• Басты
  • >
  • "НеМолчи" қорының жетекшісі желіде Салтанат Нүкенованы қолдап флешмоб бастады

“НеМолчи” қорының жетекшісі желіде Салтанат Нүкенованы қолдап флешмоб бастады

02.04.2024

Қуандық Бишімбаев адвокаттарының сотта «Салтанат Нүкенова күйеуімен бірге бірнеше бөтелке шарап ішті» деген мәлімдемесіне желі қолданушылары ерекше назар аударды. Осыған байланысты «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Смайлова флешмоб бастады. Оны жүздеген әйелдер мен қыз-келіншектер қолдап, қолдарына бокал ұстап, «Менің шарап ұстап тұрғанымды көрсеңіз, мені өлтіріп тастауға болады деген сөз емес» деп жазып, пост жариялауда. 

Қуандық Бишімбаевтың ісін бір сәтте, тікелей эфирде ондаған мың адам көруде.

Экс-ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа «әйелі Салтанат Нүкенованы асқан қатыгездікпен өлтірді» деген айып тағылған. Сот алқабилердің қатысуымен 27 наурызда басталған.