• Басты
  • >
  • Қазақстан Республикасында азаптауларды алдын алу мәселелері бойынша мониторинг жүргізіп, адвокациямен айналысатын азаматтық қоғам ұйымдарының позициясы

Қазақстан Республикасында азаптауларды алдын алу мәселелері бойынша мониторинг жүргізіп, адвокациямен айналысатын азаматтық қоғам ұйымдарының позициясы

16.05.2025

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰ-ның азаптаулар мәселесі жөніндегі арнайы баяндаушысының жарияланған ақпаратқа қатысты пікіріне жауап ретінде Құқық қорғау ұйымдарының мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің БҰҰ-ның азаптаулар мен басқа да қатыгез, адами қадір-қасиетті қорлайтын жазалау түрлеріне қатысты арнайы баяндамашысының сұрақтарына жауап ретінде жарияланған пікіріне азаматтық қоғам ұйымдары, оның ішінде Азаптауға қарсы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) Коалициясының мүшелері өкініш пен алаңдаушылық білдіреді.

Мына жайттарды атап өтуді қажет деп санаймыз:

1. Жарияланған құжаттың сипаты

Жарияланған ақпарат «баяндама» немесе халықаралық құрылымдардың ресми мәлімдемесі болып саналмайды. Бұл — БҰҰ-ның арнайы рәсімдері аясында мемлекеттер мен мүдделі тараптардан жиналған деректер мен пікірлер. Мұндай сұраулар тек мемлекеттерге ғана емес, азаматтық қоғам өкілдеріне де жіберіледі және үшінші тараптың, оның ішінде халықаралық донорлардың қатысуын немесе мақұлдауын талап етпейді. Баяндамалардан айырмашылығы, мұндай сұрауларға жауаптар хабарламалар немесе ақпарат түрінде беріледі, онда азаматтық қоғам ұйымдарының және тәуелсіз сарапшылардың деректері мен бағалаулары қамтылады.

2. Халықаралық ұйымдардың рөлі

Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ өкілдігінің бұл жарияланымды «қолдауы» туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Жарияланған ақпаратта ЕО өкілдігінің қатысуы немесе қаржыландыруы туралы ешқандай мәлімет жоқ.

Керісінше, БҰҰ-ның арнайы рәсімдері мен шартты органдарының ережелеріне сәйкес, мұндай ақпарат тек азаматтық қоғам ұйымдарының атынан ғана жиналады және жіберіледі. Азаптауға қарсы ҮЕҰ Коалициясының мүшелері, басқа да құқық қорғау ұйымдары сияқты, өздерінің күнделікті қызметі барысында халықаралық стандарттарды ілгерілету мақсатында ақпарат жинап, өз ұстанымдарын қалыптастырады.

3. Ұсынылған ақпараттың дұрыстығы мен өзектілігі

Ақпарат авторларының жыл сайын бірдей деректерді қайталап, тек теріс пікірлер мен бағалаулар ұсынатыны туралы мәлімдеме шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстан Республикасының азаптаулар мен басқа да қатыгез, адамдық қадір-қасиетін қорлайтын немесе жазалау түрлеріне қатысты құқықты сақтау мәселесіне арналған азаматтық қоғам ұйымдарының баяндамалары мен хабарламаларын қарау жеткілікті.

Бұл баяндамалар мен хабарламаларда мемлекет тарапынан қабылданған барлық оң қадамдар атап өтілген. Мысалы, 2003 жылы өлім жазасына мораторий енгізу, 2014 жылы қылмыстық заңнамадан өлім жазасын қарастыратын баптарды қысқарту, 2022 жылы өлім жазасын қылмыстық заңнамадан және Қазақстан Республикасының Конституциясынан алып тастау және Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасын ратификациялау — бұл заңнаманы халықаралық стандарттарға жақындатуда үлкен жетістік болды.

Бұдан басқа, 1998 жылы Қазақстанның Азаптауға қарсы БҰҰ Конвенциясын ратификациялауынан кейін тәуелсіз бақылау жүйесінің құрылуы, 2004 жылы қылмыстық-атқару жүйесінің Ішкі істер министрлігінен Әділет министрлігіне берілуі, 2008 жылы Факультативтік хаттаманы ратификациялау арқылы Ұлттық алдын алу механизміне көшу сияқты оң қадамдар атап өтілген.

Дегенмен, бұл оң қадамдарды мемлекет те атап өтеді, бірақ мәселелер мен кемшіліктер туралы әлдеқайда аз айтады. Ал құқық қорғау ұйымдары, сондай-ақ ұлттық адам құқықтары жөніндегі мекемелер мемлекеттік органдардан ерекшеленіп, оң қадамдарды атап өтумен қатар, нақты мәселелерге назар аударады.

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының рөлі маңызды болып табылады, оның Ұлттық алдын алу механизмі Координациялық кеңесінің төрағасы болуы да ерекше мәнге ие. Осыған байланысты біз Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтын:

– халықаралық өзара іс-қимыл стандарттарын құрметтеуге;

– азаматтық қоғаммен конструктивті диалог жүргізуге;

– пікірталастарда өзара құрмет пен конструктивті тонды сақтауға шақырамыз.

Қол қойғандар:

«Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросы», Қоғамдық бірлестік

Сергей Молчанов, “Doktor S.N.” Қоғамдық қорының директоры

Александр Данчев, “Equal rights” ҚБ директоры, “Мұқалмас” РҚБ СҚО филиалының жетекшісі, Азаптауға қарсы ҮЕҰ коалициясының және құқыққорғаушылар мен азаматтық белсенділердің қауіпсіздігі жөніндегі коалиция мүшесі

Марианна Гурина, “Ұлағатты Жанұя” ҚҚ

«Аман-саулық» Қоғамдық қоры

Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы «АРОК»

«Қазақстанның балалар қоры» Қоғамдық қоры

Қазақстандық халықаралық құқықтық ынтымақтастық қоры

«Қылмыстық реформаны және адам құқықтарын бақылау комитеті» Қоғамдық қоры, Светлана Ковлягина

«Қызылорда облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы» Қоғамдық бірлестік, Серік Теңізбаев

«Халықаралық Құқықтық Бастама»

Халықаралық журналистика орталығы MediaNet

«Мейірім» ҚБ (Ақтау)

Алексей Божков, құқық қорғаушы

«IT.KZ» Қоғамдық қоры, Олжас Сыздыков

«Қазақстандағы дағдарыс орталықтары одағы», Заңды тұлғалар бірлестігі

«Талдықорған адам құқықтарын қорғау орталығы» Қоғамдық бірлестік

«Талдықорған әйелдерді қолдау өңірлік орталығы» Қоғамдық бірлестік

Қазақстандық феминистік бастама «Феминита», Жанар Секербаева, Гүлзада Сержан, теңқұрушылары

Данил Шемратов, журналист

Алина Орлова, «Әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ төрайымы

Құқықтық саясатты зерттеу орталығы

Гүлжахан Абдулаева, реаниматолог-анестезиолог дәрігер

Гүлнұра Идигеева, құқық қорғаушы, Ақтөбе қаласы

Nomad Rights, Алишер Қожагұлов, құқық қорғаушы

Қойшыбек Мұбарак, журналист

Юлия Проняева, психолог

Гаухар Сәлімбаева, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты

Айгүл Шакибаева, «Ерекше баланың құқығы» бастамасы

Инара Масанова, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

Айжан Дарибаева, адвокат

Светлана Жукова, Қостанай облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

Аманжол Мұхамедьяров, Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты

Лейла Рамазанова, АҚКА адвокаты

Жалғас Сапарханова, АҚКА адвокаты, серіктес

Жанар Сүндетқалиева, Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

Руслан Шерубаев, Шығыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты

Мұрат Адам, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты

Бақытжан Төреғожина, «Ар.Рух.Хақ» ҚҚ

Инга Иманбай, заңгер

«Еркіндік Қанаты» ҚҚ теңқұрушысы Реймер Р.Е.

«Құқықтық медиа-орталық» ҚҚ

Ирина Медникова, Қазақстан Жастар ақпараттық қызметінің теңқұрушысы

Татьяна Чернобиль, Коалиция сарапшысы

Гүлнара Тұрғынова, дәрігер, заңгер

Әйелдердің құқықтық бастамалары орталығы «Сана Сезiм»