жыл маусымына сай киініңіз. Киіміңіз таза болса, ешкім сыртқы келбетіңізге мән бермейді тіпті жамау шалбарыңызға да. Ер адамдарға келте шорт кимеуге кеңес беріледі, себебі мазақ болу қаупі бар. Қысқасы, пойызбен жүргендей киінгендей киініңіз. Аяқ киім жыл мезгіліне сәйкес болсын; ТИЗО кешеніндегі серуендеу алаңына, кездесу бөлмелеріне және адвокаттармен кездесу бөлмелеріне жаяу барасыз. Сотқа бару керек болған кезде сізге кроссовка немесе жеңіл ботинкилер қажет болуы мүмкін. Отбасыңыздан тергеу изоляторына резеңке тәпішкелер әкелуді сұраңыз. Олар камера ішінде, қойма мен моншаға барар жолда пайдалануға жарамды және оларды әрқашан тез жууға болады. сыдырмасы бар қазақ былғары мәси кию ТИЗОда және зонада маған ұнайтын – ыңғайлы және аяғымды жылы ұстады. Мәсіні шешпей-ақ кереуетке жата алатынмын. резеңке тәпішке немесе резеңке галош мәсі үстінен киіп жүре беруге болады және. Қоғамшылдар көбінесе өз қалаларында ұсталады, сондықтан ТИЗОға бірдеңе жеткізу онша қиын емес.
Отбасыңыздан қалың қабырғалы, ыстыққа төзімді пластик ыдыстарды (шыны, керамика ыдысты қолдануға тыйым салынады, сынғыш болғандықтан) – шайға арналған тұтқасы бар стақанды, тығыз жабылатын қақпақтары бар бірнеше тегенелерді (түрмелерде «камазик» немесе «бутафор» деп аталатын), берік, ұзақ пайдалануға болатын пластик қасықты әкелуді сұраңыз; Түрмеде өзіңіздің электр шәйнегіңіздің болуы өте пайдалы. Отбасыңыздан сапалы шәйнек сатып алуын сұраңыз – олар жиі қолданғаннан күйіп кетеді. Сондай-ақ, отбасыңыздан үлкен жол дорбасын (түрмеде «кеширь» деп аталады) әкелуді сұраңыз, ескісі де жарап қалады. ҚАЖК ережелеріне сәйкес, сіз кешірьді каптеркада сақтайсыз; барлық заттарыңызды сақтау үшін пайдаланасыз. Түрме аты түрме, кейде каптеркалардан заттар ұрлануы болады (арестанттардың сленгінде – «егеуқұйрықшылдық»), темекі немесе, айталық, Adidas спорттық киімдері ұрлануы мүмкін. Бірақ маған бұл жағдай да мүлдем кездеспеді: темекі шекпеймін және үйден жаңа киім сұраған жоқпын.
Сондай-ақ, ҚАЖК ережелеріне сәйкес, қырыну құралдарын, тырнақ алғыштарын, кішкентай маникюр қайшыларын және тігін инелерін (олардың барлығы “КРП” деп аталады – «колюще-режущие предметы» – өткір және кесетін заттар) мекеме қызметкеріне тапсыру керек, ол шомылу күні немесе қажет болған жағдайда сізге береді.
ТИЗОларда шылым шегуге тыйым салынады; қамалғандарға күніне бір рет қана темекі шегуге рұқсат етіледі — серуенге шығарған кезде (зонада кез келген уақытта, барактың сыртында шегуге болады). Әрине, бұл тыйым темекі шегушілерге, әсіресе үнемі стрессте жүргендерге әсер етпейді. Камераларда темекіні сақтауға да тыйым салынады — бірақ арестанттар жасырын түрде кіргізуді жолдарын табады, сосын тінту кезінде табылса темекі тәркіленеді.
Маған, темекі шекпейтін адамға шегушілермен бір камерада отыру өте қиын болды. Бұл жаман әдеттен олар өздері арыла алмайды, үнемі дауласып ұрысып отыру тығырыққа апаратын жол, сол себепті түтін жұтуға мәжбүр болдым. Мені сыйлап, камералас жігіттер желдің бағытына байланысты терезенің немесе есіктің жанында темекі шегетін, бірақ бұдан көп нәтиже болмады.
Вагонзактарда да (қамалғандарды тасымалдайтын вагондарында) темекі шегуге қатаң тыйым салынатыны түсінікті, бірақ онда да темекі шегеді. Тінту кезінде темекіні тәркілеген конвой қатан тыйым салу көтеріліске әкелетінін біле отырып, өздері мезгіл-мезгіл темекіні таратып отырады. (тұтатылған шылымнан шыққан түтін ішектей керіліп тіп-тік көтеріліп төбедегі вентиляция тесігіне сорылған таңғажайып бейне есімде жақсы сақталған; ұзақ аралықтарда пойыз жылдамдығын арттырған кезде вентиляция қарқынды жұмыс істейді).
Аптасына бір рет әр қамалған шомылуға құқығы бар; бұл ережелерде көрсетілген. Өзіңізбен бірге жуынып-шайыну заттарын үйден алдырғаныңыз жөн. Дегенмен, ережелерге сәйкес, ТИЗОда кір сабыны беріледі – кейде жағымсыз иісі бар және суда тез ыдырайды сапасыз болса да. Шомылуға тек камераластарды апарады, бұл басқа камералардағы қамалғандармен кездесуіне немесе әңгімелесуіне жол бермеу үшін жасалған. Шомылу уақыты бір сағаттан аспайды. Мен болған алты ТИЗОлардың барлығында бірнеше душ кабинасы бар бөлмелерді монша деп атаған. Көбінесе бұл моншаларда күрделі жөндеу ұзақтан бері өтпеген, крандағы су қысымы төмен болады, сондықтан арестанттар душ орнына әртүрлі шылапшын шелектерді пайдалануға мәжбүр. Реті болғанда, прокурорларға немесе Қылмыстық-атқару жүйесінің бастығына шағымданыңыз; душ кабиналары тез жөнделмейді, бірақ олар ескере жүреді.
ҚАЖК мекемелерінде «положняк» деп аталатын сленг ұғымы бар, арестанттарға міндетті түрде берілетін заттарды солай атайды. ТИЗОларда бұл, мысалы, сабын мен тіс пастасы; зоналарда іш киім, шұлық, жылы киім және т.б.
ҚАЖК ережелерінде ТИЗОларда радио динамик болуы керек делінген, әрине, изоляторларда ондай құрылғы жоқ, бірақ сіз радио тыңдау құқығын талап ете аласыз. Егер табандылықты білдірсеңіз, камераңызға радиоқабылдағыш әкелуге рұқсат ала аласыз (бұл жағдайда отбасыңыздан немесе достарыңыздан қысқа толқынды қабылдайтын радионы сұраңыз, сонда сіз тек FM станцияларынан басқа да радиоларды тыңдай аласыз) немесе тіпті теледидар да ала аласыз — өйткені сіз әлі сотталмаған азаматсыз.ҚАЖК қызметкерлері бұл құрылғылардың ішін ашып, тексеруге құқылы.
ТИЗОлардың кітапханасы әдетте жақсы болады – кітаптарды қамалғандар өздері жинайды – үйден алып түрмеде қалдырады; немесе мекеме әкімшілігі газет арқылы түрлі әдебиет керек деген хабарлама жасап жинай алады, өйткені бостандықта жүргендер көп оқымайды. Кітапханашы болып изолятордың погон тақпайтын жұмыскерлері істейді. Кітаптарды көбінесе арбамен жеткізеді, бірақ тіркеліп, кітапханаға барған дұрыс.
Күн сайын таңертең және кешке ТИЗОда тексерулер жүргізіледі. Таңертеңгі тексеру кезінде изолятордың бастығына, прокурорға және т.б. атына алдын ала дайындалған жазбаша өтініш бере аласыз. Дегенмен, егер шағым арызыңыз айтарлықтай маңызды болса, бұны адвокатыңыз арқылы бергеніңіз жөн. Тексеру кезінде камера кезекшісі камерадағы адамдардың саны және қандай да бір мәселелердің бар-жоғы туралы есеп беруге міндетті. Бұл ұсақ-түйек зияны жоқ нәрсе сияқты, бірақ кейбіреулер есеп беру міндетін адамның қадір-қасиетін қорлайды деп санайды. Мен есептің өзінде ұят ештеңе жоқ деп шештім, бірақ оны былай аяқтайтын едім: «Камерада кезекші – заңсыз ұсталған Қазақстан Республикасының азаматы, саяси тұтқын Макс Бокаев» деп. Әрине, изолятор қызметкерлеріне бұл ұнамады, бірақ маған қарсы ешқандай шара қолданбады. Зонада кезекшінің есебін беру қажет болған кезде мен: «Жасақ кезекшісі, заңсыз сотталған, саяси тұтқын, Қазақстан Республикасының азаматы Макс Бокаев» деп айтатын едім.
Қазақстандағы түрмелер мен зоналар ескі, көпшілігі 40-50 жылдан астам уақыт бұрын салынған. Тәуелсіздік алғаннан бері, менің білуімше, үш-төрт тергеу изоляторы салынды – Алматы, Шымкент және Көкшетау қалаларында. Сәйкесінше, қамау мекемелеріндегі жағдайлар өте нашар. Түрмелердің тозығы жеткенін сипаттау үшін мен Қарағанды түрмесіне барғанымның оқиғасын айтып берейін – онда алты рет болғанмын. Алғашқы келгенімде мені соншалықты қорқынышты – қабырғалары көгерген, жарығы нашар камераға қамады. Мен бірден есікті қаға бастадым, мақсатым басқа камераға ауыстыру болды. кезекші бақылаушылармен ұзақ дауласқаннан кейін мені басқа камераға апарды, бұған екі-үш сағат уақыт кетті. солай Т. есімді жақсы адаммен таныстым, бұл арестант қосымша тергеуде ДСта жүрген кәсіпкер болып шықты. ол бір жылға жуық уақыт бойы осы турмеде қоныстанғандықтан камераны өз қаражатына жөндеген. Т. басқа қалада экономикалық қылмыс үшін сотталды (шын мәнінде, рейдерлердің құрбаны болды), ал Қарағанды облысында оған қарсы тағы бір іс қозғалған екен. ДС бойынша ол толық ақталғанын туралы жазған орынды болар. Сонымен, Қарағанды түрмесі арқылы кейінгі транзиттер кезінде мен Т.-ның камерасына жіберуді сұрайтын едім. тар, қапырық және лас столыпин вагонында бірнеше сағат бойы отырғаннан кейін оның камерасы үш жұлдызды қонақ үй сияқты сезілетін. Бірақ бұл түрменің вентиляция жүйесі жұмыс істемейтін; терезелерді жабса ауа жоқ, ашса камераға көшеден сасық иіс кіред. Көшеден кіретін иістің неліктен сасық болғанын түсіну үшін, арестанттардың «пошта жүйесі» туралы айтуымыз керек. Бұл жүйе камералар терезелерінің арғы жағында байланған арқан, жіп, сымнан жасалады. осылайша «мулька», «малявалар» тіпті кішкентай «сәлемдемелер» – камерадан камераға жоғарыдан төменге, он жақтан сол жаққа де, қай жаққа болса да мүмкін еді. мұндай «пошта жүйесінің» бар екендігі туралы 20 ғасырдың басында сотталған большевиктер жазған екен! Бұл «поштаның» ең қарапайым түрі – «ат», яғни жаймалардан жасалған арқанға байланған, ішінде сәлемдеме салынған қап. «Ат ойнату» дегені – түрменің төменгі қабаттарындағы қамаудағыларға бірдеңе салынған қапты түсіру. Мұндай пошта жүйесін жұмысын қиындату үшін Қарағанды түрмесі ғимаратының сыртына темір қораптарды бекіткен, бұл жоғарыдан «сәлемдемелерді» алуды шынымен қиындатты. Бірақ, мынадай мәселе туындады: арестанттар көгершіндерді қоректендіру үшін тамақтың қалдықтары сол кораптардың үстінде лақтырады, құстардың жемей қалдырғанымен түрмедегі көптеген егеуқұйрықтар қоректенеді. Осылайша құс пен егеуқұйрықтың нәжісінен және шіріген тамақтың миксінен сасық иіс туындайды.
Атырау тергеу изоляторында мұндай қораптар болмағанын және әлі де жоқ сияқты екенін қоса кетейін, сондықтан камералардағы ауа тыншу болса да, сасық емес. «арестанттардың поштасымен» күресу үшін әкімшілік түбегейлі шешім тапты: терезелерге жіңішке тормен, тіпті адам қолың кіргізу мүмкін емес торларды дәнекерледі. Қарағанды түрмесінде болған кезде осы сасық иіске наразыланатын едім, және Т.-ны терезелердің сыртындағы қораптарды тазаласын деп әкімшілікке шағымдануға итермелейтін едім. Солай, Қарағанды түрмесіне төртінші немесе бесінші рет барғанында, Т. камерасына кіріп, сасық иісті байқамадым. Терезегеден қарасам – қорап жоқ екен. Күліп тұрып Т. әкімшілікке шағым жібердім, егер сасық иістің мәселесе шешілмесе Боқаев деген саяси тұтқын сотқа жүгінеді деп жаздым деді. Сол шағымды оқып, Қарағанды түрмесінің әкімшілігі қорқып, қорапты алып тастаған деді. Мен Т.-ның әзілдеп тұрғанын түсініп, одан шынында не болды де сұрасам, оқиға былай болған екен: түрме қабырғалардың сыртқы сылағы ескіргеннен әбден босап, бүткіл қапталармен және сол қораптармен бірге құлап түскен екен. Қабырға мен сылақтың арасындағы пайда болған індер мен өткелдерде тұратын егеуқұйрықтар қирандылардың астында қалып қойды. Мұның бәрі түн ортасында болған, сондықтан ешкім зардап шеккен жоқ, бірақ Т.-ның айтуынша, жер сілкінісіне ұқсайтын шу болыпты.
Кейінірек, 2019 жылы маған Ақтөбедегі тергеу изоляторында төбенің арқалығы құлағанын айтты, әріне, бұл ғимараттың ескіруіне және көп жылдар бойы пайдаланылып келе жатқан күрделі жөндеудің болмауына байланысты болды. Тозығы жеткен түрмелер көп, осындай опырулар көп болуы әбден мүмкін ресми түрде төтенше жағдай орын алды деп жария етпеседе.
Жоғарыда айтқанымдай, мен түрмеге қамалғанымда қылмыстық әлемнің қалыптасқан тұрмыс салты әбден жойылған еді – ҚР ІІМ ҚАЖК барлық мекемелерінде қатаң режим орнатқан. Алайда, 2019 жылдың басында бюджет тапшылығына байланысты режим босаңси бастады. Сыбайлас жемқорлық деңгейі де көтеріле бастады – баспасөзде 2021 жылы Алматы ТИЗОсында коммерциялық камералар пайда болғаны туралы хабарланды. түрмелерді ресми түрде бақылайтын ҰҚК департаментінің бір қызметкері ұйымдастырды деп айтылған Алмалы аудандық сотының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі үкімінде. Сәйкесінше, қылмыстық әлем қайта жандана бастады. зоналарда «ойын қоюды» бастаған, жасырын казинолар ашылған, алаяқтық операциялар үшін заңсыз колл-центр құрылған және т.б. туралы БАҚ хабар таратты.
Қылмыстық әлемнің заңдары – «понятияларға» бойынша, қамалғанды құмар ойындарға мәжбүрлеуге тыйым салынады, бұл туралы бір шал арестант айтқан маған. Бірақ коррупция мемлекетті де қылмыстық әлемді де құртады. Егер сіз барған ТИЗОны ашкөз қылмыскерлер басқаратын болса, сізді де осы жасырын казиноларға алдап ойнатқызуы мүмкін. Менің рекомендациям – ешқашан, ешқандай жағдайда құмар ойынға келіспеңіз, камерада отырып бәс тігіспеңіз, тіпті бірдемені талқыға салғанда ақша ставкасын қоймаңыз. Ақша ставкасын қою, бәс тігу – құмар ойынға алғашқы қадам. Сирек жағдай – камерада сіз сияқты первоход болса да, бірақ қылмыскерсымақтардың ортасынан шыққан жеңіл олжа іздеушілердің біреуі кездесіп қалуы мүмкін. Бұндай жүгірмектер жайына қарап отырмай басқалардан алдап-арбап айналдыру әдістермен материалдық игіліктерді алуға тырысады.
Мысалы, 1990 жылдардан бастап көшедегі ұсақ қылмыскерлер мына айла-шарғыны қолданып келеді: саябақта немесе басқа жерде демалыста жүрген біреумен кездескенде, олар: «Сен қай жылғысың?» деп сұрауы мүмкін. Айталық, демалушы адам: «1973 жылғымын», – деп жауап береді. Олар: «Жоқ, сен 1973 жылғы емессің», – деп жалғастырады. Бірақ ықтимал құрбан өзі туралы бәрін біледі ғой, сондықтан өз дегеніне табандылықты танытады. Олар (анау ұсақ қылмыскерлер) ақша бәстесуді ұсынады. Егер жанағы демалушы адам ақымақ болса, ол келісіп, төлқұжатын көрсетеді. Содан кейін қылмыскерлер: сен 73 жылы емес, 1973 жылы дүниеге келгенсің, дейді. Формальды логика тұрғысынан алғанда, олардықі дұрыс – ақшаңызды беріңіз. Сес көрсетумен ұластырған осындай примитивті амалдар әлі күнге дейін қолданыста болуы мүмкін. Сондықтан, қайталаймын, ешбір жағдайда ештеңеге бәс тігуге болмайды, тіпті камерада отырып та бәс тігуге болмайды. Бәс тігу – құмар ойынға алғашқы қадам, ал түрме казиносында ұту деген жоқ.
Және келесі рекомендацияны есте сақтаңыз: егер сіз бірдеңе уәде еткен болсаңыз, оны міндетті түрде орындауға тырысыңыз. Жалпы, уәдені орындау керек екені айдай анық, бірақ түрмеде және зонада бұның маңыздылығы экспоненциалды түрде артады. Уәдесін орындамайтын адам, ең аз дегенде, жеңілтек және жеккөрушілікке толы адам болып саналады – балабол деп аталып. Сондықтан ешкімге еш уәде бермеген дұрыс, бірақ егер сіз біреуге – арестантқа болсын ҚАЖК қызметкеріне болсын – бірдеңе уәде еткен болсаңыз, оны орындаңыз.
ТИЗО, зоналарда сіздің заңгерліктен аз-мұз хабары бар екенін білгеннен кейін сізден көп адам көмек сұрайды. Менен көмек сұрап хабарласқандарға ауызша кеңес беруден ешқашан бас тартқан емеспін. Жазбаша шағымдар немесе өтініштер жазуға тек мүгедектерге, сауатсыздарға және бір-екі шетелдіктерге, шектеулі жағдайларда ғана көмектестім. Заңгерлік көмекті қалай, кімге және қандай түрде көрсетуді өзіңіз шешіңіз.
ТИЗОларда азық-түлікпен мәселе болмайды; қамалғандар отбасыларынан апта сайын сәлемдеме алып, жарты жылдың ішінде артық салмақ қосып семіріпте кетеді. Сондықтан тамақ мол болса, оны басқа қалалардан келген немесе шетел азаматтарымен бөлісіңіз; ірі қалалардың ТИЗОсында олар жиі кездеседі.
Мемлекет белгілеген ережелерге сәйкес, ТИЗО басшылығы еш ескертусіз, еш түсіндірмесіз қамалғанды камерадан камераға (зонада – барактан баракқа немесе тіпті басқа зонаға) ауыстыруға құқылы. Әкімшілік ауысуды «жедел қажеттілік» негізі бар деп түсіндіреді, бұндайда еш нәрсе істей алмайсыз. Камерадан камераға көшу түрме сленгінде «келешовка» немесе «келеш» деп аталады. Бұл көшу – камераластарыңызбен тіл табысып, солармен бірге тазалап қойған, жайғасып алған камерадан кету – қуантарлық нәрсе емес. Баратын жеріңіз жөнделмеген, лас камера болу мүмкін, оған қоса танымайтын арестанттармен қарым қатынастарды нөлден бастау керек болады.
Көшуге қатты ынтаңыз болмаса, ТИЗО бастығына арыз жазып, кездесуге тырысыңыз, мүмкін жолыңыз болып келешті болдырмас. Бірақ келеш еш қашан болмайды дегенді білдірмейді. Мүмаін бір айдан кейін заттарыңызды арқалап басқа камераға кетерсіз. Сонымен қатар, мұны ескере жүріңіз: бастық сізге жақсылық жасадым деп ойлай бастайды, сондықтан сізден де «жақсы» жауап күтеді.
Көптеген тергеу изоляторларында жылыту жүйесі мәселелері жиі кездеседі; терезе жақтаулары ескі, сынықтар көп. Көптеген түрме, барактарда вентиляция жүйелері де жоқ (Атырау ТИЗОсына вентиляция сегіз ай бойы прокуратура мен ҚАЖД шағым жазғаннан кейін орнатылды; Петропавл зонасындағы баракқа да солай жазып салдырғанмын). Қазақстанның климаты қатал — жазда ыстық, қыста суық — сондықтан тергеу изоляторының әкімшілігі камераларда әртүрлі жылытқыштар мен желдеткіштерді пайдалануға қарсы болмайды. Дегенмен, бұл құрылғыларды арестанттардың отбасылары мен достары әкеледі. Егер камераңыз ыстық немесе суық болса, электр құрылғысын кіргізу үшін түрме бастығынан рұқсат сұраңыз. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалармен белгіленген жағдайларда өмір сүру -сіздің құқығыңыз.
Жалпы, жоғарыда айтылғандай, түрмелер мен лагерьлерді реттейтін заңнаманы білу пайдалы. Бұл сізге өз құқықтарыңызды тиімді қорғауға немесе әкімшілікпен «саудаласқанда» ықпал етуге тұрарлық уәждерді береді, солай сізге қажетті шарттарды қоя аласыз. Мысалы, ТИЗО камерасының ұйықтайтын орындарында едендері ағаш болуы керек, бірақ көптеген түрмелерде олар бетоннан жасалған, әрі кетсе жыртық линолеуммен жабылған. Егер сіз «келешті» болдырмауды көздесеңіз, камераның стандарттарға сай еместігін айтып, мемлекеттік органдар мен БАҚ-та бұзушылықтар туралы жариялайтыныңызды меңзеңіз.
Өзім кей жағдайларда түрме-зоналардың әкімшіліктерімен елеулі текетірестерге барғанмын, ал кейде шағымымды сотқа жеткізбей жартылай шараларға жүгінуді жөн көрдім. Қалай әрекет ететініңіз өзіңіз шешіңіз; әр жағдайдың мән-жайлары ерекше болады.
ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелері материалдық базасы дерлік тозығы жеткені және стандарттарға сай емес болғаны былай тұрсын, бұған қоса коррупция қылмыстық-атқару жүйеде де терең тамыр жайған. БАҚ хабарламаларынан алынған ресми статистика: сотталғанды қамауда ұстау үшін күніне мемлекеттік бюджеттен 7500 теңге талап етеді. Тиісінше, түрмелер мен зоналарда 30 000 адам үшін бюджеттен күніне 225 миллион теңге жұмсалады. Сонымен, арестанттардан қанша «табыс табуға» болатынын өзіңіз санай беріңіз. Сондықтан, егер сіз түрмелер мен зоналарды реттейтін заңнаманы жақсы білсеңіз, прокуратураға, сотқа шағымдану себептер жеткілікті болады, осындай жағдайда сізден сескеніп құрметтей бастайды.
Шектелген бөлмелерде ерлер де, әйелдер де әртүрлі деңгейдегі жанжал, ұрыс-керіс, конфикттерге ұшырайтыны – сөзсіз. Мұны постулат етіп қабылдайық: ондай жағдайлар тіпті отбасыларда, туыстардың арасында да болып тұрады, ал түрме зоналарда мүлде жиі кездесуі мүмкін. Дегенмен, сіз, мен сияқты – мәселелерді көбіне бейбіт жолмен шешуге тырысатын, физикалық қақтығыстарға жол бермеуге ниетті, адекватті адамдармен жиі жолығатыныңызға үміттенемін. Түрмеде де, зонада да ақ пен қараны айыра алатын, қажет кезде сөзбен де, іспен де сізге қолдау көрсететін, шектен шыққан «бұқаны» тоқтата алатын ақылгөй адамдар кездесетініне сенімдімін.
Бірақ қонфликттің эскалациясы басталып кеткен жағдайда не істеген жөн? Егер сіз жабық камерада болсаңыз, ал камераласыңыз шамадан тыс агрессия көрсетіп бастаса – ауызша, балағат сөздермен; не физикалық түрде – итеріп, соғып жатса; онда боксшы стойкасына тұрып, төбелеске дайындалуға кеңес беремін. Кез келген жанжал жағдайында өзіңізді лайықты ұстаңыз, бұл маңызды. Сабырлы дауыспен мәселені отырып, сөйлесіп шешуді ұсыныңыз, сізге төбелес пен текетірестің керегі жоқ екенін айтыңыз. Физикалық тұрғыдан анау «бұқадан» (ол тіпті «тоқылдақ» да шығар, кім білсін) әлсіздеу болсаңыз да, сабырлық пен рух көрсетіп, оның алдында моральдық тұрғыда мықты бола аласыз. Сіз – тәрбие көрген адамсыз, сондықтан жауап ретінде балағат сөз айтпаңыз, бірақ орынсыз әр итеріс пен соққыға дәл сондай деңгейде жауап қайтарыңыз.
Дегенмен, маған сеніңіз, түрмедегі төбелес – өте сирек болатын жағдай. Атырау сияқты тентектердің мекенінде, көшеде жүріп төбелеске тап болу ықтималдық түрмедегіден әлдеқайда жоғары. Және мынаны есте сақтаңыз – осындай жағдайлардың 90%, қоғамдық белсенділерге бағытталған қорқыту, қоқан-лоққылар (тіпті төбелеспен аяқталатындары да) мекеме әкімшілігі немесе ҰҚК-нің кураторлары тарапынан әдейі ұйымдастырылады. Кез келген жағдайда қалай әрекет ету керектігін білу үшін дайын болғаныңыз жөн, сондықтан жағдайларды талдап, айналаңыздағы ахуалға шолу жасап жүріңіз.
Түрмеде «құмовка» немесе ескіше «стукач» («тоқылдақтар») деп аталатын арнайы қызметтер мен полицияның түрлі арандатушы агенттерін тез-ақ тануға болады. Мысалы, сіз түрмеде немесе зонада отырып, журналистердің сұрақтарына (таксофон арқылы не жазбаша) жауап бердіңіз делік. Әрине, бұл мекеме әкімшілігіне де, ҰҚКға да ұнамайды, сондықтан олар сізге қысым жасау үшін арестанттардың арасындағы өз агенттерін пайдалануы мүмкін. Мұндай жағдайларда мынандай айқын қорытынды жасауға болады: журналистердің сіздің жауаптарыңызды жариялауы мен одан кейін орын алған қандай да бір конфликттің арасында тікелей байланыс бар. Мұндай арандатушы агенттерден, әрине, әрдайым қашық жүрген дұрыс. Тағы да қайталап айтамын – орынды болғанда, айналаңыздағы адамдарға осы ойды жеткізіп отырыңыз: қоғамшылдарға жасалатын қысым көрсетулер мен қорқытулардың (соның ішінде төбелеспен аяқталатындары да) 90% жағдайы мекеме әкімшілігі немесе олардың ҰҚК-дегі кураторлары тарапынан ұйымдастырылады – бұны естіген ақыл-есі түзу адамдар дұрыс қорытындысын шығара алады. Қатты үрейленбеңіз деп айтқым келеді – егер мекеме әкімшілігі немесе КНБ тарапынан ұйымдастырылған қысым болса да, олар көрсетілетін ықпалдың деңгейін бақылап отырады, яғни мұндай жанжалдар адамды өлімші етіп сабауға немесе өлтіруге бағытталмайды. Есіңізде болсын – ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінде отырған адамдар үшін мемлекет жауап береді. Былай айтқанда, мысалы мені бостандықта жүргенде өлтіріп тастау әлдеқайда оңай болар еді – машина астына итеріп жіберу, улау, көшедегі қарақшылықты қолдан ұйымдастыру – содан кейін мұны жай ғана “кездейсоқтық” деп жариялап, М. Боқаев дұрыс емес уақытта, дұрыс емес жерде болды дер еді. Ал ТИЗО – банктерді қорғаумен шамалас қауіпсіздік шаралары бар мемлекеттік мекеме. Арон Атабекті өлімінен бірнеше ай бұрын түрмеден босатқандары да жай емес – мемлекет осылайша жауапкершіліктен қашуға тырысты.
Есі дұрыс адам ешқашан өз заттарын бөтен біреудің ақтарып-қарауын дұрыс немесе жағымды нәрсе деп есептемейді. Алайда түрмеде және зоналарда тінту шаралары – заңмен санкцияланған, сондай-ақ Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларының ішкі тәртіп ережелерімен реттелетін әрекеттер. Сондықтан, моральдық тұрғыда дайын болыңыз: сізге жат әрі онша жағымды емес адамдар кейде заңмен белгіленген тінту тәртібін бұрмалап, оны «шмонға» айналдырып, жеке кеңістігіңіздің шекарасын бұзуы мүмкін. ҚАЖҚ қызметкерлерінің қызметтік итті тұрғын бөлмеге әкелуге, матрасыңызды төңкеруге, көрпеңізді сілкуге, тіпті кейде заттарыңызды лас еденге лақтыруға құқығы бар, сондықтан шмоннан туындайтын жағымсыз эмоциялар мен жүйке шаршау бірнеше есе күшейеді. Жағымсыздық бұнымен аяқталмайды – аталған ережелерде былай деп көзделген: «Толық тiнту кезiнде тiнтiлушiнiң денесi, оның киiмдерi, аяқ киiмдерi … мұқият тексерiледi. Күдіктілермен айыпталушыларға толық шешiнiп, денесiнiң тиiстi жерiн көрсету ұсынылады». Сондықтан түрме өмірінің бұл өте жағымсыз қырына да дайын болыңыз. Бірақ егер сіз негізгі заң білімі мен шағым жазу дағдылары бар қоғамшыл болсаңыз, ҚАЖК қызметкерлерінің тінту кезінде қолданатын қатал әдістеріне қарсы тұра аласыз. Мысалы, тамақ пен жеке киімдерді тінту кезінде мен олардан бір рет қолданылатын резеңке қолғап киюді және еденге заттарды лақтырмауды талап ететінмін. Бірде мені сотқа алып кеткенде камерада тінту жүргізген екен. Сол тінту барысында ҚАЖҚ қызметкерлері камераластарыма тиесілі төсек-орынның үстінен қызметтік итті жүргізіпті, әрине, ол ит ештеңе тапқан жоқ. Камераластарымның бірі бұған ашуланғанда ҚАЖК қызметкерлері тек мысқылдапты. Сол камераласым маған прокуратураға шағым жазуға көмектесуді сұрады, прокуратураға бағытталған арызды менің қорғаушыларым арқылы жолдадық. Сол күні, бірнеше сағаттан соң ТИЗО бастығының орынбасары жүгіріп келіп, камераласымды шағымды кері қайтарып алуға сұрап көндірді. Камераласыма жаңа төсек-орын жиынтығы берілді және келесі тінту шараларында мұндай дөрекілік болмайтынына уәде берді.
9. ТИЗО қызметкерлерімен қалай әрекет ету керек
ТИЗО қызметкерлерімен және ҚР ІІМнің басқа да өкілдерімен – ҚАЖКнен, Ұлттық гвардиядан – қарым қатынастаудың ең жақсы стратегиясы – әрекет еткенде құқықтық шеңберде қалу, заң нормаларын білу, ағайынгершіліксіз, әңгімелескенде сырласуға жол бермей. ТИЗО қызметкерлерінің тарапынан қамалғандарды ұрып-соғуына, азаптауна немесе ауызша қорлауна үзілді кесілді төзбеушілік көрсететініңізді анық айтыңыз ҚАЖК мекемесінің әкімшілігінің өкілдерімен алғашқы кездесуден бастап. Оларға бұл сіздің «қызыл сызығыңыз» екеніне және оны бұзуға жол бермейтініңізге сендіріңіз. Сізбен сөйлескенде «сіз» деп сөйлеуді талап етіңіз және өзіңіз де жасымен дәрежесіне қарамастан барлық қызметкерлерге «сіз» деп сөйлеңіз. Өзім әрқашан бірінші болып амандасатын едім, ал егер маған жауап бермесе, мен мұның әдепсіздік екенін айтып, ескерту жасайтынмын.
ҚАЖКте «горизонталды» мобильділік бар, ТИЗОда жұмыс істегенді зонаға жұмысқа жіберу мүмкін, керісінше де болу мүмкін, сондықтан осы комитет қызметкерлерінің көпшілігі алты айға бас бостандығынан айырылған күдіктілермен де, он жыл немесе одан да көп мерзімге бас бостандығынан айырылған сотталғандармен «пересидоктармен» де жұмыс істеу тәжірибесіне ие. Мансаптың сатыларынан барлығын өткен, көпжылдық тәжірибесі бар ҚАЖК қызметкерлерінің алдында сіз үлкен шрифтпен жазылған ашық кітап сияқты боласыз, олар шүйіркелесудің аса шебер мамандары, ең жоғары деңгейдегі психологтар, алдында отырған адамның күшті және осал жақтарын тану үшін оларға небәрі он бес минут жеткілікті. Зек оқшаулануда отырған адам екенін ескере отырсақ, бұл қызметкерлер психология саласындағы білімдерін, айла-шарғы мен жасырын ауызша қорқытуларды біріктіре отырып, адамның жан дүниесіне ене алады. Ертеде түрмелер мен аймақтардағы операциялық бөлім қызметкерін «кум» деп атағаны бекер емес (айтпақшы «кумовка» сөзі – тоқылдақ, тыншы дегенді білдіретін осылай пайда болған). Саяси тұтқындардың қандай құпиялары мен секреттері бар? Ешқайсысы жоқ. Бірақ мұндай бос көрінетін әңгімелер кезінде тәжірибелі қызметкер өткендегі кейбір тұрмыстық қақтығыстар туралы ақпарат таба алады – қоғамшылдар арасындағы келіспеушіліктер туралы, сіздің немесе әріптестеріңіздің мінезіндегі жанды жерлері туралы. Мұның бәрі ІІМ, ҰҚКның оперативтік әрекеттеріне құрылыс блоктарына айналуы мүмкін немесе сіздің немесе әріптестеріңіздің психологиялық профайлын құрылуына көмектеседі. Әрқашан ұмытпаған жөн – жасырын бейне/аудио жазу мүмкіндігі әрқашан бар.
Дегенмен, олардың да осал жақтары бар. Біріншіден, олар құқықтық шеңберде жұмыс істеуді ұмытты. Екіншіден, сіз олардан: «Сонда, Назарбаев (немесе Тоқаев) үшін жұмыс істейсіз, ал Отан туралы не де ойыңыз бар? Балаларыңыздың болашағы не болады?» деп сұрағанда, олар абыржып не айтарын білмейді, себебі қандай коррупцияға батқан жүйеде жұмыс істейтіндерін жақсы түсінеді.
ҚАЖК өкілдері әңгіме кезінде сізге арандату амалдарын қолдануды ойламайтын болсын десеңіз, психологияны зерттеңіз, пікірталасқа, ащы сөздерге тапқырлық танытуды үйреніңіз, бірақ әрқашан заң шеңберінде болуға тырысыңыз. Түрме, зоналардың қызметкерлерімен қарым-қатынасты қоғамдық жұмыстың жалғасы ретінде қарастырыңыз. Сондай-ақ, ҚАЖК қызметкерлерімен қарым-қатынас кезінде туындайтын ең шиеленісті жағдайларда да жеке адамды қорлауға бармауға рекомендация беремін. Саяси тұтқынмен қатты жанжалдасқан қызметкер мекемеде әр қарай жұмысын жасай береді, сол екеуі қалай болғанда да кездесіп тұрады, сондықтан, менің ойымша, әрқашан жағдайды түзету мүмкіндігін қалдыру керек. Және, саяси тұтқын өз күшін ҚАЖК мекемесінің әкімшілігімен арпалысқанда жұмсағаны оны түрмеге жапқан жоғары билік үшін тиімді. Дегенмен, саяси тұтқын ҚАЖКдың нақты қызметкері сотталуы және мемлекеттік қызметтен қуылу керек деп санайтын болса, онда бұндай пікір логикалық мәресіне дейін жеткізілуі керек.
Әрине, кейбір жағдайларда ҚАЖК қызметкері сізге жанашырлық танытып, тіпті сізге деген симпатия да сезінуі мүмкін (ол сіздің бауырыңыздың сыныптасы, көршіңіз, не болмаса ағаңыздың бала күнгі досы болуы ықтимал). Бірақ ұмытпаңыз: біз авторитарлық елде өмір сүріп жатырмыз. Донос жасау дәстүрі құқық қорғау органдарында да қалыптасқан – «мент соғыстары» кейде бандиттік соғыстардан да жаман болуы мүмкін. Егер ҚАЖК-дың бір «А» дейтін қызметкері өз «Б» деген әріптесі қандай да бір жеңілдіктер жасап, саяси тұтқынға жанашырлық білдіріп жүргенін білсе – бұл туралы хабар міндетті түрде басшылыққа жеткізіледі, бұған күмән болмасын.
ҚАЖК қызметкерлерінің көпшілігі қарапайым сотталғандарға жоғарыдан, менсінбейшілікпен қарайды. Ал өте танымал, өзін сабырлы ұстайтын, құқықтық тұрғыдан сауатты, саяси тұтқынға түрме мен зона қызметкерлері құрметпен қарауы әбден мүмкін. Сол себепті сіз камераның немесе тіпті барактың «қорғаушысы» рөліне ие болып қалуыңыз ықтимал. Басшылықпен кездесулер кезінде сізге тұрмыстық мәселелерді, камераластарыңыздың ұсақ-түйек проблемаларын шешуге мүмкіндік туады. Мұндай рөлден жалтарудын қажеті жоқ деп ойлаймын.
10. Зоналар туралы, оларда қалай өмір сүру керек
Тергеу мен сот процесстері өту барысы кем дегенде жарты жыл, сол уақыт аралығында сіз ТИЗО-дағы өмірге әбден үйреніп кетесіз, бәрін білетін, бәрін танитын түрменің «байырғы тұрғынына» айналасыз. Жүрегіңіздің түбінде жақсылық болар деп дәмеленсеңіз де, судья соңғы сот отырысында сізге бас бостандығынан айыру жазасын «мылжыңдап» береді. Демек, қиындықтарды төзуге бел байлағандықтан сіз зонадағы өмірге моральдық тұрғыдан дайындалуды бастайсыз. Үкім шыққан сәттен бастап сіз «сотталған» санатындасыз, сізді сотталғандарға арналған камералар орналасқан продолға ауыстырады. Ол камералардың басқалардан айырмашылығы жоқ, бәрі дәл сондай, бірақ өміріңіз біршама жеңілірек болады: мысалы, бақылаушылар ережелердің сақталуын бұрынғыдай қатаң талап етпейді. Сондай-ақ сот үкімі шыққаннан кейін, сотталған серіктеріңізбен («подельниктермен») бір камерада орналасуға мүмкіндігі беріледі.
Апелляциялық инстанция сіздің шағымыңызды екі-үш апта ішінде қарап, үкімді күшінде қалдырады. Осыдан кейін, ең жақын этаппен сізді зонаға жіберуі мүмкін. Этаптар мезгіл-мезгіл болып тұрады, сотталғандардың ТИЗОдан алып кеткенін үнемі бақылайтын тәжірибелі арестанттар этаптың нақты күнін болжай алады.
Саяси тұтқындардың зонаға келуі және оларды қарсы алу сценарийлері әртүрлі болуы мүмкін.
Сол кезде үлгілі деп саналатын Петропавл зонасында қызыметкерлер Талғат екеумізді қатал жүзбен, артық сөздерсіз және ҚР ҚАКтың барлық нормалары мен ережелеріне сәйкес қарсы алды. Олар барлық процедураларды бейнекамераға жазып алып, зектер жалаң аяқ еденде тұрмау үшін кілемшелер төселген арнайы бөлмеде тексерді. Оларда тіпті металл іздегіш те болды, сондықтан тік ішегімізде еш тыйым салынған нәрсе жоқ екенін білу үшін бізді жартылай бүгілуге мәжбүрлемеді (басқа зоналарда, осындай құрылғының болмауына байланысты, жалаңаш зектің жартылай бүгілуі іздеу және тексеру бағдарламасының міндетті бөлігі болды). Сондай-ақ олар тез арада медициналық тексеруден өткізіп, жеке заттардың тәркіленуі туралы хаттама толтырды (ережелерге сәйкес, заттар қоймаға жіберіледі, кейін туыстарыңыз алып кете алады). Зонаға түн ортасында келдік, сондықтан құжаттардың толық рәсімдеуі аяқталып, зектердің киімінің толық жиынтығын – шұлық, іш киімдерден бастап қысқы етік пен қысқы бушлатқа дейін – алғаннан кейін, бізді отыз адамға арналған, бірақ бос тұрған карантин бөліміне жіберді.
Атағымыз шыққан политзек болғандықтан бізді қарсы алғанда ұрып-соғып, қорлаған жоқ – жолымыз болды. Қарағанды түрмесінен сол зонаға, бізбен столыпин вагонзагымен бір купеде келген төрт сотталғандардың жолдары онша сәтті болмаған секілді. Теміржол вокзалында оларды және этаппен тасымалданған басқа да көптеген адамдарды, бізден бұрын вагонзактан шығарды. (сол кезде СҚОда төрт толыққанды зона, қоныс колониясы және мемлекетаралық келісім бойынша құрылған РФпен сотталғандарды аумастыру пункті болды). Солай, столыпинде жарты сағаттай Талғат екеумізден басқа отырған адам болған жоқ, бұл конвойдың шынайы қызығушылығын тудырды, сендер кімсіңдер деп таң қалып сұрағаны есімде. Содан кейін бізді автозакқа тиеп, «тройка» деп аталатын зонаға алып кетті. Анау сотталған төртеуін де ережелерге сәйкес карантинге жіберу керек еді, бірақ оларға не болғанын түсінбедік. Павлодар және Атырау зоналарында ҚАЖК қызметкерлері бәрін заңға сәйкес бастап, біраз уақыттан кейін заңсыз талаптармен айқайлауға көшті, рәсімдеу процедуралардың арасында этаппен келгендерге осындай секілді талап қойып – қолдарыңды бастын артына ұстаңдар, еңкейіп отырыңдар, қабырғаға қарап тұрыңдар. Бұл талаптардың заңсыз екенін біле тұра, мен бірден прокурорды шақыруды талап ететінмін еңкейіп отыруға, қабырғаға қарап тұруға келіспей. Менің наразылығым нәтижелі болатын, содан кейін жағдай заңды жолға түскен еді.
Ақтөбе зонасында автозактан бірінші болып шықтым, қарасам полиция киімінде және басына балаклава киген мекеменің бір қызметкері тұр екен. Бұл әрине заңға қайшы және қорқыту үшін жасалғаны анық болды. Ол бірдеңе деп айқайлап бастады, мен де дауысымды қатты шығарып шағымдана бастадым, жауап ретінде: мені қайда алып келді? Бұл тіпті мемлекеттік мекеме ме?! Неге балаклава киіп жүрсіз? Неге маған айқайлайсыз? Прокурорды талап етемін! Осыдан кейін бірден мекеме басшысы пайда болып, өзін таныстырып, мені үй-жайға кіруге шақырды. Бұнысы ережелерде жазылғанға ұқсас болғандықтан мен басқа сұрақ қоймай үй-жайға кірдім. Мекеменің он шақты қызметкері де артымнан еріп кірді. Мекеме басшысы заңда көзделген рәсімдерді орындау қажет екенін айтқанына, мен нақты осы сөздерді күттім деп жауап бердім. ҚАЖК қызметкерлері қызу жағдайдың деэскалациясын көздегенін сезгеннен кейін олардың барлық заңды талаптарын орындадым.
Төрт зоналардан және алты түрмеден өткеннен кейін, ҚАЖК мекемелерінде ҚР ҚАКтің қолдану мүмкін емес екенін үзілді кесілді айта аламын. 1995 жылғы компьютерге заманауи Microsoft бағдарлама версиясын орнатқанда глюк болатыны түсінікті. ҚР ҚАКнің нормалары өздігінен өте прогрессивті және заманауи болса, осы кодексті толық қолдануға тырысқан кезде ҚАЖК ішінде де глюк басталады, өйткені инфрақұрылымы мен қызметкерлердің менталитеті гулагтағыдай болып қалды.
Демек, құқықтық сауаттылық, берік ұстаным және өркениетті тәсілге деген тұрақты талап жағымсыз сценарийлердің алдын алып, әртүрлі қажетсіз конфликттерді азайта алады. Айта кетейін – ең болмаса сіз үшін. Кейбір зоналарда мен өз құқықтарымды қорғап жатқанымды көргенде, кейбір лагерьлестерім да өз құқықтарының сақталуын талап ете бастады; кейбіреулерінің қолынан келді, кейбіреулеріне менің үлгім көмектеспеді. Кейде, зонаға келген бойда, сол этаппен айдап алып келген басқа сотталғандардан бірден оқшауланатынмын.
Кейбір зонаға барғанда, менімен этапта болған «жәй» сотталғандарды карантинде қалай қарсы алғаны туралы бірнеше ай өткен соң біле алдым. Құдайға шүкір, оларды соққыға жыққан жоқ – уақыт айтарлықтай тыныш болды, бірақ қадір-қасиеттерін қорлаған, мысалы, дәретхананы тазалауға мәжбүрлеген. Кейінірек белгілі болғандай, сол зонадағы дәретхананы тазалау символикалық болды – дәретхана тек «тәрбиелік» жұмысқа арналып, өз мақсатына сай пайдаланылмаған. «Жәй» тұтқындар үшін «аяушылық» заңсыздықтың түрі осындай.
Қоғамның, әріптестерімнің және халықаралық адам құқықтары ұйымдары мен ҚР орналасқан дипломатиялық миссиялардың (СҚОдағы зонаға менің жағдайымды білу үшін Нидерланды, Италия, ЕО дипломаттары келіп кеткен), назарының арқасында ғана ұрып-соғуға, азаптауға немесе қорлауға ұшыраған жоқпын. Бұған әбден көзім жетіп отыр. Мені және Талғатты қолдаған барлық әдістерді, жолдар мен құралдарды барлық саяси тұтқындарға қолдану мүмкін де болады да деп ойлаймын. Мен қоғам белсенділерін
Соңғы 20 жыл ішінде, атап айтқанда «бейбіт уақытта», яғни төтенше жағдай немесе төтенше ситуация болмаған кезде қоғамшылдарды ұрып-соғудың шектеулі санын есіме түсіре аламын. Бұл Арон, Вадим Курамшин және Тимур Данебаевтың оқиғалары.
Арон 2006 жылдан әлдеқайда бұрын билікті және Назарбаевты жеке өзін қатты ызаландырған, осы және Аронның ешкімге бағынбайтын мінезі оның ұрып-соғылғанына, тіпті әдейі және қасақана азапталғанына себеп болған. Вадим зоналарды «сындырған» кезде отырды. Және, Арон мен Вадим азапталған жылдары Қазақстанда, әсіресе аймақтарда, жүйелі түрде ҚАЖК мекемелеріне кіріп бақылайтын қоғамдық құрылымдар әлі болған жоқ. Тимурдың оқиғасын алсақ, бұл ҚАЖК қызметкерлерінің барып тұрған ақымақтығы деуге болады – оны соншама қорлаудың қажеті жоқ еді – олар он ұрып-соғып қана қоймай, бәрін видеоға түсіріп алған! Ақымаққа құдайға дұға етуге мәжбүрлесе – ол маңдайын жарады деп бекер айтпаған. Тимурға жасаған пасықтықты ҚАЖКдан пенитенциар жүйесінің әккіленген, тәжірибелі өкілдерінің, подполковник-полковниктердің зейнетке шығуымен байланыстырамын. Көбінесе, бұл аға офицерлер құрамның, армияда ішкі әскерлерде (қазір – Ұлттық ұлан) сержант болып мансабын бастаған, қызметкерлер. Олар армиядан кейін келісімшарт негізінде, зоналарда контролер болып жұмыс істеп бастаған. Осы контролерлардың ішіндегі ең ақылдысы, ең жігерлілері қылмыстық-атқару жүйесіндегі жұмыстың мәнін түсініп, жоғары білім туралы диплом алуға ұмтылып, ҚР ІІМ ҚАЖД офицерлеріне айналды. 20-25 жыл жұмыс істегеннен кейін, кейбіреулері зона, ТИЗО бастықтары болып тағайындалған. Осы жылдар ішінде олар адаммен тілдесудің суперэксперттеріне айналып, алдында отырған адамның күшті және осал жақтарын он бес минутта танитын жоғары санатты психолог болып кетеді. Сол адам қамауда отырған зек екенін скерсек, бұл подполковниктер мен полковниктер оның мінезінің қай нүктелеріне қысым жасауға болатынын біле отырып, физикалық күш қолданбай-ақ мақсаттарына жете алады.
Мен оларды ақтап жатқан жоқпын – олардың көбін садист деп атауға болады және көпшілігі түрлі азаптауларға жеке қатысқан.
Айтайын дегенім, Тимур Данебаевты барған зонада тәжірибелі бастық болғанда, саяси тұтқынды ұрып-соғу жанжалы болмас еді – кәнігі ҚАЖК қызметкері бәрін у-шусыз, зорлық-зомбылыққа жүгінбей жасар еді, саяси тұтқын коллективке тастай батып судай сіңіп, зона өзінің қалыпты өмірін әрі қарай жалғастыраты еді. Әрине, саяси тұтқынның жеке қасиеттері де маңызды: оның өмірлік тәжірибесі, коммуникативті дағдылары және жағдайды тез бағалап, оңтайлы шешімдер қабылдай білуі.
Қазіргі уақытта ҚАЖК мекемелерінің қызметкерлері мамандандырылған оқу орындарының (ЖООын қоса алғанда) түлектерімен толықтырылуда. Бұл қызметкерлердің кәсіби деңгейі өте, өте төмен деп тікелей қарым қатынаста болған адам ретінде айта аламын. ҚР ІІМ ҚАЖК мамандандырылған ЖОО бітірген түлек офицерлік погондармен бірге заңгер мамандығын алады деп есептеледі. Бірақ зонаға жұмыс істеуге келетіндердің көпшілігі ҚР ҚАКдың негізгі ережелерін білмейді, ал бұл 22-25 жастағы жігіттердің өмірлік тәжірибесі аз болғандығы түсінікті. Сондай офицерлердің бірі (майор шеніндегі) лагерьлердің бірінде менің жасағымның бастығы болды. Жасақ бастықтарының лауазымдық міндеттеріне сотталғандармен тәрбие жұмысын өткізу кіреді, бірақ жұмыстарының мәні – ҚР заңнамасын оқып беруі болды. Солай, сол дәрістердің тағы да біреуінде бүкіл отряд – 70-80 адам болып, майордың бірсарынды дауыспен конституцияны оқығанын тыңдап отырмыз. Зектердің бірі, қант диабетімен ауыратын қарт адам, «тәрбиелік шара» кезінде ұйықтап кетеді. Мұны байқап қалған жасақ бастығы оны оятып, орнынан тұрғызып, оқығанын қайталауды бұйырды. Әрине, қарт және науқас зек тыңдамағасын қайталай алмайды. Майор зек үшін тез арада жаза ойлап табады — конституциялық нормаларды түрегеп тұрып тыңдау, содан кейін оқуды жалғастырады: 17-бап, Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды. Әрі күлкі, әрі түрпі, бұндай ситуацияны әдейі жасау қиын. Мен орнымнан дауысымды көтердім: «Офицер мырза, сіз бұл сотталушының ауыратының білесіз, оны тұрып тыңдауға мәжбүрледіңіз, бірақ соған қарамастан адами қадір-қасиеттің қол сұғылмауы туралы айтып отырсыз. Қорлағаныңыз ба бұл? Мен бұл туралы құқық қорғаушы әріптестеріме хабарласуға мәжбүрмін». «Тәрбие жұмысы» аяқталғаннан кейін бастық анау ауру зекті өз кабинетіне шақырады, ал ол кабинеттен шыға сала мені тауып алып, оқиға туралы ешкімге айтпауды өтіне бастайды. Бұл туралы алғаш рет жазып отырмын, ҚР ІІМ ҚАЖК жас қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көрсету үшін.
Жалпы, менің ойымша, жұмысын ХХІ ғасырда жасап жатса да, ҚАЖ комитеті де, ішкі істер министірлігі де, тіпті ҚР үкіметі де пенитенциарлық жүйенің мәнін әлі теріс түсінуде. Бұған жанама дәлел ретінде түрме мен зона қызметкерлерінің көпшілігі «ұры міндетті түрде түрмеде отыруы керек», «түрмеде отырғызса – себеп бар» деген сияқты мақал-мәтелдерді қолданатынын, немесе ҚАЖК қызметкерлерінің кабинеттерінде әлі күнге дейін Дзержинскийдің портреттері немесе мүсіндері тұрғанын айтуға болады. Осындай теріс түсініктен «қылмыскер зонада кем дегенде өкініп, опыну керек, ал жасаған ісі үшін азап шексе – одан да жақсы» деген ой туындайды. Осы көзқарас мемлекеттік органдардың адам қадір-қасиетін төмендететін немесе азаптауға тең жағдайлар жасайтын абсурд талаптарға толы нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауына әкеледі. ҚАЖҚ кейбір қызметкерлері маған былай дейтін: «Макс, сіз саяси көзқарастарыңыз үшін сотталған шығарсыз, бірақ біреуді зорлаған, кісі өлтірген немесе ұрлық жасаған адам неге қылмыс жасағаннан кейін тыныш өмір сүруі керек?» Мен оларға былай деп жауап беретінмін: заманауи мемлекетте қылмыскерге жаза сот үкімімен тағайындалады. Кез келген сот үкімін алып қараңыз, соңында міндетті түрде мынадай сөздер болады: «…сот азамат Н. … жылға бас бостандығынан айыру жазасына кеседі». Бас бостандығынан айыру — сол жазаның өзі. Бұл дегеніміз адам әкесінің туған (немесе қайтыс болған) күніне, ұлының үйлену тойына, қызының мектеп бітіру кешіне және тағы басқаға бара алмайды. Үкімде «сот осындай немесе басқа тәсілдермен сотталушыны қорлап, талықсыған күйге дейін қинауды бұйырады» деп жазылмайды.
Саяси және сот жүйесіне реформа жасамай тұрып, тиімді де пайдалы өзгерістер туралы айту мүмкін емес. Дегенмен, бізге ГУЛАГ заманынан қалған лагерьлік жүйеден бас тартып, қоғамға
қауіпті адамдарды камералық жүйесі бар түрмелерде ұстауға көшу қажет.
—
Зонадағы карантинінде алғашқы күн.
ҚАЖКтің екі қызметкері және Ұлттық Ұлан контролеры Талғат екеумізді таңғы сағат 6:00-де оятты. Төсектерімізді жинап, жуынып, жаттығу жасап, таңғы ас іштік. Естеріңізге сала кетейін, отыз адамға арналған карантин бөлімінде біз екеуміз ғана болдық. Тамақты асханада жұмыс істейтін сотталған әкеліп жүрді. Оған бізге қарамауға абсурдтық бұйрық берілгендіктен, ол басын басқа жаққа бұрып, тамақ құйылған ыдыстарды қолдарын созып көтеріп келетін еді карантинге. Бұл көрініс бір тұрған комедия. Дәл солай, карантиннің он бес күні бойы басқа сотталғандарға бізге қарауға тыйым салынды – біз өтіп бара жатқанда, мысалы, медициналық бөлімге апарған кезде, оларға қабырғаға қарап тұруға бұйрық берілді. Содан кейін бізді бір сағаттай мазаламады. ҚАЖК мекемелерінде «ломка» – «сындыруды» өткізгеннен кейін, қылмыстық әлем серкелерінің ықпалы барынша азайтылған кезде, зоналардың барлық карантин бөлімдерінде ең танымал қылмыстық лидерлердің қолдарында шүберек ұстап жұмыс істеп жатқаны туралы немесе өкінгендері туралы бірдеме айтып жатқан бейнежазбалар көрсетілді. Бұл Ол «жеңімпаздың салтанат құруы» ретінде ойластырылған, сонымен қатар басқа сотталғандар үшін өте айқын тұспал – біз мұны қылмыс авторитеттерімен жасадық, сіздерді де солай жасата аламыз дегендері.
Содан кейін карантин бөлімінің бастығы, жас жігіт, майор шенінде еді, тегін ұмытып қалдым, карантин бөлмесін тазалауды бастау керек екенін айтып, бізге шелек-швабраларды берді. Мен тек тұратын жерімді ғана – төсегімнің қасын және асхананы тазалайтынымды айттым. Талғат менің сөздерімді қайталады. Майор қатты таң қалса да, ештеңе демеді. Сол, мен айтқан жерлерді жинауға кірісіп бітірдік. Майор біздің бағынбағанымыз және белгіленген ережелерді сақтаудан бас тартқанымыз туралы арыз жазуға мәжбүр болатынын айтты. «Жарайды, бірақ мен де ұстау тәртібі туралы, дәлірек айтқанда, бұл тәртіптің белгіленген стандарттарға сәйкес келмеуі туралы прокуратураға шағымдануға мәжбүр боламын» дедім мен оған. Майор одан сайын таң қалып, мен нені меңзеп тұрғанымды түсіндіруді сұрады. Мен дымқыл төбе мен дымқыл қабырғаны нұсқадым — ғимарат шатырынан еріген су тамшылап тұрды. Талғат екеуміз байқап қалған басқа да стандарттарға сай емес, бірақ шағын ақаулар, бұзылған жерлер болды (міне, осындайда ҚР ІІМ ҚАЖК дайындаған ережелерді білгеніміз және құқықтық сауаттылығымыз пайдалы болды). Содан кейін, біз жылдам прокуратураға шағымдарды жазып дайындап қойдық. Бұл майорға зор әсер етті, бірақ ол үндемей, басшылығына көрсету үшін шағымдарымызды алып кетті.
Бір сағаттан кейін карантинде жылытқыш құрылғысын – «жылу зеңбірегін» арқалап бір өзбек текті сотталған келді, содан оны қосып, қабырғаға тақап қойды. Бір екі сағат өтеді, анау өзбек инструменттер мен әрлеу материалдарын әкелді де, дымқыл, былшыраған сылақты алып тастап, қабырға мен төбені қайта сылай бастады. Жұмысты кешкі сағат 18.00 таман аяқтап, жөндеуден кейін жиналған қоқысты жинай бастады. Біздер карантин ішіндегі темір торлы қабырғаның бер жағында отырмыз; кешкі астың уақыты жақындап қалады (қабырғаға ілінген күн тәртібін көріп отырмыз), содан мен арғы жағындағы контролерға жақындап анау ремонт жасаған сотталғанды жіберсе де болады, қоқысты Талғат екеуміз жинай аламыз дедім. Контролер басшыларымен рация арқылы байланысқа шығып, ремонтникті жіберуге рұқсат алды, ал біз жөндеуден қалған қоқыстың барлық іздерін жойдық. Менің ойымша, бұл оқиға зона қызметкерлерінің көзқарасына да әсер етті; бізге бәрі «западло», «стремно» деп, «блатнойсмақ» болып көрінгіміз келетіні жоқ екенін түсінді, ал біз өз құқықтарымызды қорғауға ниетті екенімізді және мұны заңды әдістерді қолдана отырып қалай жасау керектігін білетінімізді көрсеттік. Карантиндегі қалған күндер жанжалсыз өтті, қасымызға ешкімді алып келген емес.
Енді сотталғандар зоналарға келген кездегі заңмен көзделген рәсімдерге қысқаша шолу. ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде 93-бап – «Сотталғандарды мекемелерге қабылдау» бар.
Қабылдау кезінде осы мәлімет тіркеледі:
1) сотталған адамның жеке басы туралы деректер және оны мекемеге жіберу негіздері;
2) мекеме жауаптылықпен сақтауға қабылдайтын, сотталған адамға тиесілі мүліктің тізімі;
3) сотталған адамның кез келген дене зақымы және оның дене бітіміне немесе психикалық жай-күйіне қатысы бар, денсаулығы туралы мәліметтер;
4) сотталған адамның шағымдары.
Кейбір зоналарда, келген кезде, «вахтаның» өзінде ғана, келесідей мәтіні бар параққа қол қою талап етілуі мүмкін: «Мен, төменде қол қойған адам, ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелерінің ішкі ережелерін сақтауға міндеттенемін». ҚР Конституциясы мен заңдарын сақтауды талап еткені үшін сотталған қоғамшыл екенімді ескере отырсақ, маған мұндай «құжатқа» қол қою ешқандай қиындық тудырмады. Бірақ, сол мәтінге осындай жазбамды қосатынмын: «…менің конституциялық құқықтарым бұзылған жағдайда, мен сотқа жүгіну құқығын өзімде сақтаймын». Кейінірек мен бұл парақтың, ешқандай жағдайда ҚР ІІМ ҚАЖК қызметкерлеріне бағынғысы келмейтін сотталғандарды анықтайтын лакмус сынағының бір түрі екенін білдім. ҚАЖК қызметкерлері параққа қол қоюды ең алдымен қылмыстық әлем өкілдерінен немесе зайырлы мемлекеттің заңдары бойынша өмір сүргісі келмейтіндерден талап етті. Конституциямен емес, «понятиялармен» өмір сүретін «блатнойды» мемлекетті қоғам институты ретінде мойындамайтын анархист деп атауға болады. Ислам қозғалыстарының жақтастары зайырлы мемлекетті емес, тек халифатты мойындайды. Белгілі болған карантинде ұрып-соғулар әдетте мұндай парақтарға қол қоюдан бас тартқаннан кейін басталады. Шамасы, мекемелер әкімшілігі осы парақтарға қол қоюды талап еткенде, ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 9-бабына негізделетін сияқты, онда былай делінген: «Сотталған адам жазаны орындайтын мекемеге … келіп түскен кезде, әкімшілік сотталған адамға оның құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулер туралы ақпаратты, сондай-ақ жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың ішкі тәртіптеме қағидаларын жазбаша түрде беруге және қолын қойғызып, түсіндіруге міндетті». Өз көзқарастарына байланысты сотқа немесе прокуратураға шағымданбайтын «блатнойлар» мен діни фундаменталистердің дүниетанымын ҚАЖК қызметкерлері пайдаланады деп ойлаймын. «Блатнойлар» «терпила» болғысы келмейді (шағым жазғандар олардың координаттар жүйесінде жәбірленуші-құрбан болып кетеді), ал діншілдер, бұрын атап өткендей, зайырлы мемлекетті мүлдем мойындамайды. Әрине, олардың көпшілігінің сауаттылық деңгейі төмен екенін қосу керек.
Қалай болғанда да, қол қоймас бұрын бәрін мұқият оқып шығыңыз! Егер сіздің заңгерлік біліміңіз қол қоюдың қажеттілігіне күмән тудырса, сол параққа: «Қол қоюдың заңдылығына күмәнданамын және адвокатыммен кеңесуді талап етемін» деп жазыңыз және сотта өз ұстанымыңызды қорғауға дайындалыңыз.
Заң тұрғысынан зона – бас бостандығынан айыру жазасын орындауға арналған мемлекеттік мекеме. Ал, тікенекті сыммен қоршалған, күзетілетін аймақ мағынасында, зоналардың үш түрі болады:
1) Бұрын жалпы қауіпсіздік мекемелері деп аталатын орташа қауіпсіз мекемелері.
2) Бұрын қатан қауіпсіздік мекемелері деп аталатын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелері.
3) Бұрын арнайы қауіпсіздік мекемелері деп аталатын төтенше қауіпсіз мекемелері.
Мұнда қауіпсіздігі барынша төмен мекемелері (бұрын қоныс колониялары немесе «химия» деп аталған) және өмір бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандарға арналған жабық түрмелер – толық қауіпсіздік мекемелері қарастырылмайды.
Сондай-ақ, әртүрлі режимдегі тұтқындарды бір зонада ұстай алатын қауіпсіздігі аралас мекемелер бар. Менің білуімше Думан Мұхамедкәрім Қызылордадағы аралас тіпті зонада қамалған, онда орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары режимдері бар (бірақ тұтқындар бөлек ұсталады). ТИЗОлардағы арнайы камералар – «спецпродолдар» туралы бұрын жазғанмын.
Бұл зоналардың ресми классификациясы, бірақ бейресми жіктемесі де бар. Мен бұл туралы 18 топикте: Басқа тұтқындармен қалай әрекет ету керектігі туралы айтатын боламын.
Кейде, абақтыдағы қоғамшылдардың өмірін қиындату үшін, олар тұрақты тұратын аймақта тиіст ҚАЖК мекемелері болғанына қарамастан, басқа облыстардағы зоналарға жіберіледі. Қылмыстық-атқару кодексінде сотталғандар отбасылық байланыстарды сақтау үшін тұрақты тұратын жеріне мүмкіндігінше жақын жерде орналасуы керек деп көрсетілген болса да. Мысал ретінде менің кейсімді алайық: Атырау облысында халық арасында 66-аймақ деп аталатын орташа қауіпсіздік мекемесі болғанымен, мені Солтүстік Қазақстан облысына, Петропавл маңындағы «үштік» зонасына жіберді. Бұл көршілес Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында да орташа қауіпсіздік зоналары болғанына қарамастан. ҚАЖК мені үйден алыс жерге орналастыруының себебі ретінде аталған облыстардағы мекемелерінің барлығында орын жоқ деген пікірді алға тартты. Бұны растау немесе жоққа шығару мүмкіндік болмады да қазір де жоқ. Сондықтан, сізді тұрғылықты мекеніңізге жақын зонаға жіберсе, қуаныңыз.
Апелляция қаралғаннан кейін, зонаға этаппен кетуге дайындықты дереу бастаңыз. Егер мезгіл суық болса, бірінші сатыдағы сот шешімі шығарылғаннан кейін туыстарынан жылы киім мен жылы аяқ киім әкелуді сұраған жөн – столыпин вагонзагы туралы айтпағанда, автозактың ішінде суық болады. Зоналарға арналған жылы аяқ киім ретінде мен бұрын «прощай молодость» деп аталған қалың резеңке табаны мен сыдырмасы бар қара киіз ботинкілерді алуды кеңес беремін.
Атырау немесе Алматы облыстарындағы зоналарда жүргенде, мәсінін сыртынан жылы қабаты бар қара резеңке галош киіп қысты өткізуге болады, бірақ солтүстік аймақтар үшін Сізге әлдеқайда жылы аяқ киім қажет. Айтпақшы, киім мен аяқ киімнің түсіне келетін болсақ, барлығын қара түсте болған жөн, себебі ҚАЖКтын бұл туралы талаптары бар және қара түс кірленгенді көп байқатпайды. Барлық заттарыңызды ТИЗОдан ала кетіңіз, міндетті түрде – электр шәйнегін, радионы, ыдыс-аяқты және киіміңізді. Үйіңізден тарттырып алған кез келген затты, мысалы желдеткішті, жылытқышты — отбасыңызға қайтаруға болады. Ол үшін тергеу изоляторының әкімшілігіне өтініш жазыңыз. Қысқасы, бәріне дайын болыңыз — сізді кез келген уақытта этапқа алып, елдің басқа жағына жіберуі мүмкін.
Біздің авторитарлық мемлекетте сотталған қоғамшылдарды көбінесе орташа қауіпсіздік мекемелеріне – жалпы режимдегі зоналарға жіберіледі. Бірақ, мысалы, Марат Жыланбаев қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде отыр, Вадим Курамшин төтенше қауіпсіз мекемесінде болған, Махамбет Әбжан қазір сондай зонада отыр.
Сыртқы келбетін алсақ, бұл зоналардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ — тікенекті сым байланған биік дуалдармен қоршалған күзетілетін аумақтар. Сол аумақтарда барактар мен жатақхана ғимараттары орналасқан. Зона территориясы бірнеше бөлікке бөлінген, бір бөліктен екінші бөлікке өту тәртібі ережелермен қатаң реттеледі. Барактар, асхана, монша-кір жуатын орын, клуб, медициналық бөлім, шеру алаңы, таксофондары бар сөйлесу пункті және мекеме қызметкерлеріне арналған «штаб» деп аталатын бар ғимарат «жилка» деп аталатын тұрғын үй аумағында орналасады. Зоналарда әлі де кеңінен қолданылатын барак сөзі сотталғандар тұратын жатақхана ғимаратын немесе сотталғандардың жасақ-ұжымын да білдіруі мүмкін. Ескі, бір қабатты, шынайы барак типті ғимараттарды тек Павлодардағы «он бесінші» (қазір жабық) және Ақтөбедегі «алтылықта» ғана көрдім, басқа облыстардағы сотталғандардың жатақханалары жаңарақ. Шамасы, түрме барактары әскери казармалардың стандартты жобалары бойынша салынған — оларда үлкен ұйықтайтын орын; теледидары бар ПВР (тәрбие жұмысына арналған бөлме); киім ілінетін орын; жасақ бастығына арналған бөлме; «шайхана» (микротолқынды пеш, тоңазытқыш бар, сол жерден тамақты қыздырып ішуге болады); «каптерка»-қойма (дорбаларды сақтайтын орын); дәретхана, жуынатын орын, әкімшілік рұқсат еткен жағдайда душ кабинасымен жабдықталған. Әрбір барак «локалка» деп аталатын орындықтар мен беседкасы бар қоршалған аулада орналасады – сол аулаға сотталғандар серуендеп, темекі шегуге шығады. Локалкадан әкімшіліктің рұқсатысыз шығуға болмайды.
Зона қызметкерлері сотталғандарды «штабқа» шақырып, әртүрлі заңды процедураларды жүргізеді, мысалы, шағымдарды қарау немесе сотталғандар жасаған бұзушылықтар туралы істерді қарау және жаза қолдану немесе керісінше, оларды ынталандыру шараларын қабылдау үшін мекеме комиссияларының отырыстарын өткізеді.
Мекеме басшылығы, сондай-ақ бухгалтерлер, хатшылар және мекемеде жұмыс істейтін, бірақ погон тақпайтын басқа да азаматтар мекеменің сыртында, «фронт-офисте» арнайы жұмыс аймақтарында болады, онда кез келген адам – сотталғандардың туыстары, әріптестері және достары – өтініш беру, қабылдауға жазылу және т.б. үшін келе алады.
Сотталғандардың тума-туыстарымен кездесу бөлмелері әдетте зона ішінде, тікенекті сыммен қоршалған периметрі ішінде орналасқан.
Сондай-ақ «промка» дейтін зона аумағы бар – бұл зонаның әртүрлі қосалқы шаруашылық ғимараттар, өндірістік нысандар және сотталғандар жұмыс жасайтын шеберханалар орналасқан едәуір үлкен бөлігі. Онда бүкіл мекемені жылытатын қазандық орналасуы мүмкін. Біздегі зоналардың барлығы ГУЛАГ-тың қалдықтары, ал КСРО-да, сотталғандардың тегін еңбегі қарқынды пайдаланғаны белгілі. Сол заманда зоналарда күрделі жабдықтармен – токарлық, ағаш өңдеу станоктарымен жабдықталған айтарлықтай ірі өндіріс орындары болған. Бүгін промкаларда мұның ешқайсысы жоқ. Кәсіпкерлерді төмен арендалық ақы, арзан жұмыс күші және пенитенциарлық жүйенің басқа да «бәсекелестік артықшылықтары» алға тартып қызықтырғысы келеді, бірақ зоналарға инвестиция құйюға ниеттілер аз. Зоналарда негізгі өндіріс түрлері – тігін шеберханалары, төсем тастарын, темірбетон бұйымдарын өндіру, пилорамада ағаш кесу және сувенирларды жасау. Жұмыс істегісі келетін сотталғандар көп, бірақ жұмыс табу қиын. Теориялық тұрғыдан алғанда, политзекті жұмысқа алуы мүмкін, бірақ мұнда да нюанстар бар. Әңгіме мынада, промка мекеме басшысының толық иелігінде, онда ол қандай да бір гешефт жасау арқылы қосымша қаржы таба алады. Мысалы, зоналардың біреуінде өз есебінен бордақылау үшін қаз балапандарын сатып алған сотталушы болған, жемді өзі сатып алатын, сонымен бірге зона асханасынан тамақтың қалдықтарымен құсты тамақтандырды. Солай жүріп, УДОмен алты-жеті айдан кейін босатылды, маған айтылғандай, өскен қаздарды зонада қалдырды. Бұрынғы кезде «қожайын» деп аталатын зона басшыларының көлеңкелі табысының ең зиянсыз түрі осылай қалыптасуы мүмкін. Мекемелердің әкімшілігі мұндай схемалардың болуына байланысты саяси тұтқындарды, әсіресе шындықсүйгіштерді, промкаларға кіргізуге сескенеді.
Тәртіп изоляторы (ДИЗО), СУС – қатаң жағдайларда ұстау жасағы (баяғыда БУР – барак усиленного режима дейтін еді) – жилкадан да, промкада да оқшауланған ғимараттар. Белгіленген ережелерді бірнеше мәрте бұзған деп танылған сотталғандар үш айдан алты айға дейінгі мерзімге СУСқа ауыстырылады. СУС ғимаратына қызметкерлер мен асханадан тамақ беретін сотталғандар ғана кіре алады. СУС немесе тәртіп изоляторына қамалған сотталғандар отбасы мүшелерімен ұзақ уақыт кездесу немесе апта сайынғы телефон қоңыраулар сияқты белгілі бір құқықтар мен мүмкіндіктерден айырылады.
Тәртіп изоляторында отырғандарға кездесулерге баруға, телефон қоңырауларын шалуға, дүкенде бірдеңе сатып алуға немесе күндіз ұйықтайтын орындарын пайдалануға тыйым салынады. Изолятордың сол түріне он бес күнге жіберіледі. Жалғыз адамдық камерада ұсталып отырған қамалғанның тәртіптік изоляторда отырғаннан қарағанда көбірек құқықтарға ие. Жалғыз адамдық камерада ұстау төрт айға созылуы мүмкін; және бұл камералар әдетте тәртіптік изолятор ғимаратында орналасқан.
Тәртіптік изоляторға орналастыру (жалғыз адамдық камера орналастыру) әдетте СУСқа жіберер алдында болатын жазалау шарасы, сондықтан мен де бірнеше күнге тәртіптік изоляторға қамалғанмын. Тәртіптік изолятордың ғимараты және оның камераларының іші жәй түрменің – ТИЗОның – миниатюралық көшірмесі, бір ақ продолдың екі жағында темір есіктердің екі қатары. Жалғыз айырмашылығы – төсектер қабырғаға топсалы қосылыс арқылы бекітіледі және оларды 90 градусқа жоғары қарай бұруға болады, содан кейін ҚАЖК қызметкерлері камераның сыртынан осы қалыпта бекітеді. Бұл тәртіп изоляторына қамалған сотталушының күндіз төсек пайдалануына жол бермеу үшін жасалады. Этапта жүргенде бір тәжірибелі арестант тәртіптік изоляторда күндіз еденге жатып қалай ұйықтауға болатынын айтқан. Әрине, бұл үшін жылы киім қажет. Бір аяқ киімді шешіп, мықын астына, қабырғалардан төмен, ал екінші аяқ киімді жастық ретінде бастың астына қою керек деп түсіндірді. Оның кеңесін есте сақтасам да, бірақ ешқашан пайдаланған жоқпын.
ДИЗОда, ережелерді бұзған сотталған ретінде, маған ашық қызғылт сары түске боялған комбинезон берді, ол жұмысшыларға беретін арнайы киімге ұқсас болып көрінді. Содан кейін мені ДИЗОға әкелген ДПНУ (мекеме бастығының кезекші көмекшісі) ұстімдегі киіп жүрген жылы іш киімімді шешіп, майка мен дамбалды қалдырып сол комбинезонды киюді бұйырды. Бұл қыс мезгілінде болып жатқандықтан, мен бұдан бас тартып, прокурорды шақыруды талап еттім. Он-он бес минут бойы дауластық. Кезекші көмекші прокурорға қоңырау шалудан немесе комбинезонымның астынан жылы іш киім киюге рұқсат бермеді, одан да қатал шаралар қолданатынымды айтып қорқытты. Олай болса мен құқықтарымның бұзылуына назар аудару үшін өзіме зақым келтіруден басқа лаж жоқ екенін айттым, ал содан кейін сот процесі кезінде сотқа, прокурорларға ДИЗОда азаптау жағдайларын жасаған мекеме мен осы жеке ДПНУ екені және дәлелдеп беретінімді сендірдім. Тек содан кейін ғана қызғылт сары комбинезонның астынан жылы іш киім киюге рұқсат етілді.
Ережеге сәйкес, прокурорлар ДИЗОны бақылау керек, ал мекеменің медициналық қызметкерлері қамалғанға жүйелі түрде чек-ап жасауға міндетті. Келесі күні, прокурор келгенде, мен ДИЗО камерасындағы температураның төмендігі туралы шағымдандым. Термометрмен өлшегенде, температура шамамен 16 градус Цельсий болды. Прокурор стандарттарды бұзуды түзетуді бұйырды – продолға жылыту зеңбірегін алып келіп қосты, бірақ қабырғалар мен шатыр нашар оқшауланғандықтан, бұл аз әсер етті. Келесі күні шамамен он бес зекті алып келіп, төбені жылыту үшін шатыр астына сабанды тығып бастады. Бірақ бұдан да пайда аз болды.
Мені ДИЗОға жіберу себебі – таңертеңгі жаттығуларға шығудан бас тартқаным үшін. Зона ережелеріне сәйкес, таңғы сағат 6:00-де, сотталғандарды оятқаннан кейін бірден дене шынықтыру жаттығуларын жасауға сыртқа шығарады. Сотталғандардың ерікті ұйымының мүшесі («активист») бірнеше қатар арестанттарға қарама-қарсы тұрып, жаттығу қимылдарын көрсетеді, ал олар оның соңынан қайталауы керек. Тіпті аяқсыз мүгедектерді де көшеге алып шығатын; олар ешқандай жаттығу жасамасада, балдақ ұстап кезекте тұруға міндетті болды. Жалпы, таңертеңгілік жаттығулардың өзі мен үшін ешқашан қиындық тудырмайды және болған да емес, бірақ күн сайын таңғы сағат 6-да, тіпті минус 10 градус Цельсийде де сыртқа жүгіріп шығуды абсурд деп санаймын. Ал, ҚР ІІМ бекіткен ішкі ережелерге сәйкес (әлі күнге дейін күшінде), ауа температурасы -25 градус Цельсий немесе одан төмен болған кезде ғана сотталғандарды сыртқа жаттығуға шығаруға тыйым салынады! 2017 жылдың соңында, сыртта аяз минус 15 градус болып тұрғанда, арқам мен беліме суық тиіп қалды, сондықтан бір күні сағат 6:00-де оянып, таңертеңгі жаттығуларымды ғимарат ішінде жасайтынымды мәлімдедім. Әрине, бұл жанжал тудырды, ал ДПНУ бастаған контролерлар тобы дереу бейнекамераларын ұстап келді. Олар маған «ресми» дауыспен сыртқа шығыңыз деп бұйырық жасайды, менде сондай дауыспен, температураның төмендігі туралы және арқам мен белімнің ауырсыну туралы, суықта жаттығулар жасай алмайтынымды және жаттығуларды іште жасайтынымды жеткіздім.
Назар аударыңыз! Егер сіз қызметкерлермен осындай жағдайда даулассаңыз, сіздің әрекеттеріңіз, айтқаныңыздың барлығын бейнекамераға жазылып алынуы мүмкін. Бұл біріншісі. Екіншісі, «бас тартамын» деген сөздерді қолданбаңыз, «қиын болғандықтан істей алмаймын», «ауырып қалдым», «мүмкіндік жоқ» деген сөздерді қолданыңыз. Өйткені ҚАЖК қызметкерлерінің әрекеттері мен хаттамаларына келіспей сотқа шағымдану қажет болады, ал ондай жағдайда тұжырымдамалар өте маңызды. Әрине, тек «дұрыс» айтылған тұжырымдаманың өзі жеткіліксіз; ақпарат жинаңыз, ұсақ детальдарға және жағдай туралы мета-мәліметтеріне назар аударыңыз.
Мысалы, мекеме плацында – орталық алаңында – ілінген электрондық дисплейде ауа температурасы дұрыс емес көрсетілетіні туралы білдім, ал бұның көрсеткіштеріне бүкіл зона сүйенген. маған бұл туралы қазандықта жұмыс істеген сотталғандар айтты – себебі өздері сынап термометрін пайдаланған. Белгілі болғандай, электронды дисплей ауа температурасының іс жүзіндегіден «жылырақ» екенін көрсетіп тұрды. асылында, электронды дисплей ауа температурасының іс жүзіндегіден «жылырақ» екенін көрсетіп тұрды. Егер бұл туралы, жалпы айтқанда жай зек білсем, онда бұны мекеме қызметкерлері де білген. Солай, нақты температура –минус 25 градус Цельсий, немесе одан да төмен болғанда, сотталғандар әкімшіліктің бұйрығымен жаттығу үшін сыртқа шығуға мәжбүр болған. Мен мекемемен соттасқанда, адвокаттарым метеорологтарға ресми өтініш жасағаннан кейін, менің күмәнім расталды, және осы негізде маған ерекше аязды күндері салынған кейбір жаза-сөгістер жойылды.
ҚАЖ мекемелерінде орналасқан сотталғандардың шағымдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодекстің 482-бабына сәйкес қаралады. Барлық саяси тұтқындар оны қолдануды үйренсе, сонда зона-түрмелердің әкімшіліктеріне қандай да бір жолмен әсер етуге болады. Нормативтік құқықтық актілермен белгіленген ұсақ болып көрінетін стандарттарды бұзу туралы мәліметтер жария етілгеннің өзінде, тіпті әлсіз болса да, әсер ету толығымен мүмкін. Өйткені, бұл аса ауыр бұзушылықтар бойынша тергеуді бастауға себеп болуы мүмкін. Сондықтан, ҚАЖК қызметкерлерінің көбі жариялылықтан және өз қызметтеріндегі ашықтық талаптарынан қорқады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 482-бабына сәйкес, сотталғанның сот отырыстарына қатысуы міндетті, яғни саяси тұтқын зона сыртына шығып, сот отырысына қатысуы үшін адвокаттармен және жақын туыстарымен кездесуді талап ете алады. Сондай-ақ, саяси тұтқынның мекемедегі жағдайы мен халі туралы тікелей хабарлауына мүмкіндік болуы маңызды.
Аштық өткізу туралы
Түрмелер мен зоналарда аштық өткізу әртүрлі болады: бәрінен, тіпті судан да бас тартатын «құрғақ» аштық; барлық тамақтан бас тартатын, бірақ су ішетін аштық; әртүрлі сұйықтықтар мен дәрумендерді ішіп, тамақтан бас тартатын аштық; және мекеме беретін тамақтан бас тартатын аштық. Өзім аштық жариялаған кезде тамақтан бас тартып, тек су іштім. Оңай емес екен – оныншы күні дене әлсірейді, ұйқышылдық пен бас айналу пайда болады, бірақ организм тез үйреніп кетеді. Менің ойымша, аштық саяси тұтқынның жағдайында қандай да оң өзгерістерге әкелуі керек. Сондықтан қоршаған реалдықты дұрыс бағалап, қол жеткізуге болатын мақсаттар қою өте маңызды. Демек, саяси тұтқындардың аштық жариялауы наразылық акция және саяси күрестің бір бөлігі екенін ескере отырып, мен аштық өткізген саяси тұтқындардың әрекеттеріне күмән келтірмеймін де сын айтпаймын – олар өз жағдайлары туралы жақсырақ хабардар және бұл қадамға мәжбүр болды деп санағаннан. Сондықтан, жоспарланған аштықтың басталу күні, мақсаттары, форматы және ұзақтығы туралы алдын ала (жеті-он күн бұрын) әріптестері мен БАҚ-қа хабарлау маңызды деп санаймын. Онсыз аштыққа шыққан саяси тұтқын ақпараттық блокадада түсіп, қоғам оның наразылығы туралы білмей де қалады. ҚАЖК мекемелерінің әкімшілігі үшін политзектің тамақ ішіден бас тартуы өздігінен төтенше жағдай болып табылады, ал егер бұл бас тарту мекемедегі ұстау жағдайларына немесе түрме/зона әкімшілігінің әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне қатысты шағымдармен байланысты болса, төтенше жағдай аудандық деңгейден асып кетеді. Олар аштық жариялаудың алдын алу немесе тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тырысады.
Қамауда отырған кездегі алғашқы және жалғыз аштығым 14 күнге созылды. Себеп – заңға қайшы шешімге сәйкес, Талғат екеуміз Атыраудан 1400 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан Солтүстік Қазақстан облысындағы зонаға жіберілдік. Отбасыларымыз бізге жету үшін екі пойызға отырып баруға мәжбүр болды. Атырау мен Петропавл арасында тікелей авирейс болған емес, әлі де жоқ. Біз осы мәселе бойынша арыздар мен шағымдарды Солтүстік Қазақстан облысына этаппен бара жатқан кезде Ақтөбе ТИЗОсында жаза бастадық. Содан кейін тағы бірнеше арыз жібердік, бірақ оның пайдасыз екенін түсініп, 2017 жылдың жазында наразылық ретінде аштық жарияладым – мұны зона асханасына «брынзаға» (зектер солай деп атайды) барғанда, тіпті тамақ ішуді бастамай-ақ жасадым. Әкімшіліктің ерікті көмекшісі, «активисттердің» бірі бұл туралы асханада кезекші мекеме қызметкеріне дереу хабарлады. Қызметкер қатты таң қалып, басшылыққа бірден рация арқылы хабарласты. Содан кейін олар мені мекеменің «штабына» апарды, онда мен аштық жариялау себептерін жазбаша түсіндірдім. Аштықтан бас тартуға көндіруге бір сағаттай уақыт жұмсады, бірақ мен «тек осындай бейбіт наразылық арқылы ғана құқықтарымның бұзылуына назар аудара аламын» деп қақсай бердім. Бас тартпайтынымды түсінген олар мені мекеменің медициналық бөліміне апарып, бос палатаға жатқызды. Мен аштыққа ақылақтық жағынан және, былайша айтқанда, оймен болжау арқылы да дайындалған едім. Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттында қаралған кейсті есіме түсірдім, бұл істің мән-жайы қоғамшылдарға арналған тренингтердің біреуінде баяндалған. Қысқаша айтқанда осылай болған: бір украиндық банкир түрмеде аштық жариялайды, біраз уақыттан кейін түрме қызметкерлері оны түтік арқылы күштеп тамақтандыра бастады. Банкир мұны өз құқықтарын бұзу деп санап, Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымданды. Еуропалық сот оның шағымын қолдап, позиция дұрыс деп шешім шығарады – иә, түрме әкімшілігі тұтқынның өмірі мен денсаулығына жауапты, бірақ күштеп тамақтандыруға тек банкир әлсіреген жағдайда, өз әрекеттеріне ие болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Қолайлы сәтті тауып, мен мекеме қызметкерлеріне, содан кейін прокурорларға бұл іс туралы айтып бердім және біздің соттар да Европалық соттың логикасын қабылдайтынын қостым. Логика өте қарапайым – ақыл-есі дұрыс және есте сақтау қабілеті жақсы адамның тамақ ішпеуге құқылы. Ойымдағы жоспар іске асты – мекеме қызметкерлері айтқанныммен келісті; әріне, айта кету керек, мен және Талғат секілді – маза бермейтін, бірақ сабауға болмайтын – екі политзек сол зонадан жылдамырақ кетіп қалғаны олардың мүдделеріне сай болды. Сонымен, ҚАЖК осылай жасауды шешті: күніне үш рет, таңертең, түсте және кешке мені медициналық бөлімнің кішкентай асханасына апаратын болды, онда үстелде тамақ салынған ыдыс-аяқ дайын тұрады, сосын мекеме қызметкері келесі сөздермен видеоға түсіре бастап: «Сотталған Боқаев, тамақтануға кірісіңіз!» деп маған бұйрық беретін болды. Мен жауап ретінде: «Менің құқықтарым бұзылып жатқандықтан, мен тамақтанудан бас тартамын!» деп анық айту керек едім. Кейде мен: «Менің құқықтарымды Назарбаевтың диктаторлық режимі бұзып жатыр», – деп қосатынмын. Содан кейін мені қайтадан палатаға апаратын. Келесі күні де сол сценарий қайталанады. Күлкілі, бірде прокурор маған келіп, менің кәмпит немесе кішкентай тоқаш жесем, олар «байқамайтынын» айтты. Мен жатқан палатада жасырын камера болғанына сенімдімін, егер мен жасырын түрде бірдеңе жесем, авторитарлық мемлекеттің өкілдері өте мәз болатын еді. (Бір шал арестанттан естігенмін – аштықта жатқан сотталғандардың тәбетін ашу мақсатында, продолда, камера есігінің жанында түрме қызметкерлері электр плитасында балық қуырыпты). Аштықтың он төртінші күні мені мекеме бастығының орынбасарына апарды, ол тек Талғатты ғана Атырау зонасына ауыстыруды қолдарынан келгенін айтып, аштық жариялауды тоқтатуды ұсынды. Біраз ойланғаннан кейін мен бұл жоқтан жақсы деп, аштықты тоқтататынымды айттым. Бірақ кейінірек белгілі болғандай, Талғатты Ақтөбе зонасына жіберіпті.
Медикалык бөлім
Әрине, зоналардағы медициналық қызметтердің сапасы төмен, тіпті қалалық медициналық мекемелердегіден әлдеқайда төмен. Соған қарамастан, зонадағы медициналық бөлімшелері кейбір базалық медициналық қызметтерді көрсете алады. Біріншіден, бұған туберкулезді ерте диагностикалау кіреді – барлық дерлік түрме мекемелерінде флюорография аппараттары бар. Дегенмен, тұтқындар арасында туберкулезбен ауыру деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары, себеб – денсаулықтарына немқұрайлы қарауы, дұрыс тамақтанбауы және зоналардағы суық. Флюорографияны зонаға погон тақпайтын дәрігерлер келіп жасайды, бірақ мекемелердің біреуінде бұл медикалық процедураны сотталғанды орындауға үйреткен, сол зек аппаратураны қолданып машықтанған. Екіншіден, жазатайым оқиғаларда жарақаттанып қан кеткен кезіндегі алғашқы көмек – медициналық бөлім йод, мақта, бинт бере алады (немесе арестанттар әзілдейтін әмбебап аспирин – бас ауруына жарты таблеткасы, асқазан ауруына екінші жартысы). Кейбір критикалық жағдайларда мекемелер әкімшілігі кәдімгі жедел жәрдем шақыруы мүмкін. ҚР бюджеті мұнай долларлардан ісіп кеткен жылдары, ҚР ІІМ ҚАЖК тез арада пенитенциарлық жүйеде медициналық көмекті ұйымдастырудың тамаша жоспарын дайындап қойды. Олардың діттегеніне сәйкес, бірнеше жәй зоналарда мамандандырылған медициналық орталықтар құрылды. Мысалы, біреуінде операциялар жасаса, екіншісі психиатриялық диагноздарды емдесе, үшіншісі туберкулезбен ауыратын науқастарды емдейтін. Күрделі медициналық емдеу қажет болғанда, сотталғандар осы орталықтарға теміржол арқылы, вагонзактармен тасымалданатын. Мен Павлодар «он бесінші» зонасында, аталған медициналық орталығы бар «сангородта» болғанмын. Бұл сангород туралы осыны білсеңіз жеткілікті – мен болған кезде екі сотталған қайтыс болды, ал погон киген хирург әйел басымдағы атероманы алып тастауға арналған қарапайым операцияны дұрыс жасай алмады. Бұл әйел, дәрігер және КУИС қызметкері, «операциядан» кейін көп ұзамай демалысқа кетті. Он бес күннен кейін қайтып келгенде, атероманың әлі де бар екенін білгеннен кейін, медициналық карталарымнан беттерді жыртып алып, қайта жазудан басқа ештеңе ойлап таппады. Бірақ, ол жоқта Павлодар облысы бойынша НПМ қатысушылары сол зонаға кіріп шыққан, олардың бірі Сергей Молчанов менің рұқсатыммен медициналық карталарымның фотосуреттерін түсіріп, адвокаттарыма жіберген. ҚАЖК дәрігерінің өтірігі осылай әшкереленді. Бір күлкілі фактты қосайын: «операция» кезінде сол әйел хирургқа бір сотталған санитар ассистент болған, ал үлкейген атероманы 2021 жылы түрмеден шыққаннан кейін алып тастадым. Менің білуімше, қазір тек туберкулез емдейтін сан-зоналар қалды, басқа санқалашықтардың бәрі жабылды; бюджет ақша жоқ. Енді сотталғандарды жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан медициналық клиникаларда емделіп, автозактармен тасымалданады деп болжануда. Осы мақсатқа жету үшін ауруханалар торлармен екіге бөлінген палаталарды ашты – біреуінде қабырғаға шынжырланған сотталған, ал екіншісіде конвой немесе ҚАЖК қызметкерлері отырады. терезелерде сондай-ақ, торлар, есігі темірден. ҚАЖК мекемелерінен тыс мамандандырылған медициналық клиникаға бару үшін түрме әкімшілігіне қысым жасау мақсатында қоғамдық наразылық тудырып, көптеген өтініштер мен шағымдар жазып, әріптестер мен адвокаттардың көмегіне жүгініп, бірталай күш-жігер жұмсау қажет болады. Дегенмен, емделуге барып қайту әбден мүмкін. Шығуға рұқсат алғаннан кейін, ажиотаж тудырмауға рекомендация беремін — отбасыңызға немесе әріптестеріңізге емделудің күні мен орны туралы хабарлаудың қажет жоқ. Бұл сіз бен күзетшілер арасында қажетсіз шиеленісті тудырады. Оданда сапарға мұқият дайындалған дұрыс – қажетті заттарды, азық-түлікті (ауруханалардың тамақтандыруы диеталық) және кітап алып кетіңіз. Егер бір аптадан асатын уақытқа кететін болсаңыз, күзетшілердің ұялы телефонынан қоңырау шалуға рұқсат беру үшін мекеме басшылығымен келісіңіз.
Дегенмен, егер сізде созылмалы аурулар болса, мен саяси тұтқындарға тіпті түрме-зоналардың нашар медициналық бөлімшелеріне де баруға рекомендация беремін, себебі ҚР ІІМ ҚАЖК ережелеріне сәйкес медсанбөлімге келгендердің аты-жөні тіркеледі және денсаулық туралы ақпарат медициналық жазбаларға енгізіледі. Адвокаттарыңыз бен қорғаушыларыңыздың медициналық картаңыздағы жазбаларды көшірмелерін мезгіл-мезгіл жасауы өте маңызды! Ол үшін сіз оларға денсаулығыңыз туралы ақпарат алуға рұқсат беретін сенімхат беруіңіз керек. Егер денсаулық құқықтарыңызды заңды түрде қорғауды шешсеңіз, бұл жазбалар мен басқа да ақпарат маңызды дәлел болады. Ұдайы медсанбөлімге барып, медициналық қызметтердің сапасын жақсартуға және қажетті дәрі-дәрмектерді беруді тұрақты түрде талап етіп, бұны қоғамға бағытталған үндеулермен бірге тиімді құқықтық әдістерді қолдансаңыз, нәтиже болады, сондықтан әріптестеріңізді хабардар етіп отыруды ұмытпаңыз. Сонымен қатар, медициналық бөлімше қызметкерлері әдетте сіздің қалаңыздың тұрғындары екенін және отбасыңызбен, достарыңызбен немесе әріптестеріңізбен өзара байланыста болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Қажет болған жағдайда, дәрі-дәрмектерді зонаға алып келуді жеделдету немесе сізді емдеу үшін мекемеден тыс жерге апаруға атсалысады. Сондықтан, медициналық қызметкерлермен жақсы қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.
ҚР ҚАКнің 121-бабына сәйкес, сотталғандар мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту жөніндегі, аптасына екі сағаттан аспайтын ақысыз жұмыстарға тартылады. Мемлекет бұл ережені енгізген кезде, қылмыс үшін кінәлі деп танылған азамат өзінің күнкөріс шығындарын өтеу үшін жұмыс істеуі керек дегенді білдірді. Бірақ зоналарда жұмыс жоқ. мекемені абаттандыру қажетті іс болғанымен, ғимараттар мен жабдықтарды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ақаулардың жүйелі тізімі де жоқ немесе құрылыс материалдары жоқ. Сондықтан, қамаудағылар жұмыспен қамту үшін зона әкімшілігі түрлі абсурдтық «маймыл» жұмысын ойлап табады. Екі сағаттық жұмыстың түрлері осындай болу мүмкін: екі сағат бұрын сыпырылған аумақты қайтадан сыпыру; ешкім жүрмейтін жерлерде қарды тазалау, шөп жұлу. Мұның бәрі зонадағы мақалға сәйкес келеді: «чем бы зек не занимался – лишь бы заколебался» («зек не істесе де, әбден есеңгіресін»). Есі сау адам ретінде сіз мұндайдан ерте ме, кеш пе шаршайсыз, бірақ еш жағдайда мекемені абаттандыру жұмыстарынан бас тартам деп айтпаңыз, себебі ҚР ҚАК бұны тәртіпті қаскөйлікпен бұзу деп санайды. Омыртқааралық дискінің жарығым бар деп (ресми түрде қойылған диагноз) айтып, маған күш жетерлік жұмыс берілсін деп арыз жаздым. Бірақ зонада жұмыс болмағандықтан, басқа сотталғандарға қолымнан келгенше жәрдемдестім – қатты физикалық күш салуды қажет етпейтін жұмыстарда. Саяси тұтқындардың көбінде созылмалы аурулары бар болуы ықтимал, олардың көбі жас адам емес, сондықтан мен жасағандай жасауды рекомендация беремін. қажетті жұмыс инструменттерді, жабдықтарды немесе жеке қорғаныс құралдарын (қолғаптар, жұмыс киімдері, аяқ киімдер және т.б.) сатып алуға ҚАЖК бюджетінде қаражат қарастырылуы керек, сондықтан сіз осы заттарды жазбаша түрде талап ете аласыз, себебі мұның бәрі Еңбек кодексінде көзделген. Дегенмен, зонада мұның ешқайсысы болмауы мүмкін. Егер мекеме әкімшілігі сізді «маймыл» жұмысына жегуі тым табанды болса, ҚР Қылмыс-процестік кодексінің 482-бабын қолданыңыз.
Әрине, зонада орын алатын барлық жағдайлар бойынша кеңес беру мүмкін емес. ТИЗО, зоналардағы ең базалық жағдайларды, мән-жайларды және өмір сүру шарттарын еске түсіруге және сипаттауға тырыстым. Демек, тәжірибе – ең жақсы мұғалім; менің ойымша, қалғанының бәрін сіз тез арада бабын тауып алып түсінесіз.
11. Мекеме қызметкерлерімен қалай әрекет ету керек – зоналарда.
Бұдан бұрын ТИЗО қызметкерлерімен қалай өзара әрекеттесу керектігі туралы рекомендациялар берілді. зона қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезінде дәл сондай ды де қолдануға рекомендация беремін – олардың барлығы бір қылмыстық жүйеде жұмыс істейді. Әрине, кейбір ұсақ айырмашылықтар бар. Мысалы, ТИЗОдағы сотталмаған күдіктілер мен айыпталушыларға қатысты ҚАЖК қызметкері анық заңсыздықты жасай алмайды, дөрекілікті көрсете алмайды, себебі сот оларды ақтауы мүмкін. Күдіктілер мен айыпталушылар сот отырыстарына әкелінеді, қорғаушылар мен адвокаттар оларға жиі барады, бұл мекеме қызметкерінің заңсыз мінез-құлқы туралы ақпараттың жариялану ықтималдығын арттырады. Зонадағы жағдай басқаша, ол жерге қамалғандар сот тарапынан кінәлі деп танылған сотталғандар ретінде келеді. Сондықтан, ҚАЖК қызметкері зонадағы арестанттқа менсінбей қарап, онымен күш қолдану позициясынан сөйлесуі мүмкін. Әрине, әдеттегіден тыс нәрселер болады, мысалы «біз сотталғандардың істерін зерттейміз және менттердің беспределымен (шексіз былығын) отырғызған адамды анықтай аламыз дегенді естгенмін ҚАЖК қызметкерлерінен (оларды мент деп деп атайтынына қарамастан!). Зона – режимді нысан екенін, оның қауіпсіздік жүйесінің бірнеше деңгейлі күзеті контурлары бар екенін есте ұстаған жөн.
Сыртынан зонаны Ұлттық ұлан күзетеді (мұнараларда автоматпен тұратын солар); Ұлттық ұлан қызметкерлері ҚАЖКқа жалпы бағынбайды. Зона ішінде жауапкершілік ҚАЖКтың өзіне жүктеледі. Және Өзіндік Қауіпсіздік Басқармасы мен ҰҚК бақылауы да бар. Сондықтан, адвокаттардың, белсенділердің және БАҚ-тың зонаға физикалық түрде кіруі үшін олар әртүрлі рұқсаттарды талап ететін бірнеше идентификацияландыру процедураларынан өтуі керек. Бұл рұқсаттар алынып жатқанда, зонадағы заңсыз әрекеттің барлық іздерін жоя алады, мысалы, ұрып-соғылған сотталғанды жасыру арқылы. Мұның бәрі зона қызметкерлерінің сотталғандардың тағдырына белгілі бір дәрежеде үстемшілікті сезінуіне ықпал етеді. Баяғы заманда зона басшысын «қожайын», «барин» деп атаған, оның өкілеттіктері мен мәртебесі соншалықты зор болған. Ал енді ойлап көріңізші, «қожайынының» рұқсатынсыз шыбындар да ұшпайтын зонаға бостандықты сүйетін, ойшыл, құқықтарым бар деп жарсалатын саяси тұтқын әкелінеді. Тимур Данебаевтың жағдайында көргеніміздей, ҚАЖК саяси тұтқындарға да қарсы тікелей физикалық күш қолдана алады, бірақ қайталаймын – бұл ерекше оқиға. Егер психологиялық тұрғыдан үйлеспейтін ҚАЖК қызметкерімен егесіп қалсаңыз, онда оның жағынан әртүрлі ұсақ-түйек оңбағандықтар, тиісу, арандатушылық әрекеттер болып қалу мүмкін. Тәжірибелі түрме, зона қызметкерлері көптеген физикалық емес және психологиялық қысым әдістерін қолданады. Бұл әдістердің барлығын білу мүмкін емес болса да, мен бірнешеуі туралы қысқаша айтайын. Мысалы, олар зектердің арасындағы жүрген «активистерді (сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері), немесе ҚАЖК оперативниктеріне жұмыс жасайтын агентураны сөздік озбырлығы арқылы политзекке қысым жасасын деп айдап салу мүмкін. Егер мәселе барак ішінде шешілмесе, онда саяси тұтқын әкімшілікке жүгінуге мәжбүр болады. Мұндай жағдайлар саяси тұтқынның мерзімінің басында болуы мүмкін және «режімдік» зоналарына тән. Мұндай жағдайларда мен дереу прокуратураға, ҚАЖ облыстық департаментіне және мекеме басшысына арыз жіберуді рекомендация беремін.
Орын алған оқиғаның мекеме әкімшілігі мақұлдаған арандатушылығы деп санауға негіз бар екенін арызыңызда көрсетіңіз. Сондай ақ, қысым жасаған сотталғандар мекеме басшысының бұйрығымен және хабардарлығымен істеген әрекет деп айтатын негіз бар деңіз. Тергеуді және «қауіпсіз жерге» орналастыруды талап етіңіз. Осы арыздарды қарап шыққаннан кейін, зона әкімшілігі сізбен қарым-қатынасты қалпына келтіруге тырысуы ықтималдығы зор – олар арыздарды қайтарып алуды және татуласуды ұсынады, содан кейін сізге деген қысым тоқтайды.
Қамалғандарға әсер етудің тағы бір кең таралған әдісі – олардың құқықтарын біртіндеп, мұқият – ең аз күш қолдану арқылы – барынша қатал түрде шектеп бастайды, содан кейін бәрін, тіпті заңды түрде тиесілі нәрсені де тартып алады. Содан кейін зона бастығы қысымды біртіндеп жеңілдетіп, азы-түлікті, басқа заттарды таратып немесе белгілі бір нәрселерге рұқсаттар бере бастайды. Бұл мекеме әкімшілігінің үлкен қайрымдылығы ретінде ұсынылады. Зоналарды «сындыру» – осы әдістің ең қатыгез нұсқасы – аса қатыгез ұрып-соғудан, қорлаудан және азаптаудан кейін, барлық «смотрящий-жужащийлер» негізгі топтан – «мужиктардан» бөліп тастағаннан кейін, соңғыларына тыныштықта демалуға мүмкіндік беріледі, тіпті олар тек ұрып-соғылмас үшін асханаға маршпен, әскери жүріспен баруға қуанышты.
Тағы бір кең таралған әдіс – ескі «жақсы полицей, жаман полицей» ойынының әртүрлі нұсқалары. Сіз бұл айла-шарғыларды тез танып, тиісті жауп ретінде дұрыс шараларды қолданыла аласыз деп үміттенемін.
ҚАЖК немесе ҰҚК қызметкерлерінің саяси тұтқын туралы түрлі қауесеттерді таратуы кең таралған әдіс. Мысалы, зоналардың біреуінде, бақылаушы контролер, Ұлттық ұлан қызметкері, мені «стукач» деп сотталғандардың біреуіне айтыпты. Мен дереу осы бақылаушыны іздей бастадым, бірақ таба алмадым. Зонада мұндай қауесеттер қандай да бір пасықтықтың бөлігі болуы мүмкін екенін түсінгендіктен, мен әріптестеріме маған қарсы дайындалып жатқан арандату туралы алғашқы болған мүмкіндікте таксофон арқылы ескерттім. Сол күні мекемеге облыстық ҚАЖД басшысы келіп мені кеңсесіне шақырды. Болған жағдайдың мән-жәйін түсіндіріп, бақылаушымен бетпе-бет кездестіруді талап еттім. Анау Ұлттық ұлан қызметкері мүлдем жоғалып кетті, зонада үш-төрт айдан кейін ғана қайта пайда болды. Осыған сүйене отырып, менің арандатушылық туралы қорқынышым негізсіз емес деп айтуға болады.
Егер сіз сауаттылықпен құқықтық методтарды қолданып, сабырлық пен батылдық танытып аталған стереотиптік әдістерге негізделген манипуляцияландыруға қарсы тұрсаңыз, олар сізді мазалауды тоқтатады. Тек жоғарыдан бұйрық берілген жағдайда ғана сізді ұрып-соғып, азаптауы мүмкін, бірақ бұл өте сирек жағдайларда болады.
Зоналардың бірінің қызметкері маған қысқа да нұсқа былай айтты: «Макс, сіз біз үшін проблема емессіз, сіз біз үшін вертяксіз» (вертяк – көп уақыт пен жүгірісті талап ететін маңызды емес әбігер). Қоғамның, әріптестердің қолдауы болмаса және халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен дипломатиялық миссиялардың назары болмаса, Талғат екеумізге соншалықты «мәпелеп-әлпештеп» қарамас еді – зоналардың ішінде адамды «сындыруды» үйренді, бұған күмән болмасые, бізден де мықтырақтарды сындырған. Сондықтан, бұрын жазғанымдай, зонада немесе ТИЗОда болсын, ҚАЖК қызметкерлерімен өзара әрекеттесу кезіндегі ең жақсы стратегия – құқық шеңберінде болу және пенитенциарлық жүйені реттейтін заңдармен таныс болу. Бұл туралы әрдайым айтып жүріңіз, осы позицияны ашық, көзге айқын түсерліктей қылып көрсетіңіз.
Бес жылға жуық қамалу мерзімі ішінде сотталғандар тарапынан ұжымдық наразылықты тек үш-төрт рет көрдім – асхана қасындағы жасақтың «түрегеліп ереуілдеу» немесе тексеруге шықпауы түрінде. Бұл наразылықтардың барлығы 2018 және 2020 жылдар аралығында режим жеңілдетілгеннен кейін, мекемелердегі қызметкерлердің дөрекілігіне байланысты болды. Зона-түрмелердегі ауқымды тәртіпсіздіктерді көрген емеспін; бұндай оқиғалар туралы мәліметтерді тек зектердің әңгімелерінен немесе интернеттен естігенмін.
Егер қамалғандардың жаппай наразылығы ҚАЖК қызметкерлерінің қатал, дөрекі әрекеттерінен туындаса, арестанттардың жағында болуды рекомендация жасаймын – тіпті бұл әрекеттер сізге тікелей әсер етпесе де. Әрине, наразылық акциясына көмектесуіңіз құқықтық шеңберде болуы керек – жалпы сізден күтілетін нәрсе осы – прокуратураға, қоғамдық ұйымдарға, БАҚ-қа шағымдар жазу, ақпарат тарату.
12. Автозактармен этап жасау туралы
Қамалғандарды автомобиль көлігімен этапқа салып тасымалдауы көбінесе бір қала шекарасында орын алады. Бұл жағдайдағы этаптардың бағыттары осындай болуы мүмкін: ИВСтан ТИЗОға; ТИЗОдан қалалық полиция департаментіне немесе ҰҚКға (тергеу іс-шараларын жүргізу үшін); ТИЗОдан соттарға; ТИЗОдан зонаға; зонадан ТИЗОға (сотқа қатысу үшін апарады – сотталып кеткен адамды қосымша тергеуге қатыстыруға немесе сотталған адам ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 482-бабына сәйкес сотқа шағым берген кезде). Кейбір сирек кездесетін, өте ерекше жағдайларда қамалғандар ҚАЖКның бір мекемесінен көршілес аймақта орналасқан басқа мекемесіне автозакпен этапқа салынады. Менің ойымша, саяси тұтқындар полиция автозақтармен соншалықты алысқа тасымалданбайды.
Қазақстандағы автозактар көбінесе ГАЗ-53 шассиінде, және Газель микроавтобустарынан жасалған. Коррупция және қаржыландырудың үнемі жетіспеушілігі ҚАЖК автозактарының техникалық жағдайының мүшкілдігіне апарды. Мені сотқа ма, емханаға ма, апарып бара жатқанда автозактың сынып қалған болатын. Конвой оны итеріп, іске қосуға тырыссада нәтиже болмады, содан кейін басқа көлікті шақырды. Автозак ішіндегі жылытқыштар мен шамдар жұмыс істемейді, сондықтан қыста, этапқа шығар алдында, мен мүмкіндігінше жылы киініп, астыма салу үшін көрпе алып жүретінмін. Бұл төсем сонымен қатар кедір-бұдыр жолдардағы жүрісті жұмсартады.
2010 жылдардың басында ресейлік зектер қамалғандарды автозактарға балықты бөшкеге толтырғандай тыққыштау тәсіліне наразылығын білдіріп Еуропалық Адам құқықтары жөніндегі сотқа шағымданады. Сол соттың шешімінен кейін РФ қамалғандарды тасымалдауға арналған заманауи көлік түрлерін шығара бастады, және ҚАЖК автозактардың жаңа түрлерін сатып алуды бастады.
Бұл автозак, бұрынғыдай ГАЗ-53 шассиінде орналасқан, бірақ «жақсартылған жайлылықпен» – фургон көлемі үлкенірек және биіктеу, ішінде вандалға төзімді шамдар орнатылған; ішкі бөлігі екі адамға арналған ұсақ-көзді темір тормен бөлінген орындарға бөлінген. Осындай автозакпен столыпин вагонзагынан Қарағанды транзиттік түрмесіне дейін барғанмын.
Жоғарыда айтқанымдай, бір қала ішіндегі тасымалдауларды әдетте жергілікті конвой қызметтері жүзеге асырады. Әдетте олар автоматсыз, тек жеңіл қарумен және қызметтік иттерді пайдаланбай жүреді; егер оларды аса ашуландырмаса, олар өз жайымен жүре береді. Сондықтан, столыпиндегі этаппен салыстырғанда, автозактағы этап жүйкеңізді айтарлықтай тоздырмайды.
13. Теміржол вагондарымен этап жасау туралы
Теміржол арқылы болған этаптарымның көбісі (санап қарасам 16 екен) қараңғыда басталып, қараңғыда аяқталатын, сондықтан олар фантасмагориялық түстерге ұқсайтын – алдымен автозактың қараңғы ішіне кіресіз, содан кейін кеширьді арқалап вагонзактың күңгірт өткелімен жүресіз, одан шыққаннан кейін өзіңізді қайтадан автозактың қараңғы фургоны ішінен табасыз.
Апелляцияңыз қаралғаннан кейін, ТИЗО әкімшілігі сізді мүмкіндігінше тезірек зонаға жіберуге тырысады. Бұл сапарға мұқият дайындалыңыз. ТИЗОдан барлық мүлігіңізді, әсіресе жылы киімдерді, электр шайнегін, радионы, тез бұзылмайтын тағамдарды және кітаптарды өзіңізбен бірге алып кетуді ұсынамын. Сізге осының бәрі қажет болады. Босаңсымаңыз – сізді басқа облысқа жіберуі мүмкін. Тәжірибелі зектер ТИЗОдағы этаптардың нақты күндерін анықтай алады; олардың айтқанына құлақ түріп жүріңіз. Сондай-ақ, «хозбандиттер» – шаруа жұмыстарын жасау үшін ТИЗОда қалдырылған сотталғандар да жақсы хабардар болады – олар этапқа кететіндерге жолда тамақтанатын құрғақ азық-түлік (консервіленген ботқа, нан, шай, тұз) дайындайды, тіпті этаппен жүру ұзақтығын болжай алады, себебі сапардың әр күніне белгілі бір мөлшерде азық-түлік беріледі. Бірақ, мұндай болжамдық деректермен «қаруланған» саяси тұтқындар сахнаның нақты соңғы бағытын білмеуі мүмкін. 2017 жылдың қаңтарында Атырау ТИЗОның бастығы Талғат екеумізге жергілікті зонаға барасыңдар деп айтқан, бірақ бізді Солтүстік Қазақстан облысына алып кетті. Сізді де солай алдауы мүмкін. Өз облысыңыздың территориясынан шыққаннан кейін, сізді қайда апарып жатқанын конвойдан сұрай салыңыз — бара жатқан зонаның мекенжайы сіздің қылмыстық ісіңіз бен басқа құжаттарыңыз салынған жәшік сыртына жазылады. Бізді Солтүстік Қазақстан облысына апарып жатқанын тек Алматы-Қарағанды бағытымен жүргенде ғана білдік.
Қамалғандарды теміржол арқылы тасымалдау үшін қолданылатын «столыпин» вагоны сыртынан қарағанда жәй вагон болып көрінеді, бірақ оның терезелері аз, және оларға темір тор қондырған. Ішкі құрылысы купе вагоны сияқты, бірақ дәліз купе камераларынан ұсақ-көзді темір торымен бөлінген, тіпті саусақты өткізуге да қиындатады. Купе камераларының есіктері де осындай торлардан жасалған және оларда сыртынан құлыпталатын «кормушкасы» – тамақтануға арналған ілмекті есікше бар. Купе камераларында терезелер жоқ.
Жеке тінту және «кеширьлерді» қарағаннан кейін, теміржолмен тасымалданатын қамалғандарды жәй камералардан жасалған «вокзальчик» деп аталатын ТИЗОлардың үй-жайларында орналастырады. Тінтуді ТИЗО қызметкерлері, немесе конвой жүргізеді. Зектердің дорбаларын «вокзальчиктерге» кіргізбейді; кешірьлер продолдарда үйіліп жатады.
Содан кейін зектер автозакқа тиеледі. ТИЗОдан кеткенде бұл процесс әдетте тыныш және жылдам өтеді. Теміржолдарға жеткеннен кейін, вагонзакқа тиеуге рұқсат алу үшін шамамен бір сағат күтуі мүмкін.
Соңғы жылдары автозактарды вагонзактарға тақап қоятын болды –дөңгелекті түрменің біреуінен екіншісіне бір аттап өтуге болатындай, бұл конвой қызметінің қауіпсіздік протоколындағы өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Жақында ғана – 2017 жылы – зектерді өткізу үшін, автозак-вагонзак арасында бір жарым метрдей арақашықтық болатын, сондықтан ағаш трап орнатылған. Зоналар туралы ескі фильмдерде траптың жанында қатты үрген неміс овчаркасын күшпен ұстап тұрған конвоирді көруге болады. Қамалғандарды вагонзакпен апаратын конвой қызметтік иттерді қазіргі уақытта да пайдаланады; көрінбеседе, олардың үруі зектердің тиеу-түсіруін сүйемелдейді.
Вагонзакқа тиеу былай өтеді: бір конвоир вагон дәлізінде тұрып, купе камерасының есігін ашып, оны қалқан секілді қылып алдына қояды, сонымен қатар аяғымен тіреп тұрып: (мысалы) бірінші камера қабылдауға дайын! деп айқайлайды. Автозакта отырған конвоир тұтқындар бөлімінің есігін ашып, біреуін шығарып жібереді де: Бірінші камера, қабылдауға дайындалыңдар! – деп айқайлайды. Үшінші, вагон тамбурында тұратын, кейде Калашников автоматымен қаруланған конвоир, зектің қимылдарын бақылайды, ал зек барынша тез жүгіріп, кеширіні орындықтың астына қойып, бірінші камераға кіріп отыруы керек; бұл уақытта автозактағы тұтқындар бөлімнің және вагонзактағы купе камераның есіктері жабық болады. Бұл әрекеттер бірінші камера толғанша қайталанады, содан кейін келесісіне өтеді, солай вагонзакты зектермен толтырады. Кейде ол тек жартылай ғана толады. Вагонзактардағы конвоирлер тиеу және түсіру кезінде дулыға мен дене бронежилет киеді. Олардың арасындағы ең қатыгезі тіпті автоматтың дүмімен соққы жасауы мүмкін дейді.
Кейде бірінші купе камерасына 15-20 адамды тыққылап салуы мүмкін, автозакты жіберіп, вагонзакты ішінен жауып, содан кейін зектерді басқа купе камераларына сұрыптайды.
Аса ыждағатты конвой басшылары столыпин вагонына тиелген қамалғандардың өздерін және заттарын тағы бір рет тінтуге бұйрық беруі мүмкін.
2017 жылы мен Ақтөбеден Алматыға дейінгі ең ұзақ тоқтаусыз этаптардың бірінде болғанмын – жол екі тәулікке жуық уақытты алды. Тіпті жолаушылар вагонында сонша уақыт отырудың өзі жалықтырар еді, әр купеде он бір зек бар вагонзак туралы айтпағанда. Дәретханаға, конвоирлердің сөзімен айтқанда «оправкаға» қамалғандарды қолдарына кісен салып, кесте бойынша алып шығады. Бұны арнайы зерттеген жоқпын, бірақ қолға кісен салу нормативті-құқықтық актімен реттеледі деп ойлаймын, демек осы мәтінді жазу кезінде анықтағанымдай, «оправка» сөзін зектер 1950 жылдары қолданған; А. Вардидің кітабында оның қолданылуының мысалы келтірілген:
— Начальник, на оправку! — закричали воры.
— Даешь уборную!
— Всё разнесем!
— Весь вагон обгадим!
Их выпустили.
Қазіргі кезде «оправка» процесі осылай жүзеге асырылады: конвоир алдағы процедураны туралы бүкіл вагонға хабарлайды. Алдымен әйелдерді, содан кейін қалғандарын шығарады. Әйелдердің қолдарына кісен салынбайды. Ер адамдар купе камераның есігіне арқаларын беріп тұрып, аздап иіліп, қолдарын артқа қойып, екі қолын ашық «кормушкаға» салуы керек. Дәлізде тұрған конвоир кісен салады – зек қолдары кісенделген күйінде есіктен ығысады. Содан кейін есік ашылып, қолына кісен салынған адам дәлізге шығады, онда оны екі жақтан екі-үш конвори күтіп тұрады, купе камераның есігі жабылғаннан кейін, оны дәретханаға апарады. Вагонзак дәретханасы кәдімгі пассажирліктегідей, әрине, терезелерде торлар бар, ал есікке кішкентай ілмекті люк орнатылған. Зек осы люкқе қолдарын салады, ал сыртта тұрған конвоир кісендерді шешеді. «Оправкаға» және жуынуға 10-15 минут беріледі. Вагонзак бағыттас пойызды сағаттап күтіп қалса, зектер қиналып қалады, себебі санитарлық талаптар қала территориясында дәретхананы пайдалануға тыйым салған. Көпті көрген арестанттар үш-төрт қасық құрғақ шайды шайнап, жұту іш қатуды тудыруы мүмкін деп айтады, бірақ несеп шығарудың табиғи процесін қалай тоқтатуға болатынын әлі ойлап табылмады. Қиын жағдайға тап болған кезде пластикалық бөтелкелерге жүгінеді. Ақтөбеден Алматыға, Қызылорда маңына барар жолда конвой ұзақ уақыт бойы дәретханаға апармады, сол себептен көрші купедегі бір байғұс ауру зек бұтына жіберіп қойыпты. Әрине, бұл оның қасындағылардың наразылығы мен ашуын тудырды. Шуды естіп, бірдеңіні шайнап, конвой бастығы келеді. Арестанттардың шағымдарын тыңдағаннан кейін, бұл иттің баласы күлімсіреп: «Өздеріңмен памперсты алып жүру керек еді», – деді. Конвоирдің бұл әрекеттері-әрекетсіздігіне шағымды тек Алматы ТИЗОсынан түсіре алдым (конвой қызметі үстіне шағымдарды әскери прокуратураға жазу керек). Есімде дұрыс сақталса, Мирзадинов дейтін біреу «шағымда көрсетілген фактілер расталмады» деп жауап берді.
14. Сотқа, прокуратураға және адам құқықтарын қорғайтын ұйымдарына шағымдар жазу
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 482-бабының «Сотталғандардың шағымдарын қарау» мүмкіншіліктерін пайдалануды көптен-көп рекомендация беремін. Бұл норма – сотталғанның арызын қараған кезде, оның сот отырысына қатысуын міндеттейді – басқасын айтпағанда. Бұндайда, тіпті оқшаулауда отырған сотталған (СУСта, ДИЗОда) сот алдына барады, және жақын туыстары оған қорғаушылары ретінде әрекет ете алатынын білдіреді.
Қамауда отырған кезімде бұл бапты бірнеше рет қолдандым. Қызығы, 2023 жылы ҚР КС нормативтік қаулысымен, бұл бапқа (менің ойымша оң) өзгерістер енгізілді. Сотталғандар енді өз құқықтары мен заңды мүдделерінің кез келген бұзылуына сотқа шағымдана алады.
Прокуратураға және басқа да мемлекеттік органдарға шағымдар жоғарыда аталған 482-бабымен реттелмейді; олар әдеттегідей еркін нысанда жазылады. Прокуратураның қылмыстық-атқару жүйесін қадағалау бойынша кең өкілеттіктері бар; оның қызметкерлері зоналарға жиі барады, олар үшін арнайы кеңселер ашылған. Прокуратура туралы заңға сәйкес, прокурорлар істей алатыны: «күзетпен қамауда отырған, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайына әсер ететін, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері әкімшілігі актілерінің заңдылығын тексеруге, заңсыз шешімдерінің күшін жоюға; қылмыстық-атқару жүйесі органдарының сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы актілерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қарауға;». Және прокурорлар күзетпен ұсталатын, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан … адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою туралы қаулы шығара алады. Сондықтан саяси тұтқынның қадағалау қызметін жүргізетін прокуратура қызметкерімен жеке танысуы маңызды. Прокурорлар әдетте ҚАЖК қызметкерлеріне қарағанда құқықтық тұрғыдан әлдеқайда сауатты, және көптеген прокурорлардың мансаптық өсуге ынтасы бар, сол себептен өз беделін бағалайды.
Бұл дегеніміз, прокурорлар түрме зоналардағы айқын заң бұзушылықтарды жасыра алмайды, егер – саяси тұтқын бұл туралы кеңінен жарияласа.
Сотталғандардан шағым жазу дағдыларының маңыздылығына байланысты, аталған 482-баппен жұмыс жасағанда, қоғамшылдарға заңи техникасын жақсырақ меңгеру үшін оқу курсынан өткен жөн. Адам құқықтарын қорғайтын ұйымдарына шағымдар мен өтініштер де еркін түрде жазылады. Көптеген эдвокаси кампанияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан және көптеген сот процестерін бақылауға қатысқан, бұған қоса – соттарды қоса алғанда, әртүрлі мемлекеттік органдарға бірнеше жүз өтініш, арыз, шағым жазған азаматтық белсенді ретінде, маған, түрме-зоналарда отырып, өз құқықтарыммен мүдделерімді қорғауға оңай және қиын емес болды. ҚАЖК мекемелерінде қамалғандарды ұстау шарттарын реттейтін нормативтік құқықтық актілердің ұйғарымдарымен жағдайдың шынайы ахуалымен салыстырып, жылдам бұзушылықтарды немесе кемшіліктер табуға болады, сондықтан – оңай. Қоғамның қолдауы болды, қорғаушыларым, НПМ, Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері келіп тұрды, соңғы шара ретінде шағымдарымды олар арқылы тиісті адресаттарға жеткізуге болатын еді, сондықтан – қиын емес. Саяси тұтқындар мен «қарапайым» зектердің айырмашылығы осындайда көрінеді, соңғылардың шағымдары меморгандарға жетпеуіде мүмкін. ҚАЖК қызметкерлеріне қарсы шағымдарымның бірін сотта қарау кезінде менің қорғаушым, адвокат Айман Умарова, әйелдер зонасынан шағымды асқазанында алып шыққан экс-қамалғанды куәгер ретінде шақырды – шағым жазылған қағаз парағы герметикалық түрде резеңке қолғапта жабылған. «Қарапайым» сотталғандар бастан кешіруі мүмкін қиындықтар осындай.
2019 жылдан бастап ҚАЖК мекемелері «ҚР электрондық үкіметі» жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға өтініштерді жіберуге арналған терминалдарды орната бастады. Бірақ, мен көргендерім жасамай тұрды. Қазіргі политзектер мекемелеріндегі орнатылған терминалдардың жұмыс істемейтінін де хабарлайды. Менің ойымша, ең жақсы жол қағаз болып қала береді. Өтініштердің қаралу барысын бақылау үшін әріптестеріңізге, отбасыңызға және адвокаттарыңызға хабарлауды ұмытпаңыз. Тіркеу талондарын мекеменің арнайы бөлімі беруін талап етіп қол жеткізіңіз. Мемлекеттік органдарға өтініштерді қабылдамау азаматтардың құқықтарын өрескел бұзу болып табылады, бұны ҚАЖКта біледі. Егер политзек шағымдарының жоғалып кететініне сенімді болса, ол дабыл қағып, бұл туралы ақпаратты кеңінен таратуы керек – НПМ, Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілдері, БАҚ, прокуратура арқылы.
Жалпы, саяси тұтқындардың соттар мен мемлекеттік органдарға шағымдануына (мысалы, прокуратура мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктерінің тергеу жүргізуін талап етуіне) себептер мен негіздер жеткілікті. ҚАЖК мекемелерінің инфрақұрылымы физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген, қызметкерлер нашар оқытылған, көпшілігі, жұмсартып айтқанда, сауатсыз. Мұның бәрі коррупция фон болып тұрған жағдайда орын алып отыр. Сондықтан, шағым түсірумен – «дауқұмарлықпен» – ҚАЖК мекемелерінде, бүкіл қамалу мерзімі бойы айналысуға болады. Мен бұл «қаруды» тек түрме мен зоналардың қызметкерлерінің жөнсіз тиісулерімен мен қудалауларына жауап ретінде ғана қолдануды шештім. Қай тактиканы таңдау, өзіңізге байланысты.
15. Қоғамдық бақылау
Қоғамдық бақылаудың өкілеттіктері мен негіздері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көрсетілген. ҚР ІІМ ҚАЖКне ықпал ететін шынайы құқықтық механизмдер Ұлттық алдын алу механизмі мен Қоғамдық бақылау комиссияларында бар. Бірақ, бұған қол жеткізу үшін НПМ қатысушылары мен Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелері құзыретті, тәжірибелі, шешімді және ең бастысы, про-демократияшыл азаматтық ұстанымға ие болуы керек. Нақты осындай адамдарды ҚАЖК мекемелердің әкімшілігі жек көреді және қорқады. Барлық қоғамшылдарға НПМ қатысушыларымен, Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшелерімен байланыс орнатуды және мүмкіндігінше олармен жеке танысу орнатуды рекомендация беремін – тіпті бостандықта болса да. Сондай-ақ ҚХАҚБ (КМБПЧ) бас кеңсесі мен аймақтық филиалдарының, сондай-ақ ірі қалаларда да, аймақтарда да жұмыс істейтін басқа да танымал адам құқықтарын қорғайтын ұйымдарының байланыс ақпаратын жазып алуды ұсынамын. Әртүрлі конференциялар мен семинарлар кезінде көптеген қоғамшылдар түрлі мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездеседі, ал шұғыл құқықтық көмек қажет болған жағдайларда адам құқықтарын қорғаушылар, мысалы, ҚАЖК облыстық департаменттерінің өкілдеріне қоңырау шалу арқылы араласа алады. Демек, ұмытпаңыз – біз авторитарлық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз; заңмен белгіленген қоғамдық ұйымдардың барлық өкілеттіктерін түсіндірместен елемей немесе тіпті шектеп тастауы мүмкін. Және «адами фактор» деген нәрсе бар – билік кез келген НПМ қатысушысына немесе Қоғамдық бақылау комиссиясының мүшесіне қамалғандардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыстан бас тартуға мәжбүр болатындай қысым көрсете алады.
16. Басқа қамалғандармен қалай әрекет ету керек
Капитализм қылмыстық әлемді де, онымен күресуге міндеттілерді де түбегейлі өзгертті. Қазір көпшілік үшін ақша маңыздырақ — идеялар екінші немесе тіпті үшінші орында қалды. Жоғарыда айтылғандай, кейбір зоналарда қылмыскерлер тіпті жасырын казинолар мен басқа да қылмыстық тірліктерді ұйымдастыра алды.
Әрине, мұның бәрі мемлекеттік органдардағы коррупцияның салдары. Зоналарда қамалғандармен қалай әрекет ету керектігін түсіну үшін, осыны ескеру керек: олардың мінез-құлқы сол мекемелерге коррупцияның өту дәрежесімен тікелей байланысты. Қамалғандармен әрекет ету стратегияңыз осы дәрежеге негізделеді. Дәреже деңгейін ТИЗОда немесе этапта сезе аласыз. Көп көрген арестанттар конвоирлерден телефонмен сөйлесуге (әріне, ақысын береміз деп), мүмкіншілік беруді сұрап, алыстан «тамырын басып» сол дәрежені байқайды. Коррупцияның өту дәрежесі жоғары болғанда, столыпин вагонзагында конвоирлер ақы үшін азық-түлікті, тіпті алкогольді ұсыну мүмкін. Сондай-ақ, ТИЗОда отырған кезде зонадағы жағдай туралы қосымша тергеуге, басқа зоналарға ауыстыруға, немесе өзге себептермен әкелінген арестанттардан біле аласыз.
Бүкіл түрме-зоналардағы халқының 90-95 пайызын құрайтын – ҚАЖК мекемелеріндегі қамалғандардың басып көпшілігі – көбінесе алғаш рет, байқаусызда қылмыс жасаған және мүмкіндігінше тезірек босатылуды асыға күтетіндер. Олардың арасында барлық әлеуметтік таптар мен мамандықтардың өкілдерін – жұмысшылар, инженерлер, бұрынғы мемлекеттік қызметкерлер, ауыл тұрғындары, жұмыссыздар, бизнесмендер және т.б. кездестіруге болады. Бұл сотталғандардың басты ерекшелігі – олар бейресми түрме-зона иерархиясында басшылық лауазымдарға ұмтылмайды, сондай-ақ өздерін қылмыстық әлеммен байланыстырмайды. Түрмеде бұл топтың мүшелері әлі күнге дейін «мужик» деп аталады. Бұл бейресми жіктеуге сәйкес, саяси тұтқын ер адам, егер ол түрмеге жабылса, «мужик» болып саналады.
Кеңес дәуірінен қалған зоналардың бейресми жіктелуі – «қара», «режімді», «қызыл» туралы көпшілік естіген. «Қара» зоналарда «ход» бар және қылмыстық авторитеттер билік жүргізеді деп есептеледі, ал «режимді» зоналарда жұрт заңға ұқсас режим бойынша өмір сүріп, билік толығымен ІІМ қолында деп есептеледі. «Қызыл» зоналарда бәрін «активисттер» – «ешкілер» – мекеме әкімшілігі қалған сотталғандарды бағындыру үшін пайдаланатын сотталғандардың ерікті ұйымдарының мүшелері басқарады деп айтылады. Менің білуімше, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған зоналардың ешқайсысы «таза» түрде жоқ; толығымен «қара» немесе «қызыл» зоналар, тіпті адамдар қатаң заң бойынша өмір сүретін «режимдік» зоналар жоқ.
Зонада ҚР Қылмыстық Атқару Кодексінде жазылғанға неғұрлым жақын «режимді» орнатып сақтау үшін, белгілі шарттар болу керек. Біріншіден, Астанадағы бастықтардың бұйрығы; екіншіден, қамалғандарды да, мекеме қызметкерлерін де асырауға жеткілікті бюджеттік қаражат; үшіншіден, прокуратура, ҰҚК және ҚР ІІМ ҚАЖКнің өзіндік қауіпсіздік басқармасы бақылауы қажет.
ҚАЖКнің бір полковнигінің айтуынша, егер «режимді» орнату үшін үш жыл қажет болса (бұл жеке құрамның жұмысын жөңге салу, қарсылық білдірген зектерді «сындыруды», мекеменің инфрақұрылымын стандарттарға сәйкестендіруді және логистиканы жетілдіруді білдіреді), онда орнатылған «режимнің» ыдырауына бір жыл жеткілікті. Қамалғандардың тамақтануы мен басқа да қажеттіліктеріне қаражат жетпеген жағдайда – жаппай бағынбаушылық орын алады; ал қызметкерлердің жұмыс ақысын уақытылы төленбей, қызметтік міндеттерін орындауға қажетті жабдықтарға қаражат толығымен бөлінбеген бойда – коррупция қызметкерлердің өміріне тез және кеңінен енеді.
«режимді» зонаның
Барак ішінде «ешкілер» көмегімен саяси тұтқынның қасына сотталған «мужиктерді» жақындатпай оның айналасында ақпараттық блокада жасалған «режимді» зонаның барып тұрған абсурдын көрмейді деп ойлаймын осы мәтінді оқып отырған қоғамшылдар.
«Режимді» зонаға тән осындай сұмдықтар мен нақұрыстықтарын: әскери парадтарда маршпен сап түзіп жүрген зектерді; режимді зонада міндеттелген, бір-біріне қарсы «баянат»-құпия арызды жазып жүрген зектерді; бір-біріне «сіз» деп және тегімен – «сотталған Иванов», «сотталған Ахметов» деп хабарласатын зектерді – енді көрмейтін шығар деп ойлаймын. «Режімді» зонаға барғаннан кейін, бұл мекемелер сорақы әскери ережелерін орнатылған психиатриялық ауруханаға «жындыханаға» ұқсайды деп айта аламын. Жоғарыда жазғанымдай, қамауда болғанымда мені ұрып-соққан жоқ, айналамдағы басқа сотталғандармен қарым-қатынасым «активист»-«ешкілердің» ықпалымен минимумға қысқыртылды. Әкімшіліктің осы ерікті көмекшілері «режим» кезінде ҚАЖК қызметкерлерінің толық бақылауында болғандықтан маған ешқандай физикалық шабуыл жасалынған жоқ, дегенмен олар мұны қуана-қуана жасар еді.
Қазақстан зоналарында «мужиктерге» сай емес сипаттамаларға ие – мысалы айналасындағы массаға ықпал етуге тырысатын және лидерлік позицицияларға ұмтылатын – сотталғандар бар. Бұл қылмыстық әлемнің өкілдері және әртүрлі исламдық ағымдардың өкілдері, мысалы, терроризмді насихаттау және экстремистік топтың қызметіне қатысу сияқты ҚР ҚК баптары бойынша сотталғандар – «намазхандар».
Әдетте, қылмыс әлемнің өкілдері кәсіби және жүйелі қылмыстық әрекет үшін сотталады. Қазақстан зоналарында «ұрылар идеологиясының», атап айтқанда, «заңдағы ұрылардың» әсері іс жүзінде жойылды. Бірақ «ұрылар идеологиясының» кейбір сарқыншақтары мен тамтықтары қалып қойды, мысалы ескі түрме сленг кеңінен қолдануы мүмкін. Кейбір сотталғандар әлі де бұрынғы көзқарастарды ұстанады. Мысалы, кейбіреулер мемлекеттік органдарға шағымдар, өтініштер жазуды немесе куәлік беруді қолайсыз деп санайды; тағы біреулері қамалғандардың ерікті ұйымдарына қосылуды ұят деп санайды; ал басқалары ешқандай жағдайда «обиженныйларға» қолдарын тігізбейді. Демек, көп жағдайда бұл тек сыртқы көрініс, «понятияларды» берік ұстану жоқ. Шамамен 15-20 жыл бұрын, бастапқы капиталдың жинақтаудың қайнап тұрған кезеңінде, зоналардағы жағдай өз бетінше жіберілген кезде, бір көп көрген арестанттың айтуынша «менттердің де, ұрылардың да тәртібі болған жоқ».
Бұндай зоналарда джунгли заңымен өмір сүрген: кімнің күші көп соныкі дұрыс. Бірақ, 2014-2017 жылдарында, зоналардың жойқын «сындыруы» орын алды, оның барысында барлығына – «мужиктерге», «блатнойларға» және «намазхандарға» – әкелерін танытты. Осыдан кейін зоналардың тұрғындары, әсіресе лидерлік позицицияларға ұмтылатындар, «мемлекеттің әрқашан бір оқ артық» екенін түсініп, (1) түрме әкімшілігімен «қызметтік байланыстарын» сақтау; (2) елеулі келіспеушіліктер туындаған жағдайда ҚАЖК айтқанына көну; (3) зоналардағы барлық сотталағандардың арасында бейбіт қатар өмір сүруді – симбиозді орнатуға ұмтылу қажеттілігін ұқты. Мұны біле отырып, ықтимал саяси тұтқын басқа сотталғандармен өзара әрекеттесу кезінде оңтайлы стратегияны таңдай алады деп ойлаймын.
Сонымен, карантиннен кейін зона әкімшілігі сіздің ісіңізді зерттеп, лидерлік топтардың өкілдерімен сөйлесіп, сізді қай баракқа жіберуді шешті. Сіз барагыңызға барасыз, сізге шконкаңызды көрсетеді, содан кейін, мүмкін баракты қарайтын «смотрящиймен» және басқа сотталғандармен әңгімелесерсіз. Өзіңізді қысылмай, абыроймен ұстаңыз, өзіңіз туралы, түрмеге дейін қалай өмір сүргеніңіз, не істегеніңіз туралы айтып беріңіз, қылмыстық ісіңіздің егжей-тегжейлерімен бөлісуіңізге болады. Әрине, ештеңені ойдан шығарудың немесе безендірудің қажеті жоқ. Егер кей сұрақтарға жауабыңыз болмаса немесе айтып беруге қиналсаңыз, бұны жасырмай солай айтыңыз. Егер сіз ұзақ уақыт бойы қоғамшыл болсаңыз, сіз туралы естіген сотталғандар болуы мүмкін. Егер баракқа келген уақытта осы зонадағы погон таққан және татуировкалары бар «кәсіпкерлердің» әртүрлі заңсыз бизнес түрлерін бірлесіп «құрғанын» түсінген болсаңыз, менің ойымша, мұндай жағдайларда алдын ала, анық және бірмағыналы түрде мынаны айту орынды болар: сіз ешқандай заң бұзушылықпен байланысты болғыңыз келмейді; сіз заң талаптарын сақтауға шақырғаныңыз үшін авторитарлық мемлекетімен сотталғансыз. Дұрыс сөздерді табуға тырысыңыз, әңгімеге қатысып отырғандарға жеткізуге тырысыңыз: сіз басқалардың ісіне араласқыңыз келмейтінін, бірақ ешкімді өз ісіңізге кіргізбейсіз. Бұл, ешкім, ешқандай қылмыстық схемаларға сізді тартуды ойламауы үшін керек; және біреудің құпияларын ашуға қатысыңыз бар деген күдіктерді болдырмау үшін қажет.
Содан кейін, ескі дәстүр бойынша, баракты қарайтын «смотрящийге» жақын біреу сізге барак немесе тіпті бүкіл мекеме ішінде экскурсия жасау мүмкін, зона қалай ұйымдастырылғанын, кім қайда тұратынын, не қайда екенін түсіндіру үшін (баяғы заманда жаңадан келген зек осыдан кейін қателіктер жібермеу үшін жеткілікті түрде хабардар болады деп есептелген). Содан кейін сізге «семья» немесе «семейкаға» қосылуды ұсыну әбден мүмкін, бұл тамақтанатын, тамақ пісіретін, тамақ пен қажетті заттарды бөлісетін және күнделікті қажеттіліктерде бір-бірін қолдайтын сотталғандардың шағын тобы. Әдетте, қазіргі кезде «семья» мүшелері аталған міндеттерден тысқары шықпайды. Зонада «семьяның» болуы айтарлықтай пайдалы құбылыс, себебі әртүрлі себептермен кейбір сотталғандар туыстарынан қолдау ала алмайды – кейбіреулері басқа қалалардың тұрғындары, кейбіреулері шетелдіктер, кейбіреулері жетімдер. Дегенмен, осужденный «семьяда» тұрмауды таңдауы мүмкін; бұл оның құқығы. Айтпақшы, ҚАЖК ережелері сотталғандардың мұндай бейресми бірлестіктерін құруға тыйым салады.
Зоналарда әртүрлі тағдырлы жүздеген адамдар бар, олардың ішінде отбасыларынан ешқандай көмек алмайтын сондықтан тіпті темекі сатып ала алмайтындар да бар. Осындай адамдардың кейбіреулері барактарды жинап тазалауға өз еркімен келіседі, әріне оларға осы жұмыс үшін белгілі бір ақы төлеу керек. Мұндай адамдарды бүгінгі зоналарда кездестіру абден мүмкін. Әдетте, тазалау жұмысы үшін ақы көлемін белгілеуі ортақ шешіммен қабылданады. Содан кейін барак тұрғындары мезгіл-мезгіл мекеме дүкенінен сол адамдарға темекі, азық-түлік және басқа да заттарды сатып алады. Дегенмен, ҚАЖК ережелері мұндай тазалау қызметтерін көрсетуге де, сол үшін ақы төлеуге де тыйым салады. Соған қарамастан, барактарда барлық сотталғандардың күшімен кейде жалпы тазалау жұмыстарын жүргізеді.
Намаз оқитын саяси тұтқындарды басынан бастап мұсылман қауымдастығы қорғауына алады деп ойлаймын. Ислам қағидаларына сәйкес, діндарлар шеңберін кеңейту тақуалық іс болғандықтан, этникалық тиістілігіңізге қарамастан сізге намаз оқу ұсынылуы әбден мүмкін. Дін – жеке мәселе, сондықтан қандай шешім қабылдайтыңызды өзіңіз біліңіз. Мені 2016 жылы Атырау ТИЗОсында, содан кейін зоналарда бірнеше рет намаз оқуды ұсынған. Мұсылмандарға былай түсіндіретін едім: азаматтық белсенді болғандықтан, кем дегенде өмірімнің осы сатысында мен үшін адамдардың өмірін реттейтін ең құнды мәтін – ҚР Конституциясы. Атазаңда дін мемлекеттен бөлек деп көрсетілген, сондықтан диссонанс пен ішкі конфликтке жол бермеу үшін діни рәсімдерді орындай алмаймын деп, түсіндіруімді жалғастыратын едім (мұнда қос кетейін – кем дегенде ҚР демократиялық институттар орнағанға дейін). Осы сөздеріме жауап ретінде діни көзқарастары үшін сотталған бір зек былай деді: «Біздің қасиетті кітабымыз Құран ешқашан өзгертілмейді, ал сенің конституцияңды Назарбаев дәретхана қағазына айналдырды». Оған жауап бере алмадым, бірақ бұл ұстанымымды өзгерткен жоқ. Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясын қорғайтындар бар екенін саяси тұтқындар өз әрекеттерімен көрсетеді деп үміттенемін.
Жоғарыда жазып өткенмін, шектелген бөлмелерде әртүрлі деңгейдегі жанжал, ұрыс-керіс, конфликттерді болдырмау мүмкін емес. Егер конфликттің эскалациясы басталып кетсе, егер мәселені бейбіт жолмен шешу туралы ұсынысыңыздан кейін сізді итермелесе немесе соққыласа, онда төбелесіп кетуге рекомендация беремін. Демек, төбелесті тоқтатуға тырысатын адамдар табылады деп ойлаймын; содан кейін сол күні, кешке, бүкіл барак оқиғаны талқылау үшін жиналатын шығар. Осы «жалпы жиналыста» басынан аяғына дейін қалай болғаны туралы айтыңыз. Адекватті адамдар зоналарда да бар, егер сіздікі дұрыс болса, олар сіздің жағыңызда болады. Ал мотивсыз агрессияны көрсеткен «бұқа» «Ш» дәруменін – шапалақты алуы мүмкін.
Тағы да еске сала кетейін – осындай жағдайлардың 90%, қоғамдық белсенділерге бағытталған қорқыту, қоқан-лоққылар (тіпті төбелеспен аяқталатындары да) мекеме әкімшілігі немесе ҰҚК-нің кураторлары тарапынан әдейі ұйымдастырылады. Жалпы, егер сіз басқа адамдардың істеріне араласпасаңыз, ешкім сіздің ісіңізге араласпайды деп айтуға болады.
Мүмкін, сізді, коррупциясы жоғарыда көрсетілген ақпараттағыдай бірдей деңгейде кірген зонаға апарып қамайды. БАҚ сүреттегендей осындай ситуацияларда сотталғандар да, мемлекеттік органдардың өкілдері де ақша тауып жатқанын түсіну қиын емес. Бұл жағдайда ең маңызды рекомендация – ешқашан, ешқандай жағдайда еш жеңілдіктер үшін, қандай да бір қылмыстық кәсіпкерлікке қатыспаңыз. Түрлі жасырын казинолар мен қылмыстық колл-центрлер көзден таса жерде орналасады; сіз олар туралы естіп қалуыңыз мүмкін немесе олардың бар екенін түсініп қалуыңыз мүмкін, бірақ оларды көруіңіз екіталай. Зонадағы погон таққан және татуировкасы бар «кәсіпкерлер» не істесе де, сіз барагыңызда өз өміріңізді сүре аласыз. Арнайы мемлекеттік органдар заңсыз бизнес пен алаяқтықпен өздері күрессін.
Есть сведения что на некоторых зонах, администрация организовывает своеобразные «шелтеры» для тех осужденных которые не смогли ужиться в общих бараках или подверглись каким-либо угрозам (не путать с «безопасным местом» которое предусмотрено УИК РК). «Шелтеры» как рассказывали мне располагали где ни будь на изолированном от «жилки» участке. Не думаю, что жизнь в таком «шелтере» в отрыве от общей массы оптимальный выход, но решать вам.
Кейбір зоналарда әкімшіліктер жәй барактарда тіл табыспағандар немесе қауіп-қатерге ұшыраған сотталғандар үшін «шелтерлерді» ұйымдастырып жатқаны туралы мәлімет бар (ҚР ҚАКте көзделген «қауіпсіз орын» емес). «Шелтерлер» «жилкадан» оқшауланған жерде орналастырылады деп айтқан. Жалпы массадан оқшауланған мұндай «шелтердегі» өмір оңтайлы лаж деп ойламаймын, бірақ бұны өзіңіз шешіңіз.
17. Ықтимал саяси тұтқынның туыстарына кеңестер
Қоғамшылдардың кейбір туыстары олардың көзқарастарын қолдайды, кейбіреулері Тоқаевты қолдайды, кейбіреулері қазіргі билікті құрметтемеуі де мүмкін, бірақ саяси тұтқындардың өзін-өзі құрбан етуі бекер және ешкімге пайдасы жоқ деп санайды. Жақсы болар еді, егер осындай бастапқы шарттарда туыстары саяси тұтқынға деген сүйіспеншілік сезінсе, жаманы, тағдырына немқұрайлы қарап, оны ұмыта қалатыны. Рекомендацияларым саяси тұтқын жақын туысы болғандықтан оған сүйіспеншілік сезімге негізделген қолдау жасайтындарға арналады – ана-әке, бауырлары, жұбайларына.
Алдымен қорқынышты жеңуге тырысыңыз. Сіз оны жеңе аласыз, бәлкім бұл зонаға жақыныңызбен алғаш рет кездесуге барғаннан кейін орын алар. Адам баласы зоналарда да тұратынына және туыстарына қолдау көрсетуге келетін көптеген аналар, бауырлар, жұбайлар бар екеніне көзіңіз әбден жеткеннен кейін.
Екіншіден, ой-пікіріңізді жинақтаңыз, қалыптасқан ситуацияны талқылау үшін отбасылық жиналыс өткізіп қараңыз. Критикалық жағдайда ең жақсысы – әрекет ету. Әрекет – күрес, ал күресу арқылы организміңіз мобилизацияланып, белсенді болады. Бұл сіздің психикалық және психологиялық жағдайыңызға оң әсер етеді.
Үшіншіден, адам құқықтары ұйымдарымен, азаматтық қоғам белсенділерімен, БАҚ-пен және дипломатиялық миссиялармен байланыс орнатыңыз. Дөңгелекті қайта ойлап табудың қажеті жоқ. Туысыңыз еліміздегі саяси тұтқындардың біріншісі емес және өкінішке орай, соңғысы болмайды. Саяси тұтқындарды қолдауда айтарлықтай тәжірибе жинақталған; оны тек ақылмен қолдану керек.
Төртіншіден, туысыңызды ұзақ уақыт бойы қолдауға дайындалыңыз. Бірақ үмітіңізді үзбеңіз – уақыт тез өтеді, ал қамау мерзімі ірзенкідей созылмайды. Бұған қоса, саяси тұтқын шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш беруге құқылы. Өзіңізді абыроймен ұстаңыз. Жақыныңыз ұры немесе парақор емес; ол жүз жылдан астам уақыт бойы құлдықты еңгізгелі жатқан, азаттықсыз елде тұратын батыл және еркін тұлға. Түрлі назарбаевтар-тоқаевтар және олардың жандайшаптары ешқашан қылмыстары мен күнәларынан арыла алмайды, ал сіздің туысыңыз тарихта халық құқықтары үшін күрескер ретінде қалады.
Сондықтан, туысыңызға әсер етуі мүмкін қандай да маңызды әрекет жасамас бұрын, онымен ақылдасыңыз. Мемлекеттік органдарға ешқашан зар жылап кешірім сұрап өтініш жазбаңыз. Егер туысыңыз ұсталып, арестке алынғаннан кейін бірден не істеу керектігін білмесеңіз, ештеңе істемегеніңіз жөн. Қоғамшылды ұстап, қамауға алу туралы бұйрықты орындағаннан кейін, ІІМ, ҰҚК барлығын бақылауда ұстаймыз деп пайымдап, тынышталады. Екі-үш күн ішінде оқиғалар қалыпты бағытқа жақын арнаға түседі.
Бірақ туысыңыз қай ТИЗОда екенін білген бойда, адам құқықтарың қорғау ұйымдарына хабарлаңыз; олар сізге әрі қарай не істеу керектігі туралы кеңес береді. ҚХАҚБ (КМБПЧ), «Қадир-Қасиет» ҚБ және «Халықаралық құқықтық бастама» ҚҚ секілді ұйымдармен байланысуды ұсынамын. Саяси тұтқындардың өте резонансты аресттерінен кейін журналистер сізден сұхбат сұрап, оқиғаларға комментарий беруді өтінеді. Қайталап жіберейін, алдын ала туысыңызбен (саяси тұтқынмен) нені, қалай және қандай тонда комментарий беру керектігін ақылдасқаныңыз дұрыс. Егер дұрыс сөздерді табу қиын болады деп ойласаңыз, онда баспасөзбен сөйлеспегеніңіз жөн. Егер сізге туысыңызбен кездесуге мүмкіншілік бермейтін болса — авторитарлық мемлекет органдары бұған көптеген кедергілер ойлап табады — баспасөзге ең жақсы комментарий осы болады: «Менің туысым ақпараттық блокадада, онымен кездесуді талап етемін». Сондай-ақ, саяси тұтқындардың өте резонансты аресттерінен кейін түрлі алаяқтар шыға бастайды; мысалы, олар жақын бауырлары атынан ақша жинай бастауы мүмкін.
Егер адвокат жалдауға, зонаға апаратын азық-түлік және басқа да керек-жарақтарды сатып алуға немесе саяси тұтқынға бару үшін төленетін жолақы сомасына жеткілікті қаражат болса, сіз баспасөз арқылы ақша жинамайтыныңызды және ешкімге бұған рұқсат бермегеніңізді дереу хабарлауыңыз жөн. Егер де, туысыңызды қолдау үшін қаржы қажет болса, банк шотыңыздың нөмірін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы мүмкіндігінше тезірек жариялаңыз. Адвокаттарды жалдауға қатысты адам құқықтары ұйымдарына хабарласыңыз; олар қаржыландырудың кем дегенде шығындардың бір бөлігін жабу үшін қамтамасыз ете алады.
Егер туысыңыз арестке дейін сізді қоғамдық жұмыстағы жақын әріптестерімен таныстырмаса, қоғамшылмын деп таныстырып көмек пен қолдау ұсынатын кез келген адамнан сақ болыңыз. Олардың арасында алаяқтар мен арандатушылар болуы мүмкін. Саяси тұтқын жеке кездескенде кімнің кім екенін өзі айтады.
Жоғарыда айтылғандай, қоғамшылдың арестке алынуы туыс-тумалары үшін шок болады, бұл көбін паникаға ұшыратады, мұны авторитарлық мемлекеттің органдары пайдаланады. Мысалы, ҰҚК қылмыстық ісім бойынша куәгер ретінде туған әпкемді жауап алуға шақырды. Біраз уақыттан кейін ғана тергеушілердің заңсыз әрекеті белгілі болды, өйткені Конституцияға сәйкес, ҚР азаматтары жақын туыстарына қарсы куәлік бермеуге құқылы. Мұны біліп жүріңіз, сізден куәлікті талап ететіндерге көзге көрінбеңдер деп айтыңыз. Сонымен қатар, заңнамаға сай, қылмыстық іс бойнша күдікті арестке алынған сәттен бастап жақын туыстары оның қорғаушысы ретінде әрекет ете алады. Бұл үшін тергеушінің қаулысы қажет, демек ол бұл құжатты дайындауды түрлі жолмен кешіктіруге тырысады. Бұл жағдайда прокуратураға шағым түсіріп, БАҚ арқылы шу шығарыңыз. Қорғаушы ретіндегі ресми мәртебеге ие болу жақын туыстарына күдіктілер мен айыпталушылармен кездесу үшін ТИЗОға кіруге мүмкіндік береді. Егер туысыңыз арестке дейін сізге сенімхатты нотариалды түрде куәландырған болса, бұл жақсы болар еді. Егер олай болмаса, ол ТИЗОда болған кезде мұны мүмкіндігінше тезірек жасауға тырысыңыз. Бұл оған көмек көрсетуді жеңілдетеді.
Егер туысыңызды қолдау үшін елеулі әрекеттерді жасауды шешсеңіз, онда қоғамдық жұмысқа қатысыңыз. Бастау үшін, туысыңыздың зоналас қамалғандардың туыстарымен қарым-қатынастарды орнатып көріңіз. Қамалғандардың туыстарының желілік структураларына кірсеңіз, бұрыннан істеген және түрлі шектеулер мен тыйымдарға қарамастан жұмыс істей беретін «арестанттық поштаны» пайдалану мүмкіншілігіне қол жеткізесіз.
Также вы можете организовать что-то вроде «родительского комитета» учреждения в котором находится ваш родной человек, необходимые для этого документы помогут собрать правозащитные организации, так вы сможете напрямую выходить на администрацию КУИС. Сондай-ақ, туысыңыз орналасқан мекемеде «ата-аналар комитеті» сияқтыны ұйымдастыра аласыз. Адам құқықтарын қорғайтын ұйымдар қажетті құжаттарды жинауға көмектесе алады, және тікелей ҚАЖК әкімшіліген шықсаңызда болады.
Егер туысыңыздың саяси көзқарастарын қолдамасаңыз, бұл жәйтке көп мән бермеңіз, әлеуметтік желілерде жазудың немесе журналистерге айтудын қажет жоқ. Екібастан – туысыңыздан билікке кінәсін мойындайтын арыздарды немесе тәубе хаттарын жіберуді, оның қоғамдық жұмыстан бас тартуды сұрамаңыз. Егер сіз оның көзқарастарын қолдамасаңыз, онда тек туыстық қолдан келетін жәрдем түрлерімен шектегеніңіз жөн болар – сәлемдемелер жіберу, мекемедегі жеке шотқа қаржылай көмек салу, телефон қоңырауларына жауап беру және хат жазу. Және, ұзақ кездесулерге бармағаныңыз жөн шығар – саяси тұтқынға қонақ бөлмесіндегі даулар, қақтығыстар және драмалық сценалар қажет емес.
Если вы опасаетесь, что не сможете сдержать себя будучи на длительном свидании, то лучше ограничиться короткой встречей, законодательство это позволяет – зайти в комнату для свиданий на два часа чтоб обнять родного человека, выпить чай и уйти. Либо поговорить с политзеком через стекло на коротком свидании. Егер ұзақ кездесу кезінде өзіңізді ұстай алмаймын деп алаңдасаңыз, онда қысқа кездесумен қанағаттанғаныңыз жөн. Заңнамада бұған рұқсат бар — екі сағатқа қонақ бөлмесіне кіріп, туысыңызды құшақтап, шай ішіп, кетіп қалуға болады. Немесе қысқа кездесу кезінде әйнек артында отырған саяси тұтқынмен сөйлесуге болады.
. . . . . . . . . .
Қорытындылай келе, мынаны айтайын: түрменің еш қызығы жоқ; жазасын өтеу-өтемеуді қоғамшыл өзі шешу керек. Бірақ егер абақтыға түсіп қалсаңыз, ең бастысы – қорықпаңыз! Күресті жалғастыру үшін сіз физикалық, психикалық және рухани тұрғыдан сау болып шығуыңыз керек (бүкіл әлемге ыза болмай). Біздің жағдайымызда өте қиын болса да зона мен түрмеде ҚР Конституциясына сай өмір сүруге тырысыңыз. Қамалу мерзімінің соңына дейінгі күндерді санамаңыз, бұл сіздің жүйке жүйеңізге теріс әсер етеді, ал срок шексіз емес – ақыры келді.
Норвегия Хельсинки комитетінің гранттық қолдауымен.
–
