• Басты
  • >
  • «Билік азаматтардың бейбіт жиын бостандығын шектейді»

«Билік азаматтардың бейбіт жиын бостандығын шектейді»

26.04.2018

Мониторингтік зерттеу аталған құқықты толықтай қамтитын бірнеше бөлімнен тұрады. Олар: Кіріспе; Заң; Зерттеудің жалпы көрсеткіштері; Азаматтық белсенділіктің динамикасы; Бейбіт шерулер сипаты; Бейбіт жиындар формасы; Бейбіт жиын өткізу кезінде азаматтардың заңға жүгінуі; Әкімшілік, полиция және покуратура көзқарасы; Полиция қатысуы; Бейбіт жиын қатысушалырын ұстау; Бейбіт жиын қатысушыларын соттау; Жалпы статистка.

Саяси ұйымдар тарапынан белсенділік төмендеп, әлеуметтік тақырыптағы стихиялық қарсылық саны бойынша статистика артқан. Қарсылық формасы ретінде жария суицид саны артып, нашар тенденция бақыланады. Жалпы алғанда азаматтардың бейбіт түрде пікір білдіру, жиналу бостандығына еркіндік шектеулі.

Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі бюро аталған тақырыптағы мониторингтік зерттеуді 2010 жылдан бері тұрақты жасап келеді. Зерттеу технологиясы мен формасы ерекше, бюро қызметкерлерінің өз еңбегі.

Төменде нақты сандар және басқа да ақпаратпен тіркелген файлды көшіріп алу арлықылы толық таныса аласыздар.

Зерттеуден шығатын жалпылама қорытындыларға келер болсақ. Қазақстан бейбіт шерулер мен жиындар бостандығы бойынша өзінің мойнына алған жауапкершілігін өрескел бұзып отыр. Мемлекеттің заңнамасы да хаықаралық стандарттардан әлде қайда артта қалған. Мәселен, Қазақстан заңнамасы бойынша жергілікті мәслихат шешімі бойынша белгіленген орында ғана бейбіт жиын өткізуге болады. Бұл адам құқығын өрескел бұзу және БҰҰ саяси және азаматтық құқық декларациясына қайшы. Оған қарамастан, көптеген бейбіт жиын қатысушылары «ескіліктің қалдығы» болып табылатын біздің заңдарға сай айыпталып, тіпті сотталып жатқан нақты мысалдар жеткілікті.

Бейбіт жиын өткізу үшін құзырлы органдардан рұқсат алу да халықаралық стандарттарға жат. Алайда, дәл осы заң бойынша да бейбіт шерушілерге қарсы ререссиялық әрекеттер көптеп кездеседі.

Бұрін оппозициялық партиялар мен ұйымдар өздерінің жиындары туралы жария ақпарат тарататын болса, оппозициялық алаң толықтай тазарған қазіргі шақта наразылық жиындар болжамға кемейтін, стихиялық сипат алып барады. Бұл тұрақтылық тұрғысынан қауіпті тенденция. Сондықтан, репрессиялық күшпен бейбіт жиындар бостандығын төмендеткен билік, оның арты тұрақтылық үшін қауіпті жағдай екенін түсінуі тиіс.

2016 жылға арналған есепті ОСЫ ЖЕРДЕН (орыс тілінде) және 2017 жылға арналған есепті ОСЫ ЖЕРДЕН (орыс тілінде) көшіріп алуға болады


Пікір үстеу

Сондай-ақ қараңыз