• Басты
  • >
  • Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үйінде тінту жүріп жатыр

Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің үйінде тінту жүріп жатыр

09.06.2023

Журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, тінту Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен ҚР ҚК 258-бабының 1-бөлігі «экстремизмді қаржыландыру» бойынша қозғалған іс аясында жүргізілген. Ол «қорғалуға құқығы бар куәгер» деп танылған.

Бұған дейін Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен ҚК 405- бабы «тыйым салынған ұйымның ісіне жаласу» бойынша іс қозғалған болатын. Ол 28 мамырда «бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды» деген айыппен 25 тәулікке қамалған. Бұл оның 19 наурызда өткен парламент сайлауынан бері төртінші рет қамалуы. Бұған дейін бір рет 15 тәулікке, екі рет 25 тәулікке қамалған. 

Журналист он күннен бері изоляторда сот шешіміне қарсы аштық жариялап жатыр. Бұған дейін журналистің әкесі Алмаз Тілепов ұлын қолдап, Іле аудандық прокуратурасының алдында аштық жариялаған. Бірақ денсаулығына байланысты аштықты тоқтатуға мәжбүр болған. 

«Не дейді?» You Tube арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім билікті қатаң сынайды. Ол 19 наурызда өткен парламент мәжілісі сайлауында өзін-өзі ұсынып, өтпей қалған. 


Сондай-ақ қараңыз